Алматы облысында республикалық маңызы бар жолдарды орташа жөндеу бойынша 307 шақырым 11 жоба жүзеге асырылуда. Оның 6 жобасы Кеген және Райымбек аудандарында, 1 жоба Ұйғыр ауданында, 3 жоба Еңбекшіқазақ және 1 Қарасай аудандарында іске асырылуда, деп хабарлайды Tarazy.kz
Кеген және Райымбек аудандарындағы «Кеген-Нарынқол» автомобиль жолының 0-37, 37-74 шақырым, «Көкпек-Кеген – Тюп» автомобиль жолының 26-41, 68-88 шақырым аралығын орташа жөндеу.
Ұйғыр ауданындағы «Көктал– Қорғас» автомобиль жолының 230-272 шақырым аралығы бойынша былтыр 42 шақырым ресайкерлеу жəне жабынның төменгі қабаты салынды.
Еңбекшіқазақ ауданында «Байсейт-Кокпек-Чунджа-Коктал», 0-6, 40+700-42+800 шақырымда жұмыстар аяқталуға жақын.
Еңбекшіқазақ және Қарасай аудандарындағы «Алматы-Байтерек-Байдибек би-Лавар» 43-47, 76-88, 89-108 шақ., «»Алматы – Төнкеріс – Байсерке – Междуреченское» 18-51 және Алматы-Астана тас жолының 27-42, 50-115 шақырым орташа жөндеу жұмыстары қарқынды жалғасуда.
Аталған нысандардың жұмыстар мен материалдардың сапасына сараптама жасау «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК Алматы облысы бойынша филиалымен үнемі бақылануда. Жыл басынан 5 тексеру жүзеге асырылып, 13 құрылыс материалдары сараптамадан өткізілді, оның 9 нормаға сәйкес, 4 зертханалық сыналуда және 5 ақау анықталған.
