Close Menu
    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

      03/11/2026

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    Ел іші 04/05/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматы облысының киелі Кеген топырағында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі әншілер мен күйшілердің «Тәңіртау таланттары» атты аймақтық байқауы жоғары деңгейде өтті. Хантәңірі баурайын ән мен күйге бөлеген бұл шара Президент Қ.К. Тоқаевтың аймақтарды рухани қуаттандыру және азаматтық белсенділікті арттыру туралы бастамасы аясында ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Рамазан Стамғазиев

    Байқаудың негізгі мақсаты — Жетісу әншілік және күйшілік мектебінің ірі өкілдері, өмірден ерте кеткен өнер саңлақтарының рухын ұлықтау. Атап айтқанда, ҚР Мәдениет қайраткерлері Жақсылық Мырқаев пен Ерлан Стамғазиев, өнертанушы-зерттеуші Базаралы Мүптекеев және халықаралық лауреат, фольклортанушы Ғалымжан Досанұлының есімдері мен мұралары жас ұрпаққа кеңінен насихатталды.

    Байқаудың қазылар алқасына төрағалық еткен ҚР Халық әртісі Рамазан Стамғазиев шараның маңызына тоқталып өтті.​

    Бас-аяғы 45-ке жуық өнерпаздар келді: әншілер, күйшілер. Әрқайсысы сонау көнеден келе жатқан халық күйлерін, халық әндерін, халық композиторларының, кейінгі заман композиторларының көптеген әндері сахнада шырқалды.

    “Бұл конкурстың негізгі бағыты — жастарға жол ашу, жалпы үлкен өнерге қарай тарту. Сонымен бірге, біздің өзімнің жан досым Ғалымжан Досанов және өзімнің туған інім Ерлан Стамғазиевтің өмірден өткеніне, соларды еске ала жүруіне арналған бір рухтық байқау болатын. Енді қарасам, қазір облыс көлемінде бұл байқау ұлғайды. Сол бауырларымыздың өкшесін басқан жастарды көріп қуанам. Ел аман болсын! Бесігінде ән мен жырға тербелген жастарымыздың қатары көбейгеніне қуанам», — деп атап өтті.

    Өнер додасына Алматы облысының Кеген, Райымбек, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ және Жетісу облысы, Панфилов (Жаркент) аудандарынан іріктелген 45-ке жуық дарынды оқушы қатысты. Үміткерлер екі номинация бойынша бақ сынады:

    Дәстүрлі әнші Нұржан Жанпейісов

    — «Дәстүрлі ән»: Халық әндері мен халық композиторларының, сондай-ақ заманауи авторлардың шығармалары шырқалды.

    — «Дәстүрлі күй»: Жас күйшілер көнеден жеткен күй өнерінің орындаушылық шеберлігін паш етті.

    Байқау тек сахналық өнермен шектелмей, маңызды экологиялық-тәрбиелік шарамен жалғасты. Байқаудың әділ қазылары мен ұйымдастырушылары Кеген ауданында жас көшеттер егіп, «Таланттар аллеясының» негізін қалады. Бұл символикалық қадам — табиғатты аялау мен өнердің мәңгілік өміршеңдігін, өнерпаздар мен көшеттердің бірге бой түзеп, өркен жаюын білдіреді.

    Кеген ауданының әкімі — Нұрбақыт Теңізбаев

    Қазылар алқасының шешімімен ең үздік деп танылған таланттар дәстүрлі өнер саңлақтары атындағы арнайы сыйлықтармен марапатталды:

    — Әншілер үшін: Ғалымжан Досанұлы, Ерлан Стамғазиев және Мәкен Әлиасқаров атындағы жүлделер.
    — Күйшілер үшін: Қожекеұлы Рақыш, Мұқан Нұрсадықов және Базарәлі Мүптекеев атындағы сыйлықтар.

    Ұйымдастырушылар (Алматы облысы Білім басқармасы мен Кеген ауданы әкімдігі) бұл байқауды жыл сайынғы дәстүрге айналдыруды көздеп отыр. Хантәңірі баурайындағы бұл рухани қозғалыс — ұлттық кодты сақтаудың және жас ұрпақты отансүйгіштікке баулудың нақты құралына айналды.

    Кеген өнер байқауы Тәңіртау таланттары

    Оқылып жатыр

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.