Автор: admin

Халықаралық кинологиялық федерация (FCI) 2024 жылы тарихи шешім қабылдап, қазақтың тазы итін дербес тұқым ретінде таныды және Қазақстанды осы тұқымның ресми иесі ретінде бекітті, деп хабарлайды Tarazy.kz DKNews.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл құжаттағы жай ғана жол емес. Бұл тұтас бір халықтың мәдениеті, дәстүрі мен тарихының халықаралық деңгейде мойындалуы. Қазақ дәстүрінде тазы үйдің басты құндылықтарының қатарында болған. Оны кез келген адамға сата салмаған, сән үшін асырамаған. Тазы тұрмыс-тіршіліктің, көшпелі өмір салтының ажырамас бөлігі еді. Енді бұл тұқым ресми түрде танылды. Оның бекітілген стандарты, шығу тегі көрсетілген елі және халықаралық болашағы бар. Еске салайық, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің іс басқармасына жеті қазынаның…

Read More

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Turkistan газетіне берген көлемді сұхбаты жарияланды, деп хабарлайды Tarazy.kz — Жаңа жыл қарсаңында Кремльде Тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаев Ресей басшысымен тағы да кездесті. Кремльге қарасты ақпарат құралдары бұл жайында кеңінен мәлімет таратты. Кездесу туралы көптеген пікір айтылып, өсек-аяң өрбіді. Тіпті, Қазақстанда 2029 жылы болатын билік транзиті туралы сөз қозғалыпты, Назарбаев Владимир Путиннің тікелей қолдауымен сол істе ең басты рөл атқарғысы келеді екен деген алып-қашпа әңгіме шықты. Сіз былтырғы сұхбатыңызда Тұңғыш президент партияның ірі қайраткері ретінде көп уақытын өткізген Мәскеуді сағынатын болар, сондықтан ол жаққа жиі барады деп түсіндірген едіңіз. Дегенмен, көптеген азамат сіздің осындай саммиттерге шынайы көзқарасыңызды білгісі келеді.…

Read More

Қаңтар–қараша айларының қорытындысы бойынша Астанада LRT желісін салуға республикалық бюджеттен 329,6 млрд теңге жұмсалды. Бұл – биылғы жылға жоспарланған қаржының 99,2 пайызы, деп хабарлайды Tarazy.kz Бірінші кредиттік бюро мәліметінше, аэропорттан елорданың жаңа теміржол вокзалына дейінгі жеңіл рельсті көлік желісін қаржыландыру көлемі былтырғы көрсеткіштерден бірнеше есе асып түсті. 2024 жылы LRT құрылысына 28,4 млрд теңге,2023 жылы 52,4 млрд теңге бөлінген. Барлық жағдайда қаражат Ұлттық қордан мақсатты трансферттер есебінен бағытталған. Шығын көлемі бойынша LRT жобасы көлік саласындағы ең ірі бюджет жобаларының біріне айналды. Оның құрылысына жұмсалған қаржы көлік және коммуникациялар бағытына бөлінген республикалық бюджет шығыстарының шамамен үштен бірін құрады. Салыстыру үшін: 2025 жылы…

Read More

Speedtest Global Index қараша айындағы интернет жылдамдығына қатысты әлемдік рейтингті жариялады. Нәтижеге сәйкес, мобильді интернет сапасы бойынша Қазақстан бір саты төмендеп, 46-орынға жайғасты. Елдегі мобильді интернеттің орташа жүктеу жылдамдығы 93,07 Мбит/с деңгейінде тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz Салыстырмалы түрде айтсақ, Жапония бұл көрсеткіш бойынша 62-орында тұр – 65,14 Мбит/с. Мобильді интернет жылдамдығы ең жоғары елдер: Біріккен Араб Әмірліктері – 672,68 Мбит/с Катар – 542,56 Мбит/с Кувейт – 398,66 Мбит/с Ал ең төменгі көрсеткіш Боливияда тіркелген – 14,35 Мбит/с. Тіркелген кеңжолақты интернет (fixed broadband) жылдамдығы рейтингі бойынша да Қазақстанның позициясы әлсіреді. Бұл санатта ел 91-орынға түсіп, орташа жылдамдық 83,5 Мбит/с болды. Ал Жапония 23-орында орналасып,…

Read More

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева 2025 жылғы блиц шахматтан әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Айта кетейік, блиц — жылдам шахматтың бір түрі. Финалда қазақстандық спортшы украиналық Анна Музычукты төртінші, шешуші партияда жеңді. Бұған дейінгі үш партия тең нәтижемен аяқталған. Турнир Қатар астанасы Доха қаласында өтті. Асаубаева алдымен швейцариялық жүйе бойынша өткен кезеңде 15 турдың қорытындысы бойынша бірінші орын алып, жартылай финалға жолдама алды. Жартылай финалда ол қытайлық Чжу Цзиньэрге қарсы ойында толық басымдық танытып, үш партияны қатарынан жеңіп шықты. Финалда Бибісара Асаубаева Украина өкілі Анна Музычукпен кездесті. Алғашқы үш партия тең аяқталып, төртінші, соңғы партияда қазақстандық шахматшы қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион…

Read More

Qazaq Stroy компаниялар тобының негізін қалаушы әрі иесі Нұрлан Артықбаев Қазақстандағы ірі мыс өндіруші Қазақмыс компаниясын сатып алды, деп хабарлайды Tarazy.kz Өнеркәсіп алыбын сатып алу жөніндегі мәміленің аяқталғаны туралы Forbes.kz хабарлады. Сату құны мен мәміле үшін пайдаланылған қаражаттың қайдан алынғаны жария етілген жоқ. Желтоқсан айының басында «Қазақмыс» активтерді сату бойынша келіссөздер жүріп жатқанын растаған болатын. Алайда оның себептері сол кезде айтылмады. Ол кезеңде компанияның иелері миллиардер Владимир Ким (70 пайыз) және кәсіпкер Эдуард Огай (30 пайыз) еді. Елдегі ең бай адамдардың бірі саналатын Владимир Ким ұзақ жылдар бойы Қазақстанды басқарған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «әмияны» ретінде бейресми түрде аталып келген.

Read More

«ҚазАвтоЖол» бірқатар өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz 31 желтоқсанда Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ұлытау, Қызылорда, Түркістан, Батыс Қазақстан, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Атырау, Қостанай, Абай және Павлодар облыстарының кей жерлерінде қар аралас жаңбыр жауады. «Сол себепті жүргізушілерден жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райы қолайсыздығын ескеруді сұраймыз. 1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады», — деп жазылған хабарламада.

Read More

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында бұрын Мәжіліс депутаттығына кандидат болған, «Өзенмұнайгаз» компаниясының белсендісі Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Телеграмдағы мәлімет бойынша, оқиға 28 желтоқсанға қараған түні болған. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сол күні таңғы сағат 04:10-да Мұратбай Жұмағалиев ауыр хәлде Жаңаөзен қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оған жабық бас-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай және бет тұсында екі жақты көптеген сырылу жарақаттары деген алдын ала диагноз қойған. Жағдайының ауырлығына байланысты науқас бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Кейін ол травматология және нейрохирургия бөлімшесіне ауыстырылды. Қазіргі уақытта оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Аталған дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында Мұратбай Жұмағалиевті…

Read More

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ЛГБТ насихатына тыйым салуды көздейтін заңнамалық түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Парламенттегі талқылаулар барысында әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова ЛГБТ өкілдеріне жататынын мойындау Қазақстан заңнамасы мен халықаралық құқық нормалары бойынша құқықбұзушылық болып саналмайтынын атап өтті. Сондықтан бұл үшін жауапкершілік көзделмейді. Оның айтуынша, жауапкершілік тек мұндай қатынастарды насихаттаған жағдайда ғана қарастырылады. Вице-министрдің мәліметінше, аталған норма Қазақстан ратификациялаған халықаралық шарттарға қайшы емес. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов та түсіндірме берді. Оның сөзінше, ЛГБТ насихатына қатысты арнайы жаза түрлері енгізілмейді. Бұл әрекет «құқыққа қарсы контент тарату» ретінде бағаланады. Қолданыстағы нормаларға сәйкес: мұндай контент таратқандарға 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл…

Read More

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, Талдықорғанның бұрынғы әкімі Дастан Шалтабаевтың ұлы — Тұрарбек Тұрлыхан Алматыда бірнеше рет жасалған алаяқтық фактілері бойынша ұсталған, деп хабарлайды Tarazy.kz Egov.press телеграм арнасының мәліметінше, бұған дейін ол үш эпизодқа қарамастан қамауға алынбай, үйқамаққа жіберілген. Желіде тараған бейнежазбада күдікті азамат өз әрекетін толық мойындайтынын жеткізеді. Видеода белгісіз адамдар оның жеке дерегін нақтылап, ақшаны қандай мақсатпен алғанын сұрайды. Күдікті бірнеше рет ақша алғанын және оларды қарыз ретінде емес, уәде берілген қызмет үшін алғанын растаған. Бейнежазбадағы диалогта ол бірнеше үлгідегі iPhone құрылғысын әперемін деп уәде беріп, ақша алғанын, сондай-ақ “салық мәселесі бойынша көмектесемін” деп 5 миллион теңге иемденгенін айтқан. Сонымен қатар ақшаны…

Read More