Автор: admin
Кейінгі күндері алматылықтар ауаның айтарлықтай ластанғанын айтып, көк тұман мен жағымсыз иіске шағымдана бастады. Бұл жағдайды «Қазгидромет» РМК-да растап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Мамандардың айтуынша, Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар жиілеп кеткен. Яғни, атмосферада жел азайып, ауа қозғалысы баяулап қалған. Мұндай кезде қаладағы түтін, шаң, көліктен және зауыттардан шығатын зиянды заттар жоғары көтерілмей, жерге жақын қабатта тұрып қалады. Ауадағы инверсия деген не? Инверсия — қаланың үстін қымтап, ластануды сыртқа шығармайтын табиғи “қақпақ”. Әдетте жылы ауа жоғары көтеріліп, суық ауа төменде болады. Ал инверсия кезінде керісінше, суық ауа төменгі қабатта қалың қабат болып тұрады да, жылы ауа жоғарыда қалады. Салдарынан зиянды заттар таралмай,…
Абай облысының әкімі Берік Уәли Қытай инвесторларына қарсы бағытталған әрекеттер заңсыз екенін айтты, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналист Жомарт Жұмагелдин таратқан видеода әкім Қытайдан “қорқу” немесе оларды қоғамдық жау ретінде көрсету ел мүддесіне қайшы әрекет екенін атап өтеді. “Қытайдан қорқатын болсақ, онда жерді тастап Айға немесе Марсқа көшіп кетейік. Қытай азаматтарына “неге қазақша сөйлемейсің” деп тиісу — заңсыз. Ертең ондай адамдар сотталады. Халықты шатастырып, қытайларға қарсы қоюға болмайды. Керісінше, сіздер сол қытайларға көмектесулеріңіз керек. Мысалы, оларды ұрып-соғып, кеше TikTok-та видеоға түскен екі адам қамауға алынды”, — дейді ол. Әкім шетелдік компаниялардың өңірге келуі өндірістік жобалардың іске асуына жол ашатынын жеткізді. “Бүкіл әлем Қытайдың инвестициясына…
Қасиетті қарашаңырақ Абай университеті және Айтыс ақындары мен жыршы-термешілердің халықаралық одағының ұйымдастыруымен «Қазақта қара сөзге дес бермедім» І республикалық жас ақындар айтысы өтті. Қара өлеңнің көрігін қыздырған сөз сайысында еліміздің 10 облысынан, 12 жетекші университетінен келген 14 жас талант бақ сынады. Төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдауды мақсат еткен дүбірлі дода – айтыстың алтын діңгегі Сүйінбай Аронұлының 210 жылдығына, Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына және айтыс ақтаңгері Оразалы Досбосыновтың 50 жылдық мерейтойына арналды. Республикалық бәсекені ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-Ректоры Болат Тілеп рухани құндылығы жоғары өнер жарысының маңызы мен мәнін айтып, қатысушыларға сәттілік…
Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокс Даңқ залына (International Boxing Hall of Fame) енді, деп хабарлайды Tarazy.kz Ол бұл мәртебеге ие болған алғашқы қазақстандық атанды. Геннадий Головкин Халықаралық бокс Даңқ залына алғашқы мүмкіндігінде-ақ қабылданды. Геннадий Головкиннің әуесқой бокстағы жолы — орта салмақтың ең табысты мансаптарының бірі болды. Ол 350 жекпе-жек өткізіп, 345-інде жеңіске жеткен. Ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі ретінде ел мерейін үстем етті. Кәсіпқой боксқа өткен соң, Геннадий Головкин орта салмақтың XXI ғасырда дүркіреген чемпиондарының біріне айналды. Кәсіпқой рингте ол 45 кездесу өткізіп, 42 рет жеңіске жетті (37-сі нокаутпен). Ұзақ уақыт бойы P4P (pound-for-pound) рейтингінің көшін бастады. Кәсіпқой…
4-11 желтоқсан аралығында Б.Майлин көшесінен әуежай аумағына кіретін негізгі жолда асфальт төсеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Алматы халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді. «Осыған байланысты уақытша 1-кіру және 2-шығу жолы жабылады. Қалған кіру және шығу жолдары қалыпты режимде жұмыс істейді. Әуежайға барар жолыңызда осы ақпаратты алдын ала ескеруіңізді сұраймыз», — деп жазылған хабарламада.
2026 жылы Қазақстанда студенттік спорт тарихындағы маңызды оқиға өтуі мүмкін. Елімізде студенттер арасындағы бокстан Әлем чемпионатын өткізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін мұндай деңгейдегі дода Қазақстанда соңғы рет 2006 жылы өткен. Араға тура 20 жыл салып, әлемдік жарыстың қайта оралуы — еліміздің халықаралық спорт қауымдастығындағы беделінің артқанын көрсетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл бастаманы Халықаралық университеттер спорты федерациясы (FISU) көтеріп отыр. Ұйым Қазақстанның соңғы жылдары әлемдік деңгейдегі ірі спорттық шараларды жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізгенін ерекше атап өткен. ©Шыңғыс Жанәділ 28 қарашада Қытайдың Макао қаласында өткен Азия университеттік спорт федерациясының Бас Ассамблеясына Қазақстан атынан Ұлттық студенттер спорт одағының президенті Қайрат Закирьянов қатысты.…
Жетісу облысында күйеуі атпен сүйреп өлтірді деп айыпталған 32 жастағы Айзат Жұмановаға қатысты қылмыстық іс бойынша сот отырысында жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды Tarazy.kz Марқұмның күйеуі Жанболат Айбар оны өлтірді деп айыпталып отыр. Ол әйелін аяусыз ұрып-соғып, дер кезінде жедел жәрдем шақырмаған. Тергеу нұсқасына сәйкес, қылмысқа қызғаныш себеп болған. Бұған дейін марқұмның туыстары Айзатты арқанмен байлап, далада сүйреткен болуы мүмкін деген болжам айтып, сондай-ақ оның жүкті болғанын жоққа шығармаған. Алайда бүгін прокурордың мәлімдеуінше, кешенді сот-медициналық сараптама нәтижесінде әйел денесінде атпен, көлікпен немесе адам күшімен сүйретуге тән іздер табылмаған. Сонымен қатар, комиссия ұсынылған медициналық құжаттармен қайта жасалған гистологиялық зерттеу қорытындылары бойынша…
Мылтықтан оқ атқан Алматы облысы Жамбыл ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметкерінің видеосы әлеуметтік желіде сынға ұшырады, деп хабарлайды Tarazy.kz Алғашында аудан әкімдігі бұл қарудың ойыншық екенін мәлімдеген. Алайда полиция оның шын қару екенін және ресми тіркелгенін растады. «Соған қарамастан, қызметкерге тек тәртіптік жаза ғана қолданылған. Әкімдік қызметкері әкімшілік жауапкершіліктен босатылғаны қоғамның наразылығын күшейтті», — дейді Письма Президенту телеграм арнасы. Желі қолданушылары «шенеуніктерге бәрі болады» деп сынап, мұндай әрекетке әділ құқықтық баға берілуі тиіс екенін талап етті.
Жоғары аудиторлық палата Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz «2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр», — деп жазылған хабарламада. Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ, «Тараз» ӘКК» АҚ қызметінде…
Алматыда №10 қалалық емхананың директоры Гүлнара Қалибекова мен “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Қалибековаға пара алу бойынша айып тағылған. Сонымен қатар айыпталушылар қатарында ақша бергені үшін жауапқа тартылған “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетова да болған. “Гүлнар Зарқынбекқызы былтыр көктемде басшылық қызметке тағайындалған. Ал 2025 жылдың басында емхана диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін екі компаниямен келісімшарт жасайды. “АкваЛаб” ЖШС және “OpenHealthcare Kazakhstan” ЖШС мемлекеттік мекеме науқастарға қызмет көрсетіп, оның ақысын мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында алып отырған”, — дейді журналист. Оның сөзінше,…