Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 9 мая
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025

      Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

      24.04.2025

      Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

      23.04.2025

      Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

      23.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025

      Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

      25.02.2025

      Теміржолдың тірегі: хантаулық Жаңабек Амангелдіұлының еңбек жолы

      05.02.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облысы ветеринариялық пункттермен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда

    Жамбыл облысы ветеринариялық пункттермен қамту бойынша республикада алдыңғы қатарда

    Өңір тынысы 24.08.2021
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбыл облысында төрт түлік жануарлар ауруларының алдын алып, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін 11 ветеринариялық станция мен 160 ветеринариялық пункт жұмыс істейді. Барлығы да заманауи құрал-сайманмен жабдықталған. Жыл соңына дейін тағы 7 малдәрігерлік клиника пайдалануға берілмек.  

    Соңғы жылдары Жамбыл облысында мал басы артып келеді. Эпизоотиялық жағдай да біршама тұрақты. Төскейде өрген төрт түлікке тосыннан келген кесел болса мал дәрігерлері көмекке әзір:

    — Өткен жылдары облыстағы 11 ветеринариялық станциясының 8-і талапқа сай ғимараттармен аудан әкімдіктері тарапынан қамтамасыз етілген. 160 ветпунктің 103-де аптекалар ашылған, қалғаны жыл соңына дейін ашылады.

    Облыс бойынша 3 ветеринариялық станциясы әкімшілік, 57 ветеринариялық пункттер жалдамалы ғимараттарда орналасқан. Облыс әкімі мен аудан әкімдері арасындағы индикаторлық көрсеткіштерге сәйкес  2021 жылдың соңына дейін 29 ветпункттердің ғимараттарын соғу немесе сатып алу жоспарланған, қалған 26-сы келесі жылдың үлесінде,-дейді облыстық ветеринария басқармасының  басшысы Ербол  Жиенқұлов.

    Бұл — Жамбыл ауданындағы ветеринариялық станция.

    Мекеме аса қауіпті аурулардың профилактикасы мен диагностикасын жүргізеді. Ветеринариялық анықтама мен төлқұжат рәсімдейді. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізе отырып, дерекқорға мәліметтерін енгізеді.

    Сонымен қатар, ақылы түрде дезинфекция, дератизация, дезинсекция жұмыстарын, мал ауруларын емдеу, ота жасау сынды ветеринариялық қызмет түрлерін көрсетеді:

    -Тамыз айында ветеринариялық станция маңынан халыққа қызмет көрсететін мал дәрігерлік клиника ашылып, жұмысын бастауда. Соңғы жылдары эпизоотиялық жағдай тұрақты,-дейді аудандық ветеринариялық станция  басшысы Сакен Нұржаубаев.

    Бүгінде өңірде мал дәрігерлерінің жалақысы көтерілген. Бұдан бөлек қыстық,жаздық жұмыс киімдерімен қамтамасыз етіледі.

    — Жамбыл ауданында 2008 жылдан бері мал дәрігері болып жұмыс істеудемін. Қызметтік Нива автокөліктеріміз бар, өткен жылдың соңында толық жөндеуден өткізіп берді.  

    Ауылдық округтер ветеринариялық пунктпен мал емдеуге арналған арнаулы егу емдеу алаңымен қамтамасыз етілген.

    Тамыз айынан малдардан сарыпқа қайталап зерттеуге қан алу мен профилактикалық егу жұмыстарын жүргізудеміз,-дейді ветстанция маманы Тулаған Байсүгіров.

    Жалпы, аймақтағы ветеринария ұйымдары эпизоотиялық ахуалды тұрақты ұстау мақсатында мемлекет тарапынан 16 аса қауіпті ауруларға қарсы профилактикалық іс-шаралар жүргізеді және 25 түрлі ауруға зертханалық зерттеуге биологиялық сынамалар жеткізу жұмыстарымен айналысады.

    Сондай-ақ аудандардағы барлық ветеринар мамандар қызметтік автокөліктері жаңа үлгідегі логотиптермен қамтамасыз етілді. Бүгінгі таңға облыста мал ауруларын емдеу бойынша ақылы қызмет көрсететін (Т.Рысқұлов, Қордай, Жамбыл, Байзақ аудандарында) 4 клиника жұмыс істеп жатыр, жыл соңына дейін 7 клиника пайдалануға беріледі деп күтілуде.

    Оқылып жатыр

    Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

    15.03.2025

    Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

    03.03.2025

    Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

    01.03.2025

    Қарағандыдағы медицина колледжі жабылмайтын болды

    25.02.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Алматыда салық форумы: Жаңа салық реформасынан қорқуға болмайды

    23.04.2025

    Кәсіпкер Дулат Тастекей өзгеше челлендж бастады

    23.04.2025

    Алматыда Zhas Skills – 2025 байқауы өтті: Жастар жол саласының қыр-сырымен танысты

    22.04.2025

    Зәкіржан Кузиев: Салық төлеу ешкімге ұнамайды, бірақ оны төлеу міндеттеледі

    17.04.2025
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.