Close Menu
    Оқылып жатыр

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 16 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

      15.07.2026

      Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

      14.07.2026

      Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

      14.07.2026

      Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

      14.07.2026

      ҚТЖ тағы да сынның астында

      14.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жамбылда 9 айда 165 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

    Жамбылда 9 айда 165 интернет-алаяқтық дерегі тіркелді

    Өңір тынысы 20.10.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Жамбылдық полицейлер ауыр дәрежедегі интернет-алаяқтықтың 98%-ын анықтады. 2022 жылдың 9 айында облыс аумағында 165 интернет-алаяқтықтың дерегі тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда -44,3%-ға төмендеген.

    Осы қылмыс түрінің алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шаралар, соның ішінде халық арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу шаралары жандандырылды. Қабылданған іс-шаралар нәтижесінде 2022 жылғы сегіз айда бұл қылмыс түрінің көрсеткіші едәуір төмендеді. Ауыр санаттағы интернет-алаяқтық қылмыстарын ашу дерегі бойынша республика көлемінде жоғары көрсеткішке қол жеткізіліп, 98%-ы ашылды.

    Жыл басынан бері осы қылмыс түрімен айналысқан 18 тұлға ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Олардың 9-ы басқа облыстардың  (Алматы,Шымкент, Атырау, Қызылорда) тұрғындары екені анықталды.

    Сондай-ақ, айта кетерлік тағы бір жайт, интернет алаяқтықтың көпшілігі трансшекаралық сипатқа ие. Мәселен, бір қылмыстық істе күдікті басқа өңірде, кейде тіпті басқа мемлекетте жүруі мүмкін. Қазіргі таңда тергеудегі алаяқтық қылмыстарының 41 дерегі- Ресей, Украина және Молдавия елдерімен байланысты болып отыр. Бұл бағытта ҚР ІІМ-нің арналары арқылы тиісті сауал-сұраныстар жолданылды.

    Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Бұл бағытта полиция және 2-ші деңгейлік банк өкілдерімен бірлескен кешенді жұмыстар жүргізілуде және де жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық бірлестік өкілдері де осы мақсатқа бағытталған жұмыстарға  өз үлесін қосуда.

    Соның ішінде, дөңгелек үстелдер өткізуге, «Абайлаңыз, алаяқ!» атты жергілікті  тексеру  жұмыстарын жүргізуге, профилактикалық мазмұндағы материалдарды дайындау, жариялау және тарату жұмыстарына қатысты  ұйымдастырушылық көмек көрсетілуде.

    Жергілікті полиция қызметінің күштерін пайдалана отырып, облыс аумағындағы халық жиі шоғырланатын дүкендерде, аялдамаларда басқа да қоғамдық орындарда профилактикалық мазмұндағы арнайы дайындалған бейне роликтер мен өзге де  материалдар әлеуметтік желілер арқылы әр қала,аудан аумағында және барлық жергілікті интернет-чаттарда, қауымдастықтар мен топтарда таратылып, жариялануда.

    Жамбыл облысы Полиция департаменті интернет алаяқтардан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтауды — дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламауға, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеуге, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмауға, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпауға, кез келген сілтеме бойынша өтпеуге, спам хабарламаларға сенбеуге шақырады.

    Оқылып жатыр

    Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

    07.07.2026

    Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

    29.06.2026

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

    19.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Атырауда бір отбасын қырып тастаған Сәрсемалиевке үкім шықты

    14.07.2026

    Әділетхан Молдахан 2,5 жылға сотталды

    14.07.2026

    Қауіпті қарбыз: министрлік ескерту жасады

    14.07.2026

    Қазақстанда мұнай өндіру көлемі қысқарған

    14.07.2026

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.