Close Menu
    Оқылып жатыр

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 23 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

      22/09/2026

      Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

      22/09/2026

      Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

      22/09/2026

      Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

      22/09/2026

      Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

      22/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысында Абай күні атап өтілді

    Жамбыл облысында Абай күні атап өтілді

    Өңір тынысы 10/08/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Ұлы ойшыл, дана білгір, адамзаттың асқары, ұлттың ұстазы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы жалпыхалықтық сипат алған, барша халқымыз үшін мәні терең, мәртебесі биік мереке.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 4 тамыздағы қаулысымен 10 тамыз — Абай күні болып бекітілді.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Егемен Қазақстан» газетіндегі «Абай — рухани реформатор» мақаласында «Ақынның баға жетпес мұрасын ұғын­дыру және дәріптеу — азаматтық пары­­зымыз. Өйткені Абай — әлем­дік дең­гей­дегі кемеңгер тұлға» деп,  айрықша құрметін білдірді.

    Айтулы күнді Жамбыл облысында да Абайдың «қалың елі, қазағы» барша қауым болып атап өтті.

    Әлеуметтік желілерде өңірдің жасы да, жасамысы да ұлы тұлғаның өшпес өсиетпен өрнектелген өлеңдерін жарыса жатқа оқыса, зиялы қауым өкілдері, қоғамдық пікір көшбасшылары мен белсенділердің құттықтау-лебіздері толассыз айтылуда.

    Соның жарқын көрінісі ретінде зиялы қауым өкілдерінің атынан Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Батырбек Құлекеев, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалы төрағасы Хамит Есаман, жас ақын Нұржан Қадірәлі облыс орталығы жұртшылығының атынан Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, хәкім рухына тағзым етті.

    — Мемлекет басшысының шешімімен 10 тамыз Абай күні деп жарияланды. Бұл ұлттың ұлы руханиятына көрсетіліп отырған құрмет. Сондай-ақ жас ұрпақты келешек ұрпаққа тәрбиелеуде маңызы зор бастама. Абай Құнанбайұлы өзінің даналығы, ойшылдығымен адамзат тарихының, әдебиетінің алтын қорында қалған ұлы тұлға, — деп атап өтті  Қазақстан Жазушылар одағы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Хамит Есаман.

    Абай ескерткішінің маңына кітап көрмесі қойылып, ақын шығармаларынан радиоконцерт берілді.

    Сонымен бірге, өзге этнос өкілдері арасында «Жүрегіңнің түбіне терең бойла» атты онлайн поэзия кеші, жастар арасында «Өлең сөздің патшасы» атты Абай әндерін орындаудан онлайн байқау, «Абайтану ғылымдары» атты конференция, «Поэзия минуты» тақырыбында жастар арасында челлендж ұйымдастырылды.

    Абай атындағы Жамбыл гуманитарлық жоғарғы колледжінде «Абайтану» орталығы ашылды.

    Әдеби орталықтан  ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына қатысты көптеген мағлұматтар табуға болады. Ақынның атымен аталатын білім ошағында Абай өлеңдерінің әлем тілдеріндегі тәржімалары, белгілі абайтанушылардың, филологтар мен жазушылардың еңбектері, электрондық және музыкалық басылымдар, кемеңгердің шығармалары қамтылған. Ең бастысы орталық қоры үнемі жаңа басылымдармен, тың материалдармен толықтырылып отырмақ.

    Абай мұраларында барша халықтың болмысы мен бітімі, тұрмысы мен тіршілігі, діні мен ділі, мінезі мен рухы жатыр.

    Абайдың өз заманында жазған еңбектері бүгінгі қоғам үшін де өзектілігі мен құндылығын жоғалтпай, жанданып келеді.

    Абай Құнанбайұлының мерейтойын лайықты деңгейде атап өту, оның есімін ұлықтау — баршамыздың ортақ мақсатымыз.

    Абай Құнанбаев Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

    03/09/2026

    Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

    03/09/2026

    Бақытжан Базарбек жол апатынан кейін жәбірленуші туыстарымен бірге видео жариялады (Видео)

    18/08/2026

    Бүгін — ұлы ойшыл Абайдың туған күні

    10/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Әділетхан Молдахан ісі бойынша апелляциялық сот шешімі шықты

    22/09/2026

    Президент Халық Кеңесінің құрамын бекітті: кімдер кірді?

    22/09/2026

    Азия ойындарында бесінші алтын: Еркінғали ерледі

    22/09/2026

    Қазақстанда жол апаты бойынша үш облыс көш басында

    22/09/2026

    Тамыз айынан бері доллар 30 теңгеге арзандады

    22/09/2026

    ҚазҰУ-дағы ерекше зертхана: Ми институтында қандай зерттеулер жүргізіледі?

    22/09/2026

    Байлар да жылайды»: Томский Алматыдағы қымбат киімдерді сынға алды

    21/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.