Автор: admin
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, «Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы» РМК деректеріне сәйкес, 2025 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстанда ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан 37 038 адам тіркелген, деп хабарлайды Tarazy.kz Baq.kz ресми сауалына жауап берген министрлік жалпы тіркелген науқастардың ішінде 296-сы 15 жасқа дейінгі балалар екенін мәлімдеді. Ал қалған 36 742 адам – 15 жастан асқан тұрғындар. Гендерлік құрылымда ер адамдар басым. Мәліметке сәйкес, ВИЧ-пен өмір сүріп жатқан 22 728 ер адам және 14 310 әйел бар. Аймақтар бойынша көрсеткіштер ВИЧ-пен өмір сүретін адамдардың басым бөлігі ірі индустриялық өңірлер мен мегаполистерде шоғырланғанын көрсетеді. Тіркелген жағдайлар саны бойынша Алматы…
Ұшу кезінде телефоннан немесе планшеттен видеоның дауысын қосып көретін жолаушыларға енді қатаң шара қолданылуы мүмкін. Кейбір жағдайда мұндай жолаушыларға әуе компаниясының рейстерімен өмір бойы ұшуға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы Dailymail.co.uk жазды, деп хабарлайды Tarazy.kz United Airlines әуекомпаниясы тасымалдау ережелерін жаңартып, жолаушыларға жеке құрылғылардан (телефон, планшет, ноутбук) аудио немесе видео тыңдағанда міндетті түрде құлаққап қолдану талабын енгізді. Жаңа талапқа сәйкес жолаушы құрылғысынан қандай да бір дыбысты құлаққапсыз тыңдаса, оны рейстен түсіріп, алдағы уақытта осы компания ұшақтарына отырғызбауы ықтимал. Өзгеріс тасымалдау келісімшартына енгізілген. Құжатта сапар кезінде жолаушылар ұстануға тиіс барлық талап көрсетілген. Соңғы нұсқада музыка тыңдағанда, видео көргенде немесе дыбыс шығаратын…
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамы 400 теңгеге дейін түсуі мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Сүлейменовтің айтуынша, теңге бағамы еркін қалыптасатындықтан, ол экспорттан түсетін табысқа, сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеріп отырады. Дегенмен қазіргі шынайы сценарийлерде доллардың 400 теңгеге дейін түсуі қарастырылмайды. «Бағам еркін өзгеретін және экспорттық түсім, сұраныс пен ұсынысқа тәуелді болғандықтан, теория жүзінде бәрі мүмкін. Бірақ біз қарастырып отырған шынайы сценарийлерде доллардың 400 теңге болуы қарастырылмайды», – деді ол. Ұлттық банк басшысының айтуынша, доллардың 400 теңгеге дейін түсуі үшін ел экономикасының құрылымы айтарлықтай өзгеруі керек. «Экономика мен өнеркәсіп экспорт көлемін айтарлықтай арттырып, сонымен қатар…
Абай облысында әскери қызметкер полигонда болған оқиға салдарынан қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz Dalanews.kz сілтеме жасап. 2026 жылғы 5 наурызда Абай облысында әскери техниканы пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан келісімшарт бойынша әскери қызметші жарақат алып, қаза тапты. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Оқиға орнында құзырлы органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы мен жеке құрамы қаза тапқан әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтты. Оларға белгіленген тәртіппен қажетті қолдау көрсетіледі.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев педофилдерге өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын енгізуді қарастыратын жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Құжатқа сәйкес, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлау, әдепсіз әрекеттер жасау және олардың жыныстық қол сұғылмаушылығын бұзудың кез келген түрі үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Қырғызстан билігі де балалар мен әйелдерге қарсы жасалған қылмыстар үшін өмір бойына түрме жазасын енгізуді ұсынған. Бұған дейін президент Садыр Жапаровтың әкімшілігі педофилия және зорлаумен қатар жасалған кісі өлтіру қылмыстары үшін өмір бойына бас бостандығынан айыруды енгізу туралы заң жобасын қоғамдық талқылауға шығарған. Қазақстанда заң бірнеше рет қатаңдатылды. Қазір кішкентай балаларға қарсы ауыр сексуалдық қылмыстар…
Қазақстандағы шағын және микробизнес субъектілерінің салық бойынша берешегі 273 млрд теңгеден асты. Бұл туралы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Атамекенде» өткен семинарда Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаменті қарыздармен жұмыс басқармасының басшысы Қайсар Арын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, жалпы алғанда қазақстандық кәсіпорындардың салық бойынша берешегі 1 трлн теңгеден асып кеткен. Соның ішінде шағын және микробизнес субъектілерінің қарызы 273 млрд теңгеге жеткен. Қайсар Арынның сөзінше, бұл соманың 176 млрд теңгесі – негізгі салық қарызы, 90 млрд теңгесі – өсімпұл, ал шамамен 7 млрд теңгесі – айыппұл. Сонымен қатар ол егер кәсіпкерлер ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін негізгі салық сомасын төлесе, онда…
Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу өткізу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Енді тестілеуге тіркеліп, бірақ емтиханға келе алмаған талапкерлер ҰБТ-ны кейінгі күндердің бірінде тапсыра алады. Мұндай мүмкіндік бос орын болса және дәлелді себеп болған жағдайда беріледі. Тиісті бұйрыққа ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Мұндай себептер қатарына ауру немесе ауруханаға жатқызылу, жақын туысы қайтыс болуы, республикалық не халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға қатысу, сондай-ақ, төтенше жағдайлар жатады. Мұндай жағдайда Ұлттық тестілеу орталығының директорына өтініш жазып, растайтын құжат тапсыру қажет. Құжатта тестілеуге тіркелу мерзімдері де көрсетілген. Өтінішті онлайн түрде 20-30 желтоқсан, 15-25 ақпан, 10-25 сәуір және 25 шілде-5 тамыз…
Иранға тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараты (дрон) Нахичевань маңындағы әуежай аумағына құлаған. Бұл туралы Әзербайжанның Trend және APA агенттіктері мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz APA агенттігінің мәліметінше, Иран дроны Нахичевань маңындағы әуежай аумағына құлаған. Сонымен қатар тағы бірнеше ұшқышсыз аппараттың басқа жерлерге де құлағаны туралы ақпарат тараған. Әзербайжанның ресми ведомстволары әзірге тұрғындар мен әуежай қызметкерлері арасында зардап шеккендер бар-жоғы туралы мәлімет жариялаған жоқ. Сондай-ақ дронның нақты түрі мен оның қандай мақсатпен ұшырылғаны анықталып жатыр. Бұл оқиға аймақтағы геосаяси жағдайдың күрт шиеленіскен кезеңінде болды. Соңғы уақытта Таяу Шығыстағы ахуал ушығып тұрғаны белгілі. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Иран тарапынан аймақтағы бірнеше елдің бағытына жаппай дрон…
Болат Назарбаевтың бұрынғы жұбайы Майра Құрманғалиева алаяқтық фактісі бойынша құқық қорғау органдарына арыз түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz. «Чиновник» телеграм арнасының мәліметінше, арызда марқұм Болат Назарбаевтың өзі және оның айналасындағы бірқатар адам көрсетілген. «Майра Құрманғалиеваның айтуынша, 2011 жылы ол Қазақстан аумағында болмаған кезде, Болат Назарбаевтың айналасындағы адамдар оның сенімін пайдаланып, Алматы қаласындағы бірнеше жылжымайтын мүлік нысанын иемденіп алған», — дейді дереккөз. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тиісті органдарға өтініш жолданғаны белгілі болды. Істің мән-жайы нақтыланып жатыр.
Сенатта журналистер ішкі істер министрінің орынбасарынан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов нақты қай колонияда жазасын өтеп жатқанын сұрады. Алайда нақты жауап берілмеді, деп хабарлайды Tarazy.kz «Оның қайда екенінен тек туыстары мен адвокаттары хабардар. Қазір ол бас бостандығынан айырылғандар мекемесінде», — деді Санжар Әділов қысқаша. Сондай-ақ, журналистер неге бұл ақпарат жасырын сақталатынын сұраған. Өйткені өзге сотталғандарға қатысты мұндай мәлімет кейде ашық айтылады. Бірақ Санжар Әділов бұл сұраққа нақты жауап бермеген.