Автор: admin
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза білім беру мекемелеріндегі қауіпсіздік жайы туралы айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Премьер-министрдің орынбасары — мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға сауал жолдаған депутаттың пікірінше, білім беру мекемелеріндегі, әсіресе, балабақшалар мен мектептердегі күзет баса бақылауды талап етеді. «Көп жағдайда мұндай функциялар формальды сипатта ғана, ал іс жүзінде оны көбіне зейнет жасындағы адамдар атқарып жүр. Мұндай жағдай көбіне жалақы төмендігінен туындап отыр. Соның салдарынан бұл жұмысқа білікті мамандарды тарту қиын», — деді Мәжіліс депутаты. Самат Нұртаза Алматыда тіркелген жантүршігерлік деректі баяндады. «Соның бір мысалы ретінде жақында Алматы қаласындағы университеттердің бірінде болған сұмдық жағдайды айтсақ болады. Студент оқу орнына пышақ алып…
ҰҚК жыл басынан бері 126 дерек тіркелгенін, оның ішінде 110-ы сыбайлас жемқорлық екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Дерекке сүйенсек, оның басым бөлігі парақорлық, алаяқтық және лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану сияқты қылмыстарға қатысты. «89 адамның заңсыз қызметі тоқтатылды. 129 қылмыстық істі тергеу аяқталды, оның 121-і сотқа жіберілді. Анықталған залал сомасы (аяқталған қылмыстық істер бойынша) — 18 млрд теңге», — деді ҰҚК өкілдері. Бюджетке 100 млн теңгеден аса қаржы қайтарылған.
Қазіргі уақытта Пәкістанның Исламабад қаласында Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі мен жетекші спорт федерациялары өкілдерінен құралған делегацияның жұмыс сапары өтіп жатыр. Сапар Пәкістан Ислам Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапарға дайындық аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды Tarazy.kz Жұмыс сапарының негізгі мақсаты – Қазақстан мен Пәкістан арасындағы спорт саласындағы екіжақты ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды іске қосу және спорттық дипломатияны дамыту. Қазақстан делегациясының құрамында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Бауржан Рапиков, министрлік өкілдері, сондай-ақ грэпплинг, қазақ күресі, тоғызқұмалақ, шахмат және бокс федерацияларының басшылары мен танымал спортшылар бар. Делегация қатарында әлем және Азия чемпиондары, халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері де қатысып жатыр. Бүгін, 3 ақпанда, Исламабад қаласындағы…
Жетісу университетінде ҚР Конституциясының жобасын талқылауға арналған жиын өтті. Басқосуды Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериев жүргізіп, өз сөзінде қайта жазылған Ата заң жобасының халық талқысына ұсынылуы қоғам үшін аса маңызды қадам екеніне тоқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жиын барысында психология ғылымдарының докторы, қауымдастырылған профессор, оқытушы Хапиза Наубаева Конституцияның жалпы құрылымына жан-жақты тоқталып, оның бөлімдері мен негізгі қағидаттарына ғылыми тұрғыда талдау жасады. Ал аға оқытушы Болат Молдабеков Конституцияның жекелеген баптарын тарқатып, әсіресе, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты нормалардың мазмұнына ерекше назар аударды. Құқық және экономика факультетінің оқытушысы Салтанат Тыныстанова өз баяндамасында Конституцияның әрбір бабына жеке-жеке тоқталып, толықтырылған және жаңартылған…
Қаладағы кафелердің бірінде төгілген шайдың салдарынан жанжал шығып, оқиға күш қолданумен аяқталған. Бұл туралы жәбірленуші Lada.kz сайтына айтып берді. Оқиғаға қатысты пікірді Маңғыстау облыстық полиция департаменті де ұсынды, деп хабарлайды Tarazy.kz Оқиға 2025 жылғы 31 желтоқсан кешке болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол кафеде отырған кезде шайды байқамай төгіп алған. Осыдан кейін мекеме иесі жиһазды химиялық тазалауға кететін ақшаны бірден төлеуді талап еткен. Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бірнеше ер адамның қызға күш көрсеткені көрінеді. Олар оны итеріп, ұстап, шашынан сүйреген. Оқиға келушілердің көзінше болған. Жәбірленуші шығынды өтеуден бас тартпағанын айтады. «Мен қарсы болған жоқпын. Ағама хабарласамын, ол келіп, бәрін шешеміз дедім»,…
«ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы жол жабынында ақаулар анықталғандықтан, уақытша ақы алынбайтын республикалық маңызы бар автожолдар тізімін жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz Компания мәліметінше, 2025 жылғы 15 қыркүйектен бастап республикалық маңызы бар ақылы жолдарда төлем алу тәртібі өзгертілген. Жаңа ережеге сәйкес, қозғалыс қауіпсіздігі мен жүргізу жайлылығына кедергі келтіретін ақауы бар жол учаскелері үшін жүргізушілерден ақы алынбайды. «Бұл шешім Автомобиль жолдары комитетімен келісілді. Қазіргі таңда дефект анықталған жол жабынының жалпы аумағы шамамен 1,1 млн шаршы метрді құрайды. Мақсат – жолдарды нормативке сай келтіру және жүргізушілер үшін қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау», – делінген хабарламада. Аталған учаскелерде төлем 29 қаңтардан бастап және барлық ақаулар толық жойылғанға…
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов өз еркімен атқарып отырған қызметтерінен босатылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ведомство мәліметінше, екі лауазымды тұлғаның қызметтен кетуі басқармада орын алған даулы оқиғалардан кейін қабылданған. Бұған дейін Серік Сәпиевтің соққыға жығылғаны, ал оның орынбасары Дәурен Есімхановтың тергеуге алынғаны хабарланған болатын. Кейін бұл оқиғаға қатысты видео әлеуметтік желілерде тарап, Серік Сәпиев ресми мәлімдеме жасаған еді. Аталған жағдайға байланысты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасында аудит жүргізілетіні белгілі болды. Сонымен қатар, Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, Серік Сәпиев туризм және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі – жазғы ХХ Азия…
2029 жылы қысқы Азия ойындары Алматыда өтеді. Бұл туралы Азияның Олимпиадалық кеңесі ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бастапқыда қысқы Азия ойындары Сауд Арабиясында өтуі тиіс еді. Бұл ел 2022 жылы жарысты қабылдау құқығына ие болған. Алайда биыл қаңтар айында Сауд Арабиясының Олимпиадалық комитеті Азияның Олимпиадалық кеңесімен бірлесіп, турнирдің кейінге шегерілетінін хабарлаған. Осыдан кейін ұйымдастырушы елді ауыстыру туралы шешім қабылданды. Xinhua агенттігінің мәліметінше, 5 ақпанда Италияның Милан қаласында Азияның Олимпиадалық кеңесі мен Қазақстан тарапы келісімшартқа қол қояды. Бұл құжат Алматының 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының ресми қабылдаушы қаласы мәртебесін бекітеді. Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де қысқы Азия ойындарын қабылдаған. 2011…
Талдықорған тұрғыны үш жасар қызын аяусыз ұрды деген күдікке ілінді. Әлеуметтік желіде жантүршігерлік видео тарап кетті, деп хабарлайды Tarazy.kz 2 ақпанда сағат 21:00-де 102 арнасына медициналық мекемеден үш жасар бала зорлық-зомбылық белгілері бар дене жарақаттарымен жеткізілгені туралы хабарлама түскен. Бұл дерек бойынша «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері баланың әкесін тұрғылықты мекенжайы бойынша масаң күйде ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. «Қазір анасы баламен бірге медициналық мекемеде, жәбірленуші балаға медициналық көмек көрсетіліп жатыр», — деді полиция. Оқиғаның мән-жайын жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауында.
Алматы облысында Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға арналған облыс активінің отырысы өтті. Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев төрағалық еткен жиынға облыстық мәслихат төрағасы, облыс әкімінің орынбасарлары, аудан және қала әкімдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, құқық қорғау органдарының өкілдері, ірі кәсіпорын жетекшілері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Tarazy.kz Өңір активі жаңа Ата заң қабылданған жағдайда биліктің халық алдындағы жауапкершілігі күшейіп, елдің саяси жүйесі толық жаңаратынын атап өтті. «Конституциялық реформа аясындағы өзгерістер қоғам мен заман талабына сай саяси жүйені жаңартуға бағытталған: мемлекеттік басқару ашық бола түседі, шешім қабылдау сапасы артады, азаматтардың мемлекетке деген сенімі нығаяды. Сонымен қатар әділеттілік, заң…