Автор: admin
11 сәуірде Бұхара қаласында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекеттер басшылары екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен одақтастықты нығайту перспективасын, сондай-ақ өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылауды жоспарлап отыр.
Forbes Woman Kazakhstan алғаш рет елдегі ең бай 25 әйелдің рейтингін жариялады. Тізімге енгендердің жиынтық байлығы шамамен 8 млрд доллардан асады, деп хабарлайды Tarazy.kz Forbes.kz ұсынған мәліметке сәйкес, рейтинг көшін 5,4 млрд доллар байлығымен Динара Құлыбаева бастайды. Ол Halyk Bank-тің ірі акционері және Altynalmas алтын өндіру компаниясымен байланысты. Екінші орында шамамен 640 млн доллар капиталы бар Мукадасхан Ибрагимова тұр. Оның негізгі активі – Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы үлес. Үшінші орынды 550 млн доллармен Дариға Назарбаева иеленген. Оның активтері медиа саласына тиесілі. Атап айтқанда, Khabar агенттігі және бірқатар телерадио жобаларға басшылық етеді. Төртінші орында 250 млн доллар шамасында байлығы бар Анжела…
Алматы облысында 15 жастағы жетім қызға қатысты ауыр қылмыс дерегі тіркелді, деп хабарлайды Tarazy.kz Еуразия бірінші арнасына сілтеп. Алдын ала мәлімет бойынша сегіз күдікті екі ай бойы жасөспірімді қорқытып, зорлық көрсеткен. Телеарна мәліметінше, олардың екеуі ауыл мұғалімдерінің балалары екені айтылып жатыр. Жәбірленуші қысым мен бопсалауға байланысты бұл туралы жақындарына айта алмаған. Күдіктілер түрлі бейнежазбаларды жариялаймыз деп қорқытқан. Оқиға туралы қыздың отбасына мектеп директоры хабарлаған. Кейін бірден прокуратураға арыз түсірілген. Қазір бұл іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілер қайда екені және олардың жауапкершілікке тартылуы бойынша ресми органдарға сұрау салдық. Алматы облыстық полиция департаменті екі күдіктіні ұстапты. Қоғамда үлкен шу тудырып, елді…
Freedom Holding Corp. басшысы Тимур Турлов «Астана» футбол клубын сатып алу туралы тараған ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, мұндай мүмкіндікті компания шындап қарастырмаған. «Жоқ, біз бұл мүмкіндікті қарастырған жоқпыз. Біз академияны Қарағандыда салу туралы шешімді ол кезде футбол клубтарын жекешелендіру тақырыбы талқыланбай тұрған кезде қабылдағанбыз. Сондықтан бізде балама нұсқалар болған жоқ», – деді ол. Турловтың сөзінше, клубты сатып алу идеясы бастапқы жоспарларда болмаған. «Мен бұл кейінірек, академия толық іске қосылған соң болуы мүмкін деп ойлаған едім. Бірақ бұл мәселе ертерек көтерілді. Дегенмен біз ешқашан астаналық клубты сатып алуды нақты қарастырған жоқпыз», – деді ол.
Жетісу жерінде Ұлттық Студенттік Лиганың Шығыс дивизионы аясындағы волейбол жарысы жоғары деңгейде өтті. Үш күнге созылған тартысты додада Шығыс дивизионына қарасты жоғары оқу орындарының командалары өзара бақ сынасып, шеберліктерін көрсетті, деп хабарлайды Tarazy.kz Жарыстың алғашқы күнінде Шәкәрім университеті, Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті, Әлихан Бөкейхан университеті, Семей медицина университеті және І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің командалары алаңға шығып, жанкүйерлерге қызықты әрі тартысты ойын сыйлады. Әр кездесу жоғары қарқынмен өтіп, командалар тактикалық шеберлігі мен командалық үйлесімділігін көрсете білді. Жетісу өңірінде ерлер мен әйелдер арасында өткен маңызды спорттық шараны Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті қабылдап, ұйымдастырған еді. Білім ордасының заманауи спорттық…
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев маңызды заңға қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Бірнеше күн бұрын Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қауіпсіз еңбек жағдайларын жетілдіру, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осы заңға сәйкес мынадай өзгерістер болады: Еңбек қатынасының белгілері анықталса, азаматтық-құқықтық келісімшарт (ГПХ) рәсімдеуге жол берілмейді. 14 жасқа толмаған балалары бар жалғызбасты ата-аналарды жұмыс беруші өз бастамасымен жұмыстан шығара алмайды, қысқарту кезінде де бұл талап сақталады. Жазатайым оқиға кезінде қызметкердің кінә деңгейі 25%-дан аспайды. Ер азаматтардың декреттік демалысы зейнетақы есептеу барысында ескеріледі. Еске салайық, бұған дейін…
Ұлытау облысында әйел адамды асқан қатыгездікпен өлтіріп кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz. Оның артында төрт баласы қалды. Полиция мәліметінше, күдікті – оның 33 жастағы бірге тұратын азаматы. Қылмыстан кейін ер адам өзіне зиян келтіруге әрекет жасап, қазір ауруханада жатыр. «Қазіргі уақытта ол медициналық мекемеде тәулік бойы күзетпен жатыр», – деп хабарлады Ұлытау облыстық полиция департаменті. Сот күдіктіні қамауға алуға санкциялаған. Емделіп шыққаннан кейін ол тергеу изоляторына жіберіледі. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мейрамбек Бесбаев жас әнші Еркеш Хасенге көлік алып берді, деп хабарлайды Tarazy.kz. Жақсы жаңалықты Еркеш Хасен әлеуметтік желіде бөлісті. Әншінің айтуынша, көлікке ие болуы күтпеген жерден болған. Ол жобалардың бірінен кейін үйіне қайтпақ болғанда Мейрамбек Бесбаев көлігі бар-жоғын сұраған. Еркеш Хасен такси шақырғанын айтқан. Келесі күні Мейрамбек Бесбаев одан көлігі жоқ екенін нақтылап сұрап, бағдарлама аяқталған соң бөлмесіне шақырған. Сол жерде ол жас әншінің жағдайын жүрегіне жақын қабылдағанын айтып, картасының нөмірін қалдыруын сұрап, жақын күндері көлік алуға көмектесетінін жеткізген. «Мен үшін үлкен сый, үлкен құрмет. Аллаға шүкір, бүгін Мейрамбек Бесбаев ағам көлік сатып алып берді», — деді Еркеш Хасен. Желі…
Кейінгі жылдары Қазақстаннан еңбек көші-қонының бағыты өзгеріп, жоғары білікті мамандардың бір бөлігі Еуропа мен Таяу Шығыс елдерінің орнына Өзбекстанды таңдай бастаған. Бұл үрдіс, әсіресе, тәжірибелі әрі қалыптасқан кәсіби мамандар арасында айқын байқалады. Qazaq Expert Club сарапшысы, кадрлық даму саласының маманы Арман Шоқпаров Өзбекстанда жұмыс істейтін 60-тан астам қазақстандық арасында зерттеу жүргізген, деп хабарлайды Tarazy.kz Оның айтуынша, бұл қатарға жас мамандар емес, 30–45 жас аралығындағы, еңбек өтілі 10–20 жылдан асатын кәсіби кадрлар кіреді. «Бұл – өз саласында қалыптасқан, тәжірибесі мол мамандар. Олар негізінен қаржы секторы, ІТ, телеком және халықаралық консалтинг салаларында еңбек етеді», — дейді Арман Шоқпаров. Сарапшының сөзінше, мұндай мамандар көбіне…
Астанада Екатерина Биволға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, Астана қаласының Полиция департаменті Екатерина Биволға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру фактілеріне қатысты қолданылады. Заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша айыппұл салудан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Еске салайық,бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған және оны экстрадициялау мәселесі көтерілетінін хабарлаған болатын. Кейін оған іздеу салынған. Оған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да тіркелген. Онда Екатерина…