Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Ордабасы: коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

    Ордабасы: коронавирус жұқтырған соңғы науқас жазылып шықты

    Ел іші 06/08/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ордабасы аудандық орталық ауруханасының коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарға арналған инфекциялық бөлімі қазір бос тұр. Мұнда емделген соңғы емделуші ауруынан толық сауығып шыққан, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұржан Әлтаев бастаған республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері аудандық ауруханада болып, жағымды жаңалыққа куә болды. Түркістан облысындағы көптеген дәріханалар мен ауруханалардағы ахуалмен және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайларымен танысып, ұсыныстарын тыңдады.

    Жалпы, Ордабасы аудандық орталық ауруханасы 120 мың халыққа қызмет көрсетеді. Ауданда коронавирус инфекциясын жұқтырған 158 науқас тіркелген. Оның ішінде 2 азамат қайтыс болды. Емделушілер толық жазылып шыққан. Пневмония ауруы да азайып, провизорлық госпитальдың төсек-орын саны 40 орынға қысқарған. Қазір аталған індетпен 21 науқас ем қабылдауда.

    Солардың бірі 80-ге таяған Мырзабай Оңлабек. Ауруханаға дем жетпей, ауыр халде түскен ақсақал жағдайының жақсарғанын айтады. Дәрігерлерге айтар алғысы шексіз.

    Аудандық аурухана 9 өкпені жасанды желдету аппараты және 70-тен астам төсек-орын оттегімен қамту жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Жеке оттегі жеткізу орталығы орнатылған. Дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Бір ай бұрын құрылған 17 мобильді топ 1 мыңға жуық науқасқа үйлеріне барып, ем көрсеткен.

    «Қоғамдық бақылау» өкілдері аурухананың инфекциялық және провизорлық бөлімдерін аралап, жедел-жәрдем көлігінің және зертхана жағдайларымен танысып шықты.

    Республикалық «Қоғамдық бақылау» өкілдері бұдан соң Түркістан қалалық орталық ауруханасын аралады. Осыған дейін Орал, Талдықорған, Алматы облысы мен Шымкент қалаларында болған. Басты мақсат – медициналық ұйымдардың ахуалы мен дәріханалардағы баға тұрақтылығын қадағалау және медицина қызметкерлерінің ұсыныс-пікірлерін тыңдап, қолдау көрсету.

    Newsroom+Ақпарат

    коронавирус Түркістан облысы

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.