Close Menu
    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 11 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026

      Алматыда жарық сөніп, қараңғылық басады: көшелер тізімі жарияланды

      27.04.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Маңғыстауда кафеде төгілген шай жанжалға ұласып, іс сотқа жолданды

    Маңғыстауда кафеде төгілген шай жанжалға ұласып, іс сотқа жолданды

    Жаңалықтар 03.02.2026
    видеодан кадр
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қаладағы кафелердің бірінде төгілген шайдың салдарынан жанжал шығып, оқиға күш қолданумен аяқталған. Бұл туралы жәбірленуші Lada.kz сайтына айтып берді. Оқиғаға қатысты пікірді Маңғыстау облыстық полиция департаменті де ұсынды, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Оқиға 2025 жылғы 31 желтоқсан кешке болған. Жәбірленушінің айтуынша, ол кафеде отырған кезде шайды байқамай төгіп алған. Осыдан кейін мекеме иесі жиһазды химиялық тазалауға кететін ақшаны бірден төлеуді талап еткен.

    Бұл сәт бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеода бірнеше ер адамның қызға күш көрсеткені көрінеді. Олар оны итеріп, ұстап, шашынан сүйреген. Оқиға келушілердің көзінше болған.

    Жәбірленуші шығынды өтеуден бас тартпағанын айтады.

    «Мен қарсы болған жоқпын. Ағама хабарласамын, ол келіп, бәрін шешеміз дедім», — дейді ол.

    Алайда оның сөзінше, туысын күтуге ешкім келіспеген. Жанжал кезінде одан ұялы телефоны, ноутбугі және сырт киімі салынған екі пакет жеке заттары күшпен тартып алынған.

    «Мені заттарымсыз, сырт киімсіз кафеден қуып шығарды. Көшеде жүрген адамдардан телефон сұрауға тура келді», — делінген оның арызында.

    Жәбірленуші бұл жағдайда мекеме қызметкерлерінің әрекетінен ҚР Қылмыстық кодексіндегі «Өз бетінше билік ету» бабының белгілерін көріп отырғанын айтады. Алайда іс тек қасақана денсаулыққа зиян келтіру дерегі бойынша тіркелген. Сонымен қатар, кафе иесі 2026 жылғы 27 қаңтарда қарсы арыз түсірген.

    Оқиғаға қатысты түсініктеме берген Маңғыстау облысының полиция департаменті өкілдерінің мәліметінше, 31 желтоқсанда кафе әкімшісі мен келуші арасында алдымен сөзге келу болған. Кейін ол жанжал төбелеске ұласқан. Нәтижесінде екі тарап та дене жарақатын алған.

    2026 жылғы 31 қаңтарда істің материалдары сотқа жолданған.

    Полиция өкілдері қоғамдық орындарда күш қолдануға жол берілмейтінін және мұндай әрекеттерге міндетті түрде құқықтық баға берілетінін айтты.

    жанжал кафе Маңғыстау

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Алматыда жылу мен су бағасы тағы қымбаттады

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.