Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржан Нұржігітов Билікөл және Нұрлыкент ауылдарының тұрғындарымен кездесті

    Нұржан Нұржігітов Билікөл және Нұрлыкент ауылдарының тұрғындарымен кездесті

    Өңір тынысы 19.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің тұрғындармен кездесулері жалғасуда.

    Бүгінге дейін облыс бойынша 610 кездесу өтсе, оның 20-сы аймақ басшысының қатысуымен ұйымдастырылған.

    Бұл жолы облыс әкімі Жуалы ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

    Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының басшылық өкілдері де қатысты.

    Алдымен Билікөл ауылдық округінің орталығы Қарабастау ауылындағы Мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездескен Нұржан Нұржігітов сан сауалға жауап беріп, мәселелелерді шешу бойынша жоспарлы шараларға тоқталды.

    Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы, зейнеткер Лесбек Түгелбайұлы өздерінің аудан орталығынан алшақ орналасқандықтарын, талай жылдан бері бұл ауылға облыс әкімі алғаш рет келіп тұрғанын айтып, ризашылығын жеткізді.

    Өзге де қарабастаулықтар ауылға газ тарту, Билікөл көлінің су деңгейін сақтау, су каналын күрделі жөндеуден өткізу, жайылымға қатысты мәселелерді көтерді.

    Аймақ басшысы барлық сұраққа нақты жауаптар берді.

     — Ауылда оң өзгерістер аз емес. Газ тарту жұмыстары қолға алынады. Қазіргі таңда құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптамаға жолданды. Келер жылы құбыр жүргізу шаралары басталады деп  жоспарлануда.

    Жалпы, 2025 жылға дейін облыстағы халық саны 200-ден асатын барлық ауыл газға қосылатын болады.

    Билікөл суының деңгейінің төмендеп кетпеуі – біздің басты назарымызда.

    Жалпы, мемлекет тарпынан көрсетіліп жатқан қолдаулар аз емес. Ол әрбір шаруаға жетуі тиіс десек, бұл жұмыстарды ұтымды ұйымдастыру ауыл әкімінің міндеті.

    Биыл субсидия көлемі 60 пайызға артып отыр. Мақсатымыз ереже талаптарына сай келетін шаруаларды барынша қолдау, шығындарының бір бөлігін өтеп беру, — деді Нұржан Нұржігітов.

    Дәл осындай кездесу Нұрлыкент ауылдық оркругінде де өтті.

    Ондағы тұрғындар жаңа мектеп соғу, спорт кешіні мен алаңшасын салу,  округке қарасты Түктібай елді мекеніне таза ауыз су тарту секілді мәселелерді алға тартты.

    Облыс және аудан әкімдері бұл мәселелердің алдағы жылдары шешімін табатынына сендірді.

    — Жергілікті атқарушы органдардың негізгі міндеті – халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу. Сіздер көтеріп отырған мәселелер біздің бақылауымызда. Ашығын айту керек, барлық шаруа бірден атқарылады дей алмаймыз. Дегенмен, облыстың даму жоспар-жобасы бойынша жұмыстар әлеует пен мүмкіншілігімізге сәйкес кезең-кезеңімен жүзеге асатын болады.

    Бұл ретте билік пен халықтың өзара сенімі, ортақ түсінігі бәрінен маңызды. Біз бір-бірімізді қолдай білсек, айтарлық нәтижеге қол жеткізе аламыз,-деп түйіндеді Нұржан Нұржігітов.

    Басқосулар қорытындысымен көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.