Автор: admin
Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Асхат Алагөзов «Бішкек Арена» стадионының құрылысына қатысты толық ақпарат берді. Оның айтуынша, стадион 386 миллион долларға салынған. Ол «нысан 60 миллион долларға салынды» деген ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Асхат Алагөзовтің сөзінше, құрылыс бастапқыда 30-35 мың көрерменге арналған кәдімгі стадион ретінде жоспарланған. Сол кезде оның құны шамамен 60-70 миллион доллар болады деген болжам айтылған. Кейін Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бастапқы жобаны өзгертіп, стадионды киіз үй пішінінде салуды тапсырған. Жобаға сауда орталықтары, мейрамханалар мен дәмханалар, супермаркет, кинотеатрлар, спорт залдары және балалар алаңы енгізілген. Осыған байланысты жоба толық қайта жасалып, ғимараттың жалпы ауданы 194 248 шаршы метрге…
Ақмола облысында әлеуметтік желіде балағат сөздер жазылған жарияланым таратқан тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін Арман Шораев әлеуметтік желіде жазбаны бөліскені үшін оны жауапқа тартайын деп жатқанын хабарлаған болатын. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында аталған жарияланымды анықтаған. Осыған байланысты Арман Шораевқа қатысты әкімшілік іс қозғалған. Іс материалдарын қараған сот Арман Шораевты кінәлі деп танып, оған 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Алматыдағы Тұңғыш Президент саябағы қайта жаңғырту кезінде толық жабылады, деп хабарлайды Tarazy.kz Тұңғыш Президент саябағын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасып жатыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуіне байланысты саябақ аумағы қала тұрғындары мен қонақтары үшін толық жабылады. Жоба аясында аумақты кешенді көркейту, инженерлік және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, көгалдандыру, сондай-ақ, жайлы әрі қауіпсіз жағдай жасау жұмыстары жүргізіледі. Саябақ жабық болған кезде қала тұрғындары мен қонақтары жақын маңда орналасқан Flow Park аумағын пайдалана алады. Flow Park келушілер үшін ашық. Оған іргелес аумақтарды байланыстыратын жүргінші көпірі арқылы өтуге болады. Тұңғыш Президент саябағы қайта ашылатын күн қосымша хабарланады.
Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аяқталғаннан кейін жалпы медаль есебіне қатысты дау туды. Қазақстан тарапы ұлттық құраманың 32 алтын медаль жеңіп, бірінші орын алғанын мәлімдеді. Ал ұйымдастырушылар басқа есеп ұсынып, Қырғызстанды көш басына шығарды. Кейін даулы кестелер өшіріліп, «ойындарда ресми медаль есебі жүргізілмейді» деген түсініктеме берілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Қазақстан 32 алтын алғанын мәлімдеді Қазақстанның Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, ұлттық құрама 32 алтын, 20 күміс және 22 қола медаль жеңіп алған. Жалпы жүлде саны — 74. Осы есеп бойынша Қазақстан бірінші, 30 алтын иеленген Қырғызстан екінші, жеті алтын алған Ресей үшінші орынға шыққан. Министрлік бұл мәліметтің барлық жарыс нәтижесі…
Бурабай аудандық соты Щучинск қаласындағы «Центр плова Loft» дәмханасында болған жарылысқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Апат салдарынан 12 адам қаза тауып, 11 адам түрлі жарақат алған, деп хабарлайды Tarazy.kz Сот шешімімен: Дәмхананы жалға алған кәсіпкер 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ оған үш жыл бойы қоғамдық тамақтану саласында қызметпен айналысуға тыйым салынды. Жанармай құю станциясының директоры да 7 жылға сотталды. Ал газ баллондарын жеткізумен айналысқан азамат 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сот зардап шеккендердің азаматтық талап-арыздарын ішінара қанағаттандырып, әрқайсына 1 миллионнан 4 миллион теңгеге дейін өтемақы төлеуді міндеттеді. Қайғылы оқиға қалай болған еді? Еске салсақ, 2024…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұлттық құрамасын VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Президент осынау жоғары нәтижеге спортшыларымыз тайсалмас табандылықтың, жанқиярлық еңбек пен мұқалмас ерік-жігердің арқасында жеткенін атап өтті. Мемлекет басшысы чемпиондар мен жүлдегерлерге, бапкерлер құрамына және барша мамандарға шынайы ризашылығын жеткізіп, мұндай ерен жетістіктер Қазақстанның ұлттық спорт түрлері дамыған ел ретінде халықаралық беделін асқақтата түсетінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыларымыздың ең беделді сайыстарда биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді. Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан болатын. Ойындар қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар 74 медаль жеңіп алды. Оның…
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева белгілі қоғам қайраткері Гүлмира Кенжеболатованың туған күніне арналған кеште көзге түсті, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы әнші Толқын Забирова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, мерекелік шара барысында Дариға Нұрсұлтанқызымен жүздесудің мүмкіндігі туған. «Осы кеште Дариға Нұрсұлтанқызымен кездесіп, кезінде Тұңғыш Президент қорының ғылым жолындағы жастарға көрсеткен қолдауына алғысымды білдірдім. Диссертация қорғаған жылдары қор тарапынан үлкен көмек көрсетіліп, монографияларымызды жарыққа шығаруға мүмкіндік берілген еді. Бұл қолдаудың біз үшін маңызы зор болды», – деп жазды Толқын Забирова. Әнші аталған қолдау үшін ризашылығын жеткізіп, өз алғысын білдіргенін атап өтті.
Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында тоғызқұмалақ жарыстары өз мәресіне жетті. Ұлттық спорт түрінен Қазақстан құрамасы жекелей және командалық сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, төрт алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Tarazy.kz 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында ұйымдастырылған жарысқа әлемнің 48 елінен 133 спортшы қатысты. Оның ішінде 67 ер және 66 әйел спортшы жекелей және командалық есепте жүлдеге таласты. Қатысушы мемлекеттердің географиялық ауқымы да кең болды. Еуропадан – 16, Африкадан – 13, Азиядан – 11, Америка құрлығынан 8 мемлекет тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтады. Әйелдер арасындағы жекелей сайыс: 1. Мөлдір Серікқызы (Қазақстан) 2. Аружан Салман (Қазақстан) 3. Гүлжамал Сарыкеева…
Сәтбаев университетінде инженерлік әзірлемелерді цифрлық модельден бастап дайын өнеркәсіптік өнімге дейін жеткізуге мүмкіндік беретін Mechanical Prototyping & Pilot Production орталығы ашылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа орталық «Idea to Product» – «идеядан өнімге дейін» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Мұнда жобалау, дайындау, прототип жасау және сынақтан өткізу кезеңдері бір өндірістік алаңға біріктірілген. Орталықта инженерлік жоба CAD/CAM-модель мен конструкторлық құжаттамадан бастап прототипке, өнеркәсіптік үлгіге және шағын сериялы өндіріске дейін жеткізіледі. Бір мезетте оқу-өндірістік алаңдарда 100 адамға дейін жұмыс істей алады. Жоба әсіресе студенттер мен жас ғалымдардың практикалық дағдыларын дамытуға бағытталған. Олар заманауи өндірістік жабдықтармен жұмыс істеп, нақты инженерлік міндеттерді шешуге қатысады. «Кейде серіктестеріміз…
Алматы облысының әкімі қызметіне генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов тағайындалды. Бұған дейін Президент күзеті мен Төтенше жағдайлар министрлігінің тізгінін ұстаған шенеунік енді өзі дүниеге келген өңірге басшылық етеді. Осыған орай Dalanews.kz редакциясы жаңа облыс әкімінің еңбек жолына және қызметтік өсу сатысына шолу жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz Шыңғыс Әрінов 1983 жылғы 29 қазанда Алматы облысында дүниеге келген. Деректерге сүйенсек, ол Талғардағы 2 мектепте білім алған. Жаңа әкім қазір 42 жаста. Үш жоғары оқу орнын тәмамдаған Әріновтің алған білімі бірнеше саланы қамтиды. Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде халықаралық қатынастар мамандығы бойынша оқыған. Бұдан кейін Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ…