Автор: admin

Жоғары аудиторлық палата Жамбыл облысында жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz  «2020-2024 жылдар аралығында өңірдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өскен. Алайда Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің жалпы құрылымында облыстың үлес салмағы 2,7%-дан 2,3%-ға дейін төмендеді. Биыл 10 айдың қорытындысы бойынша өңірге тартылған инвестициялар көлемі 553 млрд теңгеден асты, бұл 2024 жылдың осы кезеңіндегі көрсеткіштерден 1,4 есе жоғары. Алайда 2020-2024 жылдар кезеңінде негізгі капиталға салынған инвестициялар деңгейі бойынша облыс республикалық рейтинг көшбасшыларынан 3,5 есе артта қалып отыр», — деп жазылған хабарламада. Жалпы Жоғары аудиторлық палата жүргізген аудит барысында бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік сатып алу, инвестициялық жобаларды басқару бөлігінде, сондай-ақ, «Тараз» ӘКК» АҚ қызметінде…

Read More

Алматыда №10 қалалық емхананың директоры Гүлнара Қалибекова мен “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Tarazy.kz  Белгілі журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, Қалибековаға пара алу бойынша айып тағылған. Сонымен қатар айыпталушылар қатарында ақша бергені үшін жауапқа тартылған “АкваЛаб” ЖШС-нің өңірлік директоры Меруерт Баймұхамбетова да болған. “Гүлнар Зарқынбекқызы былтыр көктемде басшылық қызметке тағайындалған. Ал 2025 жылдың басында емхана диагностикалық және зертханалық зерттеулер жүргізу үшін екі компаниямен келісімшарт жасайды. “АкваЛаб” ЖШС және “OpenHealthcare Kazakhstan” ЖШС мемлекеттік мекеме науқастарға қызмет көрсетіп, оның ақысын мемлекеттен тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі аясында алып отырған”, — дейді журналист. Оның сөзінше,…

Read More

Қазақстанда бірқатар сала мамандарының жалақасы айтарлықтай төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz  Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылдың III тоқсанында жалақы өсімі жылдық есепте 10%-ға дейін баяулаған. Инфляцияның үдеуіне байланысты жалақы мөлшері төмендеген. Жалақасы азайған салалар: Құрылыс саласы – 8,7% Денсаулық сақтау – 6,5% Тұрғын үй және тамақтану қызметтері – 5,4% Өнеркәсіп – 1,2% Ұлттық банк экономикалық өсімде еңбекақының өсуі өндіріс тиімділігінің артуына сәйкес жүрмей жатқанын атап өтті. Қосымша құнның бір бөлігі өндіріс факторлары арасында қайта бөлінеді.

Read More

Қарағанды облысында «Қарқаралы–Қарағайлы» трассасында инкассаторлық көлік пен Toyota Camry автокөлігі соқтығысып, бір адам қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz  Қарағанды облыстық полициясының мәліметінше, Toyota Camry көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, инкассаторлық Lada Largus автокөлігіне соғылған. Қатты соққыдан 28 жастағы инкассатор көлігінің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан. Ал көлікте болған 36 жастағы жолаушы және 41 жастағы Camry жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Апаттан кейін инкассаторлық көлік өртеніп, ішінде болған үш миллион теңгеден астам қаржы түгелімен жанып кеткен. Полиция күдікті жүргізушіні уақытша ұстау изоляторына қамады. Тергеу барысында оның мас күйде рөлге отырғаны, сондай-ақ бұдан бір жыл бұрын жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Қазір бұл факті бойынша қылмыстық…

Read More

Бүгін Астана уақытымен 12:44-те ҚР ТЖМ сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды Tarazy.kz  Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырым қашықта, Қытай аумағында орналасқан. «Магнитудасы MPV — 6.7, тереңдігі 5 — шақырым. Алматыда дүмпулер MSK-64 шкаласы бойынша 3 балл деңгейінде сезілді», — деп жазылған хабарламада. ТЖМ мәліметіне сүйенсек, жер сілкінісі былай сезілген: Алматы қ. — 3 б. Алматы обл. Кеген ауд. — 3 б. Алматы обл. Райымбек ауд. — 3 б. Алматы обл. Еңбекшіқазақ ауд. Есік қ. — 3 б. Алматы обл. Талғар ауд. Талғар қ. — 3 б. Алматы обл. Ұйғыр ауд. — 3 б. Алматы обл. Қарасай…

