Close Menu
    Оқылып жатыр

    Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    30.12.2025

    Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

    30.12.2025

    Бұрынғы Талдықорған әкімі ұлына қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр

    30.12.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 31 декабря
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

      30.12.2025

      Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

      30.12.2025

      Бұрынғы Талдықорған әкімі ұлына қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр

      30.12.2025

      KazTAG бас редакторының пәтерінде және редакциясында тінту өтті

      30.12.2025

      Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: министр пікір білдірді

      30.12.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Облыстық «Ғылым таппай мақтанба» байқауының жеңімпаздары анықталды

    Облыстық «Ғылым таппай мақтанба» байқауының жеңімпаздары анықталды

    Өңір тынысы 11.08.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысы Ішкі саясат басқармасы мен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі «Ғылым таппай мақтанба» және «Мәңгілік елдің алыптары» атты жариялаған шығармашылық байқауларының жеңіпаздары анықталды.

    Байқау жастардың ізденісін артыру, Абай есімін дәріптеуге баулу, ақын-жазушылар, абайтанушылар, журналистер, суретшілер, видеографтар, зерттеушілер, әншілермен байланыс орнату арқылы кәсіби мотивация беру, ауылдардағы (шалғай елді-мекендерде) шығармашылыққа қабілеті бар назардан тыс қалған шығармашылыққа бейім жандарды БАҚ арқылы насихаттау мақсатында ұйымдастырылған болатын.

    Байқауға 14-35 жас аралындағы өңір тұрғындары қатысты. Бес номинациядан тұратын байқаудың қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталды.

    Қатысушыларды Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы Дауыл Бейсенқұлов пен «Адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігінің басшысы Арман Серікұлы марапаттап, ынталандыру сыйлықтары мен сертификаттар табыстады.

    Сонымен, «Үздік поэзия» номинациясы бойынша I орынды Жұматай Кекубайұлы иеленді. Ал, ІІ орын Төлепберген Әбілқайырға бұйырса, ІІІ орынды Мойынқұм ауданының тумасы Есіл Айдарбек алды.

    «Үздік гуманист» номинациясы яғни, қазіргі кездегі қоғамдағы әртүрлі өзекті мәселелерді қоса отырып, Абай Құнанбайұлының 45-қарасөзінің жалғасын яғни 46 қара сөзін жазып шығу бойынша  І орын Ақжігіт Жетпісбайға бұйырды. ІІ орын Тоғжан Төлепберген  алса, ІІІ орынды Нұрайым Төленді иеленді.

    Ал, «Үздік бейнелеу өнері» номинациясы бойынша І орынды Сейітжапар Елнария алды. ІІ орынды Айдана Скендирқызы  иемденсе, ІІІ орын Қорабай Аянның тақымына байланды.

    Бұдан кейін, «Үздік бейнеролик» номинациясы бойынша І орын Мерей Баетке бұйырды, ІІ орынды Әкімбай Назерке , ІІІ орынды Затыбеков Орынбасар алды.

    Бесінші «Үздік Абай әндерінің орындаушысы» номинациясы бойынша І орынды Ербосын Қасымбеков иеленді, ІІ орынға Диас Абилеков және ІІІ орынға Әлімқұл Ерболат табан тіреді.

    Сондай-ақ, қаламгерлер мен журналисттердің және шығармашылық адамдарының қатысуымен өткен  «Мәңгілік елдің алыптары» атты эссе байқауы бойынша 1-орынды Талшын Биболқызы алса, 2-орын Нәзиля Тұрсынға, 3-орын  Ақжан Алтынбекқызына бұйырды.

    Абай Құнанбаев байқау Жамбыл облысы

    Оқылып жатыр

    Жамбыл облысында ірі есірткі контрабандасы анықталды

    19.12.2025

    «Қаражат тиімсіз пайдаланылған». Жамбыл облысына тексеріс жүргізілді

    04.12.2025

    Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

    17.11.2025

    Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

    28.10.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Маңғыстауда депутаттыққа экс-кандидат соққыға жығылып, ауыр хәлде ауруханаға түсті

    30.12.2025

    Тоқаев ЛГБТ насихатын шектеуге бағытталған заңға қол қойды

    30.12.2025

    Бұрынғы Талдықорған әкімі ұлына қатысты алаяқтық ісі тергеліп жатыр

    30.12.2025

    KazTAG бас редакторының пәтерінде және редакциясында тінту өтті

    30.12.2025

    Жәнібек Әлімханұлына қатысты допинг дауы: министр пікір білдірді

    30.12.2025

    Депутат Назарбаевтың Қазақстаннан шығуын шектеуді ұсынды

    29.12.2025

    Қырғызстан экс-президенті Атамбаевтың марапаттары мен атақтары түгел қайтарылды

    29.12.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.