Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Суббота, 4 апреля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

      03.04.2026

      Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

      03.04.2026

      Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

      03.04.2026

      Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

      03.04.2026

      Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

      03.04.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

      02.04.2026

      Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

      30.03.2026

      Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

      25.03.2026

      Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

      17.03.2026

      Ұлттық киіммен дауыс берген университет ұжымы

      15.03.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

    Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдық мерейтойы аталып өтті

    Өңір тынысы 21.10.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    «Баласағұн» орталық концерт залында Жамбыл облыстық «Aq jol» газетінің 100 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.

    Аймақтағы ата басылым саналатын газет ұжымын Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов құттықтады.

     – «Ақ жол» газетінің мерейтойы бір өңірдің ғана емес, бұл қазақ баспасөзінің мерейлі белесі. «Aq jol» газеті еліміздегі ең байырғы басылымдардың бірі. Бұл басылымның ел өміріндегі тарихи рөлі зор. Басылым өзінің өткір де батыл мақалаларымен егемен елдің еңсесін тіктеді. Бүгінде уақыт талабына сай бұл газет жаңаша түрленіп, заман ағымына сай дамып келеді. Яғни, ғасырлық туын жаңа жетістіктермен, толайым табыстармен қарсы алып отыр.

    «Aq jol» газетінің баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер – 2020» ұлттық сыйлығының «Жыл басылымы» номинациясы бойынша жеңімпаз деп танылуы осы сөзіміздің анық дәлелі. Осылайша республика бойынша ең үздік газет атанып, талай жылдардан бергі адал еңбегінің жемісін көрді, әділ бағасын алды. Осы газетті 20 жылдан астам уақыт басқарған Баттал Жаңабайұлы ағамыздың ортамызда жүруі – біз үшін үлкен бақыт.

    Шоқтығы биік бас редакторлар, жүздеген қаламгерге ұстаз болған, марқұм ағаларымыз – Арғынбай Бекбосын, Әлдихан Қалдыбаев, Мақұлбек Рысдәулеттен де өнегелі із, елеулі еңбектер қалды. Басылым алдағы уақытта да халық пен билік арасындағы алтын көпір болып, халықтың үміті мен тілегін ақтайтынына сенімдімін.  Редакция ұжымына амандық, жаңа шығармашылық табыстар тілеймін!  – деді облыс әкімі.

    Жиында Мемлекет және қоғам қайраткерлері де өз құттықтауларын білдірді.

    Салтанатты шара барысында журналистер ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының, ҚР Парламенті төрағасының, Жамбыл облысы әкімінің Алғыс хаттарымен, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды. Ардагер Тұрсынхан Толқынбайұлына «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағы берілді.

    Сондай-ақ, басылымның 100 жылдығына арналған «Aq jol» газеті: Қазақ баспасөзінің бүгіні мен ертеңі» республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды.

    Оқылып жатыр

    Атырау мұнай өңдеу зауытына 520 млн айыппұл салынды

    02.04.2026

    Түркістанда бейнебақылау камераларын қиратқан екі адам ұсталды

    30.03.2026

    Каспийдің Ақтау маңындағы жағалауында аққулар қырылып жатыр

    25.03.2026

    Алматы облысында бірнеше саяжай ауыл мәртебесін алуда

    17.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда орташа жалақы — 340 мың теңге

    03.04.2026

    Жақсылық Омар 6 жылға сотталды

    03.04.2026

    Ұзақбай Құлымбетов мұрасы ұлықталды

    03.04.2026

    Елде бензин мен дизель бағасы қымбаттайды

    03.04.2026

    Қазақстан билігі Мемлекеттік күзет қызметі ескертусіз қару қолдануға болатын заң қабылдамақшы

    03.04.2026

    Тапқан табыс пен шығын сәйкес келмесе 10% салық төлеуіңіз мүмкін

    02.04.2026

    15 жастағы қазақ баласы «Барселона» клубымен шартқа қол қойды

    02.04.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.