Read More

Жемқорлықпен күресіп жүрген Қазақстандағы танымал қоғам белсендісі Дидар Смағұлов Денсаулық сақтау министрлігіне қатысты тағы бір дерек жариялады, деп хабарлайды Tarazy.kz  Дидар Смағұловтың айтуынша, АҚШ-тағы Құнды қағаздар жөніндегі комиссия материалдарында Sanofi 2007-2011 жылдары Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде пара беру схемаларына барғаны көрсетілген. «2013 жылы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетін басқарған Айжан Есмағамбетова ДДСҰ-ның 2012 жылғы ескертуіне қарамастан, елді жасушасыз вакциналарға көшірді. ДДСҰ ол кезде мұндай өзгеріс болашақта індет қаупін күшейтетінін айтқан. 2024 жылы осы шешімнің салдары байқалып, нәрестелер арасындағы өлім көбейіп, бұрынғы толық жасушалы вакциналардан кейінгі иммунитет әлсіреп бітті», — деді ол. Оның пікірінше, Есмағамбетова 2020–2024 жылдары вице-министр әрі Бас санитария дәрігері қызметін атқарғанда көкжөтел…

Read More

Қазақ боксшысы, бұрынғы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлының 7 желтоқсанда АҚШ-та өтуі тиіс Эрисланди Ларамен (WBA) жекпе-жегі болмайтын болды. Оған себеп – VADA допинг-тестінің оң нәтижесі. Бұл жағдайға қатысты боксшының өзі де,  командасы да ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Tarazy.kz  Боксшы командасының айтуынша, жағдай күтпеген жерден болған. «Бұл жаңалық бізді қалай таңғалдырса, жанкүйерлерді де дәл сондай күйге түсіргенін білеміз. VADA-ның алғашқы сынамасы таза деп хабарланды. Алайда кейін екінші сынамадан күмән тудырған көрсеткіш табылғаны айтылды. Бірінші және екінші тест арасында біз не тамақтануымызды, не витамин қабылдау тәртібін өзгерткен жоқпыз. Мұның себебін түсіне алмай отырмыз», – делінген мәлімдемеде. Команда жекпе-жекке төрт ай бойы дайындалғанын,…

Read More

Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университетіне Италия Республикасының Қазақстандағы Миссия басшысының орынбасары Аниелло Петито бастаған италиялық делегация келді. Дипломатиялық корпус өкілдерін, халықаралық ұйымдарды, шетелдік жоғары оқу орындарын және қазақстандық академиялық қауымдастықты бір арнаға тоғыстырған «Италия асханасы апталығы» мәдени шарасы өтті. Шараға Марке политехникалық университеті, Камерино университеті (Италия) және Шаньдун ауыл шаруашылық университетінің (Қытай) ғалымдары да қатысты. Мәдени басқосуда университет ректоры Ермек Бөрібаев құттықтау сөз сөйлеп, Италиямен мәдени және білім беру байланыстарын нығайтудың маңыздылығын атап өтті. БҰҰ Тұрақты даму қорының президенті Маурицио Ароника «Дәстүрден инновацияға: италиялық және қазақстандық тағам мәдениеттерін байланыстыратын тұрақтылық» атты баяндама оқып, тұрақты азық-түлік жүйелерін дамытудағы екіжақты ынтымақтастықтың әлеуетіне…

Read More

Алматыда жедел жәрдем көлігі жеңіл көлікпен соғысып, салдарынан 23 жастағы фельдшер қыз қаза тапты, деп хабарлайды Tarazy.kz  Полиция мәліметінше, оқиға 3 желтоқсанға қараған түні