Автор: admin

Энергетика министрлігі Қазақстан мұнайының Ресей аумағы арқылы транзиті тоқтағанын растады, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомство басшысы Ерлан Ақкенженов бейресми деректерге сүйене отырып, мамыр айына Атырау–Самара мұнай құбыры арқылы, әрі қарай Дружба мұнай құбыры желісімен Шведт мұнай өңдеу зауыты бағытына жеткізілімдер нөлге тең екенін айтты. Министрдің сөзінше, ресейлік тарап техникалық мүмкіндік жоқ екенін алға тартқан. Оның пайымдауынша, бұл жағдай Ресейдегі инфрақұрылымға жасалған соңғы соққылармен байланысты болуы мүмкін. «Бейресми ақпаратқа сүйенсек, бұл рас. Мамыр айында Атырау–Самара бағытымен әрі қарай “Дружба” арқылы Шведт зауытына жеткізілім жоқ. Ресей тарапы мұнай айдауға техникалық мүмкіндік жоқ екенін айтып отыр. Бұл, мүмкін, инфрақұрылымға жасалған соңғы соққылармен байланысты», өдеді министр Астанада өткен экологиялық саммит кулуарында. Еске салайық,…

Read More

Журналист Жарылқап Қалыбай ақын Мұхтар Шахановтың ақырғы аманатына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, ақын көзі тірісінде Арыстан баб кесенесінің аумағына Өзбекәлі Жәнібековтің жанына жерленгісі келетінін айтқан. Алайда қазіргі шешім бойынша, Шаханов Қоғам ауылдық зиратына қойылмақ. «Қоғам деген ауыл бар. Ол жерде Көпен Әмірбек жатыр. Қазақ тілі қоғамын басқарған Өмірзақ Айтбаев ағамыз жатыр. Шахановты сол Қоғамға жерлемекші болып, шешім шығарып қойды. Ол 4-5 км қашықтықта. Жұрт Арыстан бабқа келеді де, сол жерден қайтып кетеді. Олар ауылдың бір шетіне бармайды. Біз сияқты білетін адамдар болмаса, көпшілік бармайды», — дейді Жарылқап Қалыбай. Жарылқап Қалыбайдың пікірінше, мұндай шешім ақын аманатына қайшы келуі мүмкін. Ол Шахановтың негізгі…

Read More

Қазақстанда қоғамның басым бөлігі елде түбегейлі өзгерістер қажет деп санайды. DEMOSCOPE бюросы жүргізген «Билік институттарына қоғамның сенімі» тақырыбындағы сауалнама нәтижесіне сүйенсек, респонденттердің 71,6%-і ауқымды реформаларды күтсе, 13,8%-і тек ішінара өзгерістер жеткілікті деп есептейді, деп хабарлайды Tarazy.kz Зерттеуге еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан 1100 адам қатысқан. Жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп, Конрад Аденауэр атындағы қор қолдауымен жүзеге асырған. Қоғам өзгерісті қалайды Сауалнама нәтижесі бойынша, азаматтардың 85,4%-і елге өзгеріс қажет деп санайды. Алайда бұл көрсеткіш 2023 жылғы ұқсас зерттеумен салыстырғанда төмендеген (ол кезде – 89,9%). Сонымен қатар қоғамда мемлекеттік институттарға деген сенім белгілі бір…

Read More

Түркістан облысы Отырар ауданында ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу алдында қоштасу рәсімі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа Шілік ауылындағы ақынның шығармашылық үйіне жиналған жұрт қаралы жиында оның рухына тағзым етіп жатыр. ©Turkistan TV Еске салайық, бұған дейін Мұхтар Шахановтың соңғы аманаты жазылған хат тараған болатын. Мұхтар Шахановтың көзі тірі кезіндегі соңғы аманаты Отырарда, Арыстан баб кесенесі маңына жерлеу болған. Әйгілі ақын 20 сәуірге қараған түні 84 жасына қараған шағында өмірден өтті. 21 сәуірде Алматыда Абай атындағы опера және балет театрында қоштасу рәсімі өтті.

Read More

Қазақстанда атом электр станциясын салу үшін Ресейден мемлекетаралық несие тарту жоспарланып отыр. Бұл туралы Атом энергиясы агенттігінің төрағасы Алмасадам Сәтқалиев айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның сөзінше, жобаға қаржы табуда қиындық туындамайды. Қазір Қазақстан мен Ресей мемлекетаралық несие беру тетігін пысықтап жатыр. «Бірінші келісім атом станциясын салуға қатысты болса, екіншісі Ресей тарапынан қаржыландыру бойынша. Жоба құнының 85 пайызы несие есебінен, ал 15 пайызы Қазақстан Үкіметі тарапынан жабылады. Құжаттар жоғары дайындық деңгейінде», — деді ол. Жобаның нақты құны жобалау жұмыстары аяқталған соң белгілі болады. Алдын ала есеп бойынша әрқайсының қуаты 1200 мегаватт болатын екі энергоблокқа шамамен 15 миллиард доллар қажет.

