Автор: admin
Қазақстанда әскери қылмыстарға қатысты жағдай күрделене түскен. Finprom.kz сарапшыларының құқықтық статистикаға жасаған талдауына сәйкес 2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында елде 261 әскери қылмыс тіркелген. Бұл былтырғы осындай кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе көп, деп хабарлайды Tarazy.kz Әскери қылмыстардың жалпы саны 2023 жылдан бері өсіп бара жатыр. Ал қаралып жатқан қылмыстық істер саны қаңтар-тамызда 309-ға жетіп, бір жылда 48,6 пайызға артқан. Сарапшылар қаңтар-шілде айларындағы толық статистиканы да талдаған. Осы кезеңде әскери ортадағы жарғыдан тыс қатынас, яғни әлімжеттік дерегі 37 пайызға өсіп, 74-ке жеткен. Билікті асыра пайдалану бойынша 88 жағдай тіркелген. Бұл былтырмен салыстырғанда 79,6 пайызға көп. Қызметке салғырт қараудың 16 дерегі анықталған. Сонымен қатар, әскери…
Вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобымен кездесті, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша вице-президент Ерлан Қарин халықаралық киножобаның түсірілім тобы мүшелерімен кездесті. Кездесуге әлемге әйгілі режиссер әрі актер Джеки Чан, сондай-ақ, шетелдік және қазақстандық продюсерлер Эсмонд Рен, Рүстем Омаров, Игорь Цай және Орынбасар Құдайбергенов қатысты. Кездесу барысында кинематография саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелері, сондай-ақ, бірлескен киножобаларды одан әрі жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланған. Кездесуде кино саласындағы жаңа технологияларды дамыту бағытына да ерекше назар аударылған. Ерлан Қарин Мемлекет басшысының шешімімен жарияланған биылғы Цифрландыру және жасанды интеллект жылында елордада Astana AI Film Festival өткенін жеткізді. Оған әлемнің 125 елінен 8 мың…
Әлемдегі ең ірі тәуелсіз мұнай трейдерлерінің бірі саналатын Vitol Group компаниясының басшысы Рассел Харди Иранмен жалғасып жатқан текетірестің салдарынан Батыс елдерінің еркін мұнай қоры толық таусылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол қыс мезгілі қарсаңында қалыптасқан жағдайдың күрделі екенін атап өтті. «Батыста сатуға болатын мұнай қоры қалған жоқ. Біз қолда болған барлық қорды пайдаланып қойдық. Мұнай өнімдері нарығындағы жағдай әлі де өте күрделі күйде қалып отыр және қыс жақындаған сайын бұл ахуал біраз уақытқа дейін сақталуы мүмкін», – деді Рассел Харди. Қолжетімді қор 10 пайызға да жетпейді Нарықтағы қиын жағдайды басқа да ірі ойыншылар растап отыр. Saudi…
Қазақстан билігі Ресейде жұмыс іздеп барған және Украинадағы соғысқа жіберілу қаупіне тап болған қазақстандықтар мәселесін дипломатиялық жабық арналар арқылы шешіп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрылтай депутаты Ерлан Саиров Ресейде жұмыс іздеп барған қазақстандықтардың Ресей армиясы құрамында Украинадағы соғысқа жіберілуі мүмкін екені туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Журналистер депутаттан қазіргі жағдай туралы сұрады. Олардың айтуынша, Астанаға Ресейде жүрген қазақстандықтардың ата-аналары келген. Әңгіме шамамен 21 адам туралы болып отыр. Олардың кейбірі Ресейден жұмысты интернеттегі хабарландырулар, соның ішінде OLX арқылы тапқан. Ерлан Саировтың айтуынша, бұл мәселе бұған дейін де көтерілген. Қазір Қазақстан Үкіметі жағдайды дипломатиялық арналар арқылы шешуге жұмыс істеп жатыр. «Бұл мәселе…
Футболдан Қазақстан құрамасы Фарер аралдарының құрамасын жеңе алмады. Ең қызығы, қарсылас сапындағы ойыншылардың бір бөлігі кәсіби футболшы емес, деп хабарлайды Tarazy.kz Фарер аралдары құрамасының жартылай қорғаушысы Йоаннес Бьорталидтің айтуынша, командада әлі күнге дейін әуесқой және жартылай кәсіби ойыншылар көп. «Бізде әлі де футболдан бөлек жұмыс істейтін немесе оқитын жігіттер бар. Мысалы, қорғаушыларымыздың бірі толық жұмыс күні бойы жиһаз сатумен айналысады. Ал оң қапталдағы қорғаушымыз таңертең электрик болып жұмыс істейді. Командада футбол жалғыз табыс көзі саналмайтын ойыншылар аз емес», – деді ол Sports24 басылымына берген сұхбатында. Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлер кәсіби футболшылардан құралған Қазақстан құрамасының футболдан бөлек…
Қазақстан ішкі нарықты авиациялық отынмен толық қамтамасыз ете алмай отыр. Осыған байланысты еліміз жыл сайын Ресейден шамамен 300 мың тонна әуе отынын сатып алады. Бұл туралы Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Министрдің айтуынша, Қазақстандағы үш ірі мұнай өңдеу зауыты елдің мұнай өнімдеріне деген сұранысының 90 пайыздан астамын өтейді. Алайда авиациялық отын өндірісі ішкі нарықтың қажеттілігін толық жабуға әлі де жеткіліксіз. «Қазақстан жыл сайын Ресейден 300 мың тоннаға жуық авиациялық отын импорттайды. Қазіргі кезде отандық өндіріс ішкі сұранысты толық қамтамасыз ете алмай отыр», — деді Ерлан Ақкенженов. Елімізде Атырау, Шымкент және Павлодар мұнай өңдеу зауыттары жұмыс істейді. 2025…
Шығыс Қазақстан облысында ер адам өзіне ескерту жасаған полицейді өлтіріп кеткен, деп хабарлайды Tarazy.kz 4 қазанға қараған түні Өскемендегі дәмханалардың бірінде ер адам өзіне ескерту жасаған 40 жастағы жергілікті тұрғынға дене жарақатын салған. «Алған жарақаттары салдарынан ол қайтыс болды. Күдіктінің әрекетінен тағы бір азамат зардап шекті. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», — деді ШҚО ПД өкілі. Қаза тапқан азамат полиция қызметкері болған. Оқиға кезінде ол қызметте болмаған. Тергеу жалғасып жатыр. Тергеу мүддесіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбады.
Алматыдағы «Ғылым ордасында» көрнекті тарихшы әрі этнограф Құрбанғали Халидидің ғылыми мұрасына арналған салтанатты тұсаукесер іс-шарасы өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жиын барысында ғалымның «Тауарих-и хамса-и шарқи» («Шығыстың бес елінің тарихы») атты еңбегінің бес кітаптан тұратын академиялық басылымы, қазақ тілінде жеке кітап болып жарық көрген аудармасы және «Құрбанғали Халидұлы: дерек, тарих, таным» атты ғылыми жинақ таныстырылды. Ауқымды шараны «Ғылым ордасы» РМК Орталық ғылыми кітапханасы мен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығы бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шараға «Ғылым ордасы» РМК бас директоры Нұрлан Сейдін, ғалымның шөбересі Сафария Теңізбаева, сондай-ақ Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология…
Қазақстанның жергілікті жолдарында жыл басынан бері зерттелген жол материалдарының 32%-ы белгіленген талаптарға сәйкес келмеген. Жол активтері сапасының ұлттық орталығының мәліметінше, осы кезеңде 15 мыңнан астам сынама зертханалық тексеруден өткен, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл деректер Астанада өткен «Сапалы жолдар: жоспарлаудан пайдалануға дейін» семинар-кеңесінде жарияланды. Іс-шара ҚР Көлік министрлігі жанында өңірлер мен Жол активтері сапасының ұлттық орталығы филиалдарының қатысуымен өтті. Зерттеу нәтижелері жол сапасына қатысты мәселе нысан пайдалануға берілгеннен кейін ғана емес, жол құрылысына қолданылатын материалдарды таңдау және пайдалану кезеңінен басталатынын көрсетеді. Зертханалық сынақтар талапқа сай емес материалдарды жұмыстың бастапқы кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді. Алайда анықталған кемшіліктерді жою мәселесі әлі де өзекті.…
Қазақстан тәуелсіз ел ретінде Азия ойындарына алғаш рет 1994 жылы қатысты. Жапонияның Хиросима қаласында өткен сол жарыста ұлттық құрама жалпыкомандалық есепте төртінші орынға көтерілді. Содан бері еліміз құрлық додасының тұрақты қатысушысына айналды. Алайда кейінгі жиырма жылда Қазақстанның жалпы есептегі көрсеткіші төмендей бастады. Tarazy.kz редакциясы ұлттық құраманың 2006 жылдан 2026 жылға дейінгі нәтижелеріне шолу жасап, спорт сарапшысы Есей Жеңісұлының өзгерістің негізгі себептеріне қатысты пікірін білді. Доха 2006 2006 жылы Қатар астанасы Дохада өткен XV жазғы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы үздік нәтиже көрсетті. Ел спортшылары 23 алтын, 20 күміс және 42 қола медаль жеңіп алды. Барлығы 85 жүлде жинаған Қазақстан жалпыкомандалық есепте…