Close Menu
    Оқылып жатыр

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 31 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

      30.03.2026

      Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

      30.03.2026

      Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

      30.03.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

      30.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026

      Субсидия сұмдығы: Түркістан облысында заңсыздық әшкере болды

      13.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Праймеризде дауыс беруге қатысу үшін 730 мыңдай партия мүшесі тіркелді — Байбек

    Праймеризде дауыс беруге қатысу үшін 730 мыңдай партия мүшесі тіркелді — Байбек

    Ел іші 03.10.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде дауыс берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ол Facebook-те жазды.

    «Праймеризде дауыс бердім. Сайлау учаскесіне арнайы барып өз таңдауымды жасадым. Бір жағынан дауыс беру процесінің ұйымдастырылу деңгейін де байқап көрмек болдым.

    Партия Лидері Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен «Nur Otan»-ның партияішілік сайлауы еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық ауқымда өтуде. Бұл — Елбасы бастамасымен қолға алынған партияны «қайта жандандыруды» түйіндейтін кезеңнің бірі.

    Бүгінгі таңда адамдар қоғам өміріне белсенді атсалысқысы келеді. Өзгерістерге, жаңа тұлғалар мен тың идеяларға деген сұраныс арта түсуде. Еліміздің жетекші саяси күші ретінде «Nur Otan» партиясы ел сұранысын дер кезінде қанағаттандырып отыр.

    Бастапқыда туындаған күмәнға қарамастан, бүгінде праймериздің өз деңгейінде өтіп жатқанын нық сеніммен айтуға толық негіз бар.

    Жария түрдегі партияішілік іріктеу еліміз үшін соны саяси жаңалық ретінде жұрт қызығушылығын туғызып, 10 мыңнан астам қатысушы 60 мыңнан астам кездесу мен пікірсайыс өткізді. Іс-шаралар барысында 1,4 миллион адам қамтылды.

    Ел Президенті Қ.К. Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында әрбір өңір, қала мен аудан бойынша жарияланған 216 сайлауалды бағдарламаның жобасына қатысты 20 мың ұсыныс жиналды. Тұрғындарды толғандыратын тақырыптардың алғашқы бестігіне — тұрғын үйдің қолжетімділігі, жолдарды жөндеу, әлеуметтік қолдау, денсаулық сақтау мен білім салаларының деңгейін арттыру мәселелері кіреді. Елбасы тапсырғандай, барлық көтерілген мәселелерді партия ерекше бақылауға алады.

    «Праймериз» жүйесінде электронды дауыс беруге қатысу үшін 730 мыңдай партия мүшесі тіркелді. Қазір 600 мыңдай адам дауыс берді, бұлардың ішінде дәстүрлі тәсілмен (қағаз бюллетеньдер арқылы) дауыс берушілер де бар.

    Саяси қарбалас қыза түсетінін алдын ала болжап, біз мамандардың ұсынысы бойынша дауыс беру кезеңін үш күнге бөлдік. Әйтсе де, бірінші күні техникалық қиындықтар туындады, біз оны жылдам реттедік. Сонымен бірге кандидаттардың өтініштері бойынша дауыс беруді тағы бір күнге ұзарту туралы шешім қабылданды (4 қазан күнгі сағат 14.00-ге дейін). Бұл — әділетті шешім болды.

    Елбасының праймеризді ашық, әділ өткізу мен барша қатысушыға бірдей мүмкіндік туғызу туралы тапсырмасының Орталық аппарат үшін маңызы зор. Кім екеніне қарамастан, тәртіп бұзушылықтарға дер кезінде назар аударып, кандидатты дауыс беруден алып тастауға дейін шара қолданып, жұмысты тыңғылықты ұйымдастырып отырған Партиялық бақылау комитеті мен оның жергілікті жерлердегі комиссияларының мүшелеріне алғыс айтамын.

    Мүмкіндікті пайдалана отырып, праймериздің барша қатысушыларына келесі мәселелерді айта кеткім келеді.

    Әрине, әркімнің өз күткен болжамы бар. Осы кезеңде көздеген мақсатына жете алмайтындар да, жеңіс тұғырынан көрінетіндер де болады. Дегенмен бұл жерде ұтқандар мен ұтылғандар жоқ. Бәрі де игілікке жетті. Бұл іс-шара ең алдымен еліміз үшін игі іс болды. Жетекші партияда ашық партияішілік сайлау өткізе отырып, сіздермен бірге ұзақ жылдар бойы жемісін беретін жаңа саяси мәдениеттің негізін қаладық. «Nur Otan» партиясының көшбасшылығы осыдан көрінеді.

    Барша үміткерге сәттілік тілеймін. Ұйымдастыру комитеті дауыс беру нәтижелерін 6 қазанда жариялайды», — деп жазды Бауыржан Байбек.

    Праймериз

    Оқылып жатыр

    Талғардың бұрынғы әкімі қазір таксист болып жүр

    16.03.2026

    «Қызылорда — Ақтөбе» төрт жолақты автожолының құрылысы басталды

    13.03.2026

    Мұнай қымбаттаса да жанармай бағасы өзгермейді — министр

    12.03.2026

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Усть-Лугадағы төбелес: оқиғаның мән-жайы және жанжалдың астарында не жатыр?

    30.03.2026

    Ғылым ордасында реставрация саласының мамандарына арналған тәжірибелік семинар өтті

    30.03.2026

    Ормуз дағдарысы: мұнай бағасы 200 долларға дейін өсуі мүмкін

    30.03.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Алматыда жедел жәрдем қызметкерлеріне пышақпен шабуыл жасалды

    30.03.2026

    Таразда кәсіпкер өз-өзін атып тастады

    30.03.2026

    Қазақстан мұнайы Жапонияға сатылуы мүмкін

    30.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.