Автор: admin
Астанада 51 азаматты 413 млн теңгеден аса сомаға алдаған алаяқтар сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Tarazy.kz Елордада ауқымды алаяқтық жасады деп айыпталған 7 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері 4 жыл бойы азаматтарды жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламалары арқылы баспана алуға, сондай-ақ, тиімді шарттармен несие және қаржыландыру рәсімдеуге көмектесеміз деген желеумен алдап келген. Қылмыстық әрекеттеріне заңды сипат беру мақсатында күдіктілер кеңсе жалға алып, коммерциялық ұйымдар құрған, қызмет көрсету туралы шарттар жасасып, кепілдік хаттар рәсімдеген. Қылмыстық әрекет салдарынан 51 азамат зардап шегіп, келтірілген жалпы материалдық залал 413 млн теңгеден асты. Қылмыстық іс сотқа…
Алматыда алдағы бес жылда 200 мыңға жуық ғимарат сейсмикалық тексеруден өтеді. Әр нысанға сейсмопаспорт беріліп, мәліметтер бірыңғай цифрлық базаға енгізіледі. Бірақ тексеру кезінде қауіпті деп танылған үйлердің жағдайы не болмақ? Олар нығайтыла ма, әлде сүріле ме? Бұл жұмыстарды кім қаржыландырады? Осы сұрақтарға құрылыс саласының сарапшысы, Qazaq Expert Club мүшесі Диляра Сейтнұрова жауап берді, деп хабарлайды Tarazy.kz Алматыда қанша үй сейсмикалық тұрғыдан осал? Сарапшы бұған дейін жүргізілген сейсмикалық аудиттердің нәтижесіне назар аударды. Оның мәліметінше, 2017–2018 жылдардағы алғашқы кезеңде 10 525 ғимарат тексерілген. Соның 8 176-сы – көппәтерлі тұрғын үй. «Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының дерегіне сәйкес, сол кезде 3 101…
Қазақстанда мерзімді әскери қызметтің жаңа жүйесі енгізілмек. Енді сарбаздар алғашқы алты айда арнайы оқу орталықтарында дайындықтан өтіп, қалған алты айын әскери бөлімдерде өткізеді. Бұл өзгеріс Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында мақұлданған әскери реформа жоспарында қарастырылған, деп хабарлайды Tarazy.kz Мемлекет басшысы еліміздің қорғаныс қабілетін күшейтіп, армияны қазіргі заман талаптарына бейімдеу қажеттігін атап өтті. Осы мақсатта Қарулы Күштердің құрылымы, әскери басқару жүйесі, кадр даярлау және технологиялық жарақтандыру бағыттары қайта қаралмақ. Жаңа жоспарды Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары Аида Балаева таныстырды. Сарбаздар алты ай оқып, алты ай әскери бөлімде қызмет етеді Әскери реформаның басты жаңалықтарының бірі – мерзімді әскери қызметті екі…
Pinduoduo мен Claude Қазақстан бюджетіне 8 млрд теңге төледі. Соның ішінде Pinduoduo бюджетке 6,8 млрд теңге (15,1 млн АҚШ доллары) төледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Ал Claude жасанды интеллект көмекшісін әзірлеуші Anthropic, PBC компаниясы 1,2 млрд теңге (шамамен 2,6 млн АҚШ доллары) төлеген. Компания камералдық бақылау нәтижелері бойынша жолданған хабарламаларды орындаған. Бұдан бөлек, Мемлекеттік кірістер комитеті Ұлыбританияда тіркелген Farfetch платформасының операторына камералдық бақылау хабарламасын жолдаған. Хабарлама орындалмағандықтан, Қазақстан аумағында Farfetch интернет ресурсына қолжетімділік шектелген. Farfetch — киім, аяқкиім және аксессуарлар, соның ішінде танымал брендтердің тауарлары сатылатын халықаралық онлайн платформа.
ҰҚК Шекара қызметі 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытай Халық Республикасына 620 дана ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Tarazy.kz Тәркіленген дериваттың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін. Енді материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
Қазақстан банктеріндегі депозиттердің жалпы көлемі қыркүйекке қарай 50 трлн теңгеден асты. Алайда бір айдың ішінде депозиттер көлемі 669,3 млрд теңгеге азайған. Жыл басынан бері жалпы өсім 2,3 трлн теңге болды. Бұл туралы Ranking сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Сарапшылардың мәліметінше, Қазақстандағы 23 екінші деңгейлі банктің 14-інде депозит портфелі қысқарған. Ал қалған тоғыз банк өсім көрсеткен. Банк секторындағы депозиттердің басым бөлігі жеке тұлғалардың салымдарынан тұрады. Тамыз айының қорытындысы бойынша халықтың банктердегі депозиттері 30,7 трлн теңгеге жеткен. Бір айда бұл көрсеткіш 132,8 млрд теңгеге өскен. Қаңтардан бері жеке тұлғалардың депозиттері 2,4 трлн теңгеге немесе 8,6%-ға артқан. Осылайша, халықтың салымдары Қазақстанның екінші деңгейлі…
Шымкентте екі бала жұмбақ жағдайда өлі табылды, деп хабарлайды Tarazy.kz Полиция департаменті мәліметінше, Шымкент қаласындағы пәтерлердің бірінде кәмелетке толмаған екі баланың қазасы бойынша қылмыстық іс (абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету белгілері бойынша) қозғалған. «Алдын ала мәліметке сәйкес балалардың өліміне газдан улану себеп болған», — деп жазылған хабарламада. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын толық, жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу жүргізіліп жатыр. БАҚ мәліметінше, марқұмдар — 4 жасар ұл бала мен 15 жастағы қыз. Олар пәтерден өлі табылған.
Астаналық 39 журналист Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайға ұжымдық хат жолдап, брифингтерде талқыланып жатқан отырыстың тақырыбынан тыс сұрақ қоюға мүмкіндік беруді сұрады, деп хабарлайды Tarazy.kz Журналистердің хаты e-Өтініш жүйесі арқылы жіберілген. Олар Құрылтай Бюросы қыркүйек айында бекіткен брифинг өткізу тәртібін өзгертуді ұсынып отыр. Қолданыстағы ережеге сәйкес, спикерлерге тек отырыстың күн тәртібіне қатысты сұрақтар қоюға болады. Соның салдарынан министр немесе оның орынбасары брифингке қатысқанымен, журналистер одан депутаттар жаңа ғана талқылаған тақырып бойынша ғана сұрай алады. Ережені бұзған жағдайда баспасөз қызметі тиісті деректі тіркейді. Екінші рет тәртіп бұзған журналист алты айға аккредитациясынан айырылуы мүмкін. Алайда қандай сұрақтың тақырыптан тыс саналатыны нақты түсіндірілмеген. Бұл…
Ұлттық қауіпсіздік комитеті мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге заңсыз экспорттаумен айналысқан ұйымдасқан топтың әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды Tarazy.kz Тергеу деректеріне сәйкес, қылмыстық схеманы ұйымдастырушы Маңғыстау облысының кәсіпкері жер қойнауын пайдаланушы компаниялармен шикі мұнай сатып алуға, кейіннен мұнай «Standart Petroleum» және «Mangystau Oil Refining» шағын мұнай өңдеу зауыттарында өңдеп, жалған сапа паспорттарын ресімдеуге шарттар жасасқан. Одан әрі өнім пеш отыны ретінде көрсетіліп, Ақтау теңіз порты арқылы танкермен шетелге шығарылған. 2019–2023 жылдар аралығында тек «Batys Nefte Trade» ЖШС арқылы шетелге 160 мың тоннадан астам мұнай өнімі заңсыз экспортталған. Операциялардың жалпы көлемі шамамен 45 млрд теңгеге бағаланған. Биыл жүргізілген процестік іс-шаралар…
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) тағайындаудың жаңа қағидалары күшіне енеді. Тиісті қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Tarazy.kz Жаңа тәртіп бойынша әлеуметтік көмектің мөлшері қалай есептелетіні, қандай азаматтарға жұмыспен қамтуға қатысты талаптар қойылмайтыны және қандай жағдайда адамға әлеуметтік қолдау қажет емес деп танылуы мүмкін екені айқындалды. Атаулы әлеуметтік көмек қалай есептеледі? Үкімет бекіткен қағидаға сәйкес, АӘК мөлшері отбасының әр мүшесіне шаққандағы орташа табыс пен кедейлік шегінің арасындағы айырма негізінде есептеледі. Кедейлік шегі Астана, облыстар және республикалық маңызы бар қалалар үшін белгіленген көрсеткіштерге сәйкес анықталады. Әлеуметтік көмектің мөлшері отбасының әр мүшесіне жеке есептеледі. АӘК-тің…