Close Menu
    Оқылып жатыр

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

      06.05.2026

      Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

      05.05.2026

      Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

      05.05.2026

      БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

      05.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026

      Ақтауда 2 жұмысшы тұз қышқылына күйіп қалды

      27.04.2026

      Тоқтаусыз жауын Алматы көшелерін көл қылды

      17.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » «ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР «

    «ӘЛЕУМЕТТІК ЖУРНАЛИСТИКА: БАҚ-ТАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК МӘСЕЛЕЛЕР «

    Ел іші 04.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы, 3 тамыз 2020 жыл — «Түркітілдес журналистер қоры» мен «Шеврон» компаниясы серіктесе отырып, «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбына онлайн семинар-тренингтер сериясын бастайды. 2020 жылдың тамыз-желтоқсан айлары аралығында өтетін 40-қа жуық семинар-тренингке Қазақстанның барлық облыс, қалаларынан 150 журналист қатысады. Түркітілдес журналистер қорының жанынан ашылған Медиа-тренерлер мектебінің қазақстандық және шетелдік мамандары өз тәжірибелерімен кеңінен бөліседі.

    Онлайн семинар-тренингтер барысында Еуропадағы әлеуметтік журналистика және оның стандарттары мен талаптары туралы «Avrupa» Медиа холдинг иесі Ватан Өз (Британия), Анадолы Спорт журналистері ассоциациясының басшысы Ибрахим Ердоған (Түркия), «Sabah» газетінің меншікті тілшісі Ибрахим Таш (Германия), Юсуф Чинал (Бельгия), Тандоған Уйсал (Швеция), Бирол Кылыч (Франция) тәжірибе бөліседі. Отандық мамандар баянадама жасайтын тақырыптар арасында Қазақстан Республикасының «БАҚ туралы» заңы, журналистік этика, әлеуметтік психология және журналистика, әлеуметтік ток-шоу: контент қалыптастыру, әлеуметтік бағдарламаларға сценарий жазу, радиоарнадағы әлеуметтік жаңалықтар, fact-checking, storytelling, podkast, explanatory journalism, crytical thinking, time-managment, networking, social media brand т.б. бар.

    «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ президенті Нәзия Жоямергенқызы: «Шеврон» компаниясымен серіктестік қазақ тілінде жазатын журналистерді кәсіби тұрғыда дамытуға қатысты ойларымызды жүзеге асыруға көмектесті. Осының нәтижесінде біз әлеуметтік мәселелерді қозғауда әлемдік тәжірибеге сүйенуге, журналистикадағы жаһандық үдерістерге ілесіп отыруға және халықаралық серіктестік орнатуға мүмкіндік алдық», — дейді.

    Семинар-тренинг қорытындысы бойынша журналистер өздері басымдық берген әлеуметтік жоба туралы авторлық эссе жариялауы тиіс. Үздік деп танылған 50 автор 2020 жылдың қарашасында Алматы қаласында болатын 2 күндік семинар-тренингке қатысуға жолдама алады. Қатысушылардың шығындары Түркітілдес журналистер қоры тарапынан төленеді. Қазылар алқасы іріктеп алған 5 үздік жеңімпаз 2020 жылы қайтыс болған журналистер – Бейсен Құранбек, Аманхан Әлім, Жолдасбек Дуанабай, Диас Омаров пен Қуандық Шамақайұлы атындағы ескерткіш сыйлықтармен марапатталады. Қазылар алқасының құрамына елімізге танымал журналистер мен «Шеврон» компаниясының өкілдері кіреді. Жеңімпаздардың аты-жөндері Түркітілдес журналситер қорының ресми сайтында жарияланады.

    «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры – Қазақстандағы медиа саласын дамытуға арналған ұйым. 2014 жылдың 11 қарашасында құрылған. Шет мемлекеттер мен Қазақстан аумағында БАҚ өкілдері үшін семинар-тренингтер, вебинарлар, Журналистика курсы, пресс-турлар мен байқаулар ұйымдастырады. Қордың жанынан Медиа-тренерлер мектебі, Жас журналистер мектебі мен Әйел журналистер клубы ашылған. 2016 жылдан бастап «Шерон» корпарациясының медиа саласы бойынша серіктесі.

    «Шеврон» корпорациясы – әлемдегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Шикі мұнай мен табиғи газды геологиялық барлау, өндіру және тасымалдауды жүзеге асырады; көліктік жанар-жағармай материалдарын өңдеу, өткізу және тарату; мұнай-химия өнімдері мен қоспаларын өндіру және сатумен айналысады. Сонымен қатар технологияларды дамытып, қолданады. «Шеврон» Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы және елдің ең ірі екі кен орындары – Теңіз және Қарашығанақтың маңызды үлесіне ие. Корпорация, сонымен қатар, Каспий Құбыр Консорциумының ірі жеке акционері. Бірнеше жылдан бері Атыраудағы полиэтилен құбырлары зауыты мен құбыр арматурасы зауытын басқарып келеді.

    «Түркітілдес журналистер қоры» ҚҚ Баспасөз қызметі,
    mob. phone: + 7 702 958 6533; е-mail: ttjk2014@gmail.com.

    журналистика

    Оқылып жатыр

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026

    Алматыда Шахановқа көше беру мәселесі көтерілуде: петиция жарияланды

    24.04.2026

    Жетімдердің үй кезегі неге жылжымайды: сенаторлар үкіметке сауал жолдады

    23.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Сенатор Зәкіржан Кузиев: Қазақстандағы жердің 75%-ы сорға айналды

    06.05.2026

    Жаңбыршиннің жазбасы: депутат желіге өкпе-ренішке толы пікір жариялады

    05.05.2026

    Адам өмірі қымбат: Ресей мен Украина атысты уақытша тоқтатты

    05.05.2026

    БАӘ ОПЕК-тен шықты: Қазақстан экономикасына әсері қандай?

    05.05.2026

    Өскемендегі Казцинк зауытында жарылыс болды: қаза тапқандар бар

    05.05.2026

    Үш айда 226 адам жемқорлық күдігіне ілінді, залал 4,2 млрд теңге

    05.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.