Read More

Мұхтар Шахановтың денесін Түркістанға чартермен алып кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz.  Бұл туралы депутат Қазыбек Иса хабарлады. «Ақиық ақын Мұқтар Шаханұлы ағамызды арнайы чартер ұшақпен алып кетіп барамыз киелі Отырар, қасиетті Аарыстанбап еліне. Алматы қимай шығарып салды», — дейді депутат. Еске салайық, бүгін Алматы жұртшылығы Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салды.

Read More

2026 жылдың 16 сәуір күні Түркияның Тоқат қаласында тоғызқұмалақ, бестемше және мангала ойындарынан халықаралық «Евразия кубогі» жарысы басталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жарысқа Қазақстан, Египет, Сирия, Түркия және Чехиядан 40-қа жуық спортшы қатысуда. Бүгін жарыстың ашылу салтанатында қала әкімі Mehmet YAZICIOGLU түркі халықтарының зияткерлік ойындарының маңызына тоқталып, спортшыларға сәттілік тіледі. Тоқат қаласының депутаты Кадим Дурмаз ашылу сөзінде бұл ойындардың еларалық достық қарым-қатынастарды нығайтуда маңызы зор екенін атап өтті. Дүниежүзіілк Тоғызқұмалақ Федерациясының бас хатшысы Мақсат Шотаев жарысқа жиналған қауымға сәттілік тілеп, қала әкіміне шапан жапты. Жалпы жарыс 19 сәуірге дейін созылады. Бүгін тоғызқұмалақтың блиц жарысында ерлер арасында түрік спортшысы Демир Жалел чемпион…

Read More

16 сәуір күні Алматыда толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала көшелерін су басып, бірқатар аумақта қозғалыс қиындады, деп хабарлайды Tarazy.kz ZTB news телеграм арнасы әлеуметтік желілерде тараған видеоларды бөлісті. Онда жолдардың үлкен шалшыққа айналғаны байқалады. Көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы да айтарлықтай қиындаған. «Қала тұрғындары жағдайды әзілге айналдырып, «ластамен жүру керек» деп жазып жатыр», — дейді дереккөз. Қала әкімдігінің мәліметінше, қолайсыз ауа райы алдын ала белгілі болған. Осыған байланысты коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеген. Қосымша арнайы техника мен жұмыс күші жұмылдырылған. Ресми дерекке сәйкес, 75 жедел бригада құрылып, оған 425 жол жұмысшысы тартылған. Сондай-ақ 2300 қап құм дайындалған. Жалпы тәулік ішінде жұмыстарға…

Read More

Қазақстанда азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында берілуі тиіс 4 114 дәрі-дәрмектің заңсыз сатылғаны анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомство мәліметінше, дәрілік заттардың айналымына 2024 жылдың 1 шілдесінен бастап енгізілген таңбалау жүйесі арқылы талдау жүргізілген. «Таңбаланған тауарлардың электрондық құжат айналымы орталығы» аналитикалық платформасының деректеріне сәйкес, республика бойынша бірқатар дәріханада тегін таратылуы тиіс дәрілердің сатылғаны тіркелген. Министрлік жүргізген тексерулер нәтижесінде 74 нысан қамтылып, соның ішінде 31 ұйымға жалпы сомасы 12,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Ал 43 мекемеге анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Тексеру барысында ТМККК аясында науқастарға берілген дәрілердің заңсыз саудаға түскені анықталған.…

Read More

17 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинақтарын пайдалану ережесіне өзгеріс енгізілді. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұл қаражат енді тек ипотекалық несиенің негізгі қарызын жабуға ғана бағытталады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұдан былай зейнетақы ақшасын банктің пайыздарын төлеуге, сондай-ақ айыппұлдар мен өсімпұлдарды өтеуге пайдалана алмайсыз. Мұндай қосымша төлемдерді қарыз алушы тек өз қаражаты есебінен төлеуге міндетті. Еске сала кетейік, бұған дейін қолданыста болған талаптар бойынша зейнетақы жинағын несиенің негізгі сомасымен қатар, банк есептеген сыйақыны өтеуге де қолдануға рұқсат етілетін.

Read More