Автор: admin
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық гвардияның әскери бөліміне барды, — деп хабарлайды Tarazy.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. Қазақстан Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы нысанды аралау барысында 5573 әскери бөлімінің макет-үлгісімен және ақпараттық тақтасымен, жатын және қызметтік инфрақұрылымдарының жағдайымен танысты. Сондай-ақ, әскерилердің оқу-жаттығу нысандары мен қару-жарақ көрмесін аралады. Қазақстан Президенті Ұлттық гвардияның командалық құрамы мен әскери қызметкерлермен әңгіме барысында олардың елдегі тұрақтылықты сақтауда, азаматтар мен қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде маңызды міндеттер атқарып жүргендерін атап өтті. Сонымен қатар, әскерилердің әлеуметтік мәселелеріне жеке тоқталды. «Кредиторлық қарыздар әсіресе баспанаға төлем — өз алдына жеке мәселе. Үкімет осы қарыздарды толық өтеу бойынша түпкілікті шара қабылдауы қажет. Әскерилердің әлеуметтік мәселесі…
В Жамбылской области предприниматель подарил многодетной семье квартиру, сообщает ZhambylNews. Жительница города Жанатас Нургуль Конысбаева на протяжении долгих лет самостоятельно не могла приобрести жилье. «У меня не было дома. В жизни я видела много трудностей. Я рада, что у моей семьи теперь есть крыша над головой — двухкомнатная квартира. Я и не надеялась, что у меня появится собственное жилье», — рассказывает Нургуль. © zhambylnews.kz Счастье семье подарил предприниматель Фархат Шайымқұлов. Ранее бизнесмен обеспечил несколько малообеспеченных семей продуктами и другими товарами первой необходимости, по возможности мужчина всегда участвует в благотворительной деятельности. «Видя много нуждающихся семей и их плохие условия жизни, я решил, что…
Димаш Құдайберген тыңдармандарына алғашқы жеке альбомы шығатын күнді айтты. Бұл туралы әртіс Instagram желісіндегі парақшасында жазды. «Туған күніме орай алғашқы жеке альбомымның шығатын күнін хабарлаймын. 14.06. 2019», — деп жазды Димаш Құдайберген. Еске сала кетсек, Димаш 29 маусым күні Нұр-Сұлтанда жеке кешін береді.
Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Қазгидромет» РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап. — 26 мамырда түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын болады. 26 мамырдан 27-не қараған түні солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Сондықтан кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. 26 мамырдың кешінде Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі, — деп ескертеді синоптиктер. Сондай-ақ, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында желдің екпіні жылдамдығы секундына…
29 маусым күні Нұр-Сұлтанда президенттік сайлауға түсетін кандидаттар арасында телевизиялық пікірталас өтеді деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы. ОСК Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында сайлау алдындағы пікірталастар мен пікірсайыстар өткізу туралы қаулыны қабылдады. «Қабылданған қаулымен сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстар өткізілетін күн анықталды. Ол 2019 жылғы 29 мамырда Нұр-Сұлтан қаласында «Хабар» агенттігі АҚ-ның телевизиялық арнасы эфирінде көрсетіледі», — деді ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен. Оның сөзінше, қазіргі уақытта сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстарды жүргізу тәртібін көздейтін регламент әзірленген. Телепікірталас 3 раундқа бөлінген. Бірінші раундтың тақырыбы — «Қазақстанның экономикалық даму басымдықтары». Сайлау алдындағы телевизиялық пікірталастар мен пікірсайыстардың бірінші раунды екі турды…
Facebook компаниясы 2018 жылдың қазан айы мен 2019 жылдың наурызы аралығында 3 миллиард жалған аккаунтты бұғаттаған. Бұл өткен жылғы көрсеткішімен салыстырғанда екі есе көп, — деп жазады Associated Press. Компания өкілдері хабарлағандай, әлеуметтік желіге тіркелушілердің 5%-ы жалған аккаунттар екен. Олар желіні бір айдай уақыт қана қолданатын көрінеді. Спам мен жалған ақпараттарды таратып, желі ережесін бұзады. Тіпті ондай жалған аккаунттардың көпшілігі ашылған бойда өшіріледі екен. Facebook желісі қолданушылардың жалған ақпараттарды таратпауымен күресіп келеді. Күдікті аккаунттарды да бақылаудан тыс қалдырмайды.
Украинаның президенті Владимир Зеленский мемлекет басшысы қызметінен кету жайлы петицияны қарастырмайтынын мәлімдеді, бұл туралы президент әкімшілігінің басшысы Андрей Богдан «1+1» телеарнасына берген сұхбатында айтты. Богданның сөзінше, Зеленскийдің командасы бұл петицияны «күлкілі әзіл» деп қабылдаған. Саясаткердің айтуынша, президенттің өз өкілеттігін тоқтатуы заңда белгіленген және бұл ұсынысты олар қарастырмайды. Богданның сөзінше, бұл петиция Зеленскийдің әрекетіне халықтың бір бөлігі көңілі толмайтынын көрсетеді. Оның айтуынша, жаңа президенттің командасы ол адамдарды өз жағына қарату үшін қажет деген іс-шаралар жасайды. Зеленскийдің қызметінен кету туралы петиция 22 мамырда тіркелді. Бір тәулікте оған 25 мың адам қол қойған. Бұл жағдай мемлекет басшысын петицияға қарауға міндеттейді. Материалдық дайындау барысында қол қоюшылардың саны 40 мың болды. Кейін Украина президентінің сайтында Зеленскийдің қызметінен кету…
Қазақстанда алғаш рет еуропалық үлгідегі жол белгілері қойылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ведомство мәліметінше, республикалық маңызы бар автожолдарда жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында замануи әдістер қолданылды. Соның бірі Жамбыл облысында республика бойынша тұңғыш рет күн сәулесінен қуат алып, түнгі мезгілде жанып тұратын жарық сигналдары (катафоттар) және KAZAUTOZHOL логотипі бар белгі беру бағаншалары орнатылды. «Көліктердің қауіпсіз қозғалысын арттыру мақсатында еуропалық үлгідегі жаңа белгілері Жамбыл өңіріндегі А2 «Алматы-Ташкент-Термез» автожолы «Тараз қаласы айналма жолы» учаскесінің 484 шақырымында, «Күйік асуын айналып өту» жолының 556-шақырымында, Нұрлыкент елді мекенінің тұсындағы 567-шақырымында (көліктердің кері бұрылу жерінде) қойылды. Жаңа үлгідегі жол белгілері…
ҚР Президенті Қасым- Жомарт Тоқаев экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін экономикада жаңа мемлекеттік компанияларды құруға мораторий жариялаймын, — деді Президент мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП, ұлттық компаниялар мен отандық бизнес өкілдері қатысқан Ұлттық инвесторлар кеңесінде. Оның сөзіне қарағанда, экономикадағы мемлекеттің шекарасын нақты айқындау керек. Қиын-қыстау кездері мемлекет үнемі өзіне экономикалық өсімді қолдаудың жүктемесін алып келді. Экономиканың жүйелік бәсекеге қабілеттілігі жеке бизнес есебінен қалыптасатынын ұмытпау керек. Сондықтан экономикада мемлекеттің үлесін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарына дейін жеткізу мақсаты қойылған болатын», — деді Мемлекет басшысы. Қасым-Жомарт Тоқаевтың пайымынша, бұл өз кезегінде жеке инвестицияларға, сондай-ақ шағын…
1 маусымынан бастап жыл сайынғы «Көкнәр-2019» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы басталады, ол жабайы өсетін есірткі өсімдіктерінің заңсыз егістіктері мен аумақтарын анықтауға және жоюға, есірткінің заңсыз таралуына қатысы бар тұлғаларды ұстауға және есірткі арналарының жолын кесуге бағытталған. Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Көкнәр-2019» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу қарсаңында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Махамбет Абисатов Жамбыл облысының Шу қаласына жұмыс сапарымен келді. Ол Жамбыл облысының Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Нұржан Қалметовпен бірге Полиция департаментінің «Дельта-Долина» есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі өңіраралық бөлімінде болып, бөлімнің жеке құрамымен танысты, сондай-ақ қызметкерлер қолданатын техникалық құралдар мен жабдықтарды…