Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 12 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын ашу ұсынысын қолдады

    Аймақ басшысы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығын ашу ұсынысын қолдады

    Өңір тынысы 17.06.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік экономиканың қай салаларында белсенді енгізілуде және оның дамуы жолында қандай кедергілер туындауда? Бұл туралы облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен селектрлік кеңесте талқыланды.

    Басқосуға өңір басшысы бейнеконференция режимінде қатысып отырды.

    Өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылуы тиіс 238 жобаның бірыңғай базасы құрылған болатын.

    Айта кетейік, МЖӘ тетіктері денсаулық сақтау, білім беру, спорт, туризм, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік беруде. Тиісінше, халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасы да жақсара түсуде. Мәселен, осы әдіс арқылы №1 қалалық ауруханасына ангиограф, ал Шу аудандық ауруханасына компьютерлік томограф алынған.

    Бизнес пен мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың арқасында балабақшалар санын көбейту мәселесі де тиімді шешілуде. МЖӘ қағидатына сәйкес, мектепке дейінгі білім берудің мемлекеттік тапсырысына жеке меншік балабақшалар да қарастырылады. Биыл төрт балабақша мемлекеттік білім беру тапсырысын орындамақ.

    Білім беру саласында мектеп асханаларын жаңғырту мақсатында оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы 6 шартқа қол қою жоспарлануда. Дегенмен, өткен жылы жоспарланған 39 жобаның 15-і іске асырылмаған.

    — Меркі, Шу аудандары мен Тараз қаласындағы мектеп асханалары сенімгерлік басқаруға берілмеді. Тиісті әкімдер мен денсаулық сақтау басқармасына жаңа оқу жылы басталғанға дейін бұл мәселені шешуді тапсырамын. Жөндеу жұмыстары балалардың тыныш білім алуына кедергі келтірмеу керек, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс орталығы көшелерін энергия үнемдейтін жарықдиодты шамдармен жабдықтау мақсатында энергетика саласында келісімге қол жеткізілген. Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Құдайберген Қорғанбаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жыл соңына дейін аяқталмақ.

    Облыс әкімі мердігер ұйымның сылбыр жұмысын сынға алып, тиісті басқармаға жұмыс барысын жүйелі түрде қадағалап отыру керектігін ескертті.

    Кәсіпкерлер қазіргі уақытта қаралып жатқан қоғамдық жол қауіпсіздігі саласындағы жобаны қолдап отыр. Аймақ басшысы бұл процесті жеделдетуді тапсырды.

    Бүгінде МЖӘ аясында қоғамдық көліктерде электронды билеттендіруді енгізу және аялдамаларды жаңғырту жұмыстары жүргізілуде.

    Бердібек Сапарбаев тиісті жұмыстарды кестеден кешіктірмеу керектігін еске салды.

    МЖӘ аясында жұмыс жүргізу – инвесторларды тартуды көздейді. Бірақ бұл үшін нақты шаралар қабылданбаған. Мысалы, Жамбыл облысының инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының директоры Дамир Егізбаевтың айтуынша, МЖӘ жобалары бойынша оларға тек жеті кәсіпкер ғана жүгінгенімен, бірақ ол жүзеге асырылмаған күйінде қалған.

    — Орталық қызметінің нәтижесі көрінбейді. Қызметкерлердің штаттық саны ауқымды болғанымен, оларды тиімді пайдалана алмай отырсыздар. Орталықта «Тараз» ӘКК-мен де, өңірлік кәсіпкерлер палатасымен де, мемлекеттік органдармен де әріптестік байланыс оң жолға қойылмаған, — деді облыс әкімі.
    Ол инвесторларға қызмет көрсету, жобалық басқару және цифрландыру орталығының қызметін зерделеуді және оның құрылымын қайта қарауды тапсырды.

    «Тараз» ӘКК» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Қаржауов мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығын ашуды ұсынды. Басқа қалалардың мысалға алған ол орталық инвестициялық жобаларды зерттеу, оқыту және кеңес беру, сараптау және іске асыруды бағалау бойынша қызметтер көрсететіндігін алға тартты. Қазір бұл қызметтерді алу үшін басқа қалаларға баруға тура келеді.

    Облыс әкімі бұл жобаны қолдап, барлық қажеттіліктерді жан-жақты зерделеуді тапсырды.

    — Кәсіпкерлердің МЖӘ аясында жұмыс істеуге ұмтылыстарын арттыру үшін барлық жағдай жасалуы тиіс. Бұл механизм бюджетке түсетін жүктемені азайтып қана қоймай, бизнесті дамытуға да өзінің оң ықпалын тигізбек. Атап айтсақ, экономиканы дамыту, қосымша жұмыс орындарын құруға да мүмкіндік бермек, — деп қорытындылады Бердібек Сапарбаев.

    Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026

    Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

    13.05.2026

    Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

    07.05.2026

    Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

    04.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.