Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған DoubleTree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы — 12,7 миллиард теңге, деп хабарлайды Tarazy.kz
Электрон сауда сайтында Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешенін сату туралы жаңа лот пайда болды. Нысанды Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатылымға шығарған.
Лот сипаттамасында қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр екені және Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқаны көрсетілген.
Нысанның бастапқы бағасы — 12 759 410 000 теңге. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады.
Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болған Hilton қонақүйі төңірегіндегі дау қайта ушыққаны хабарланды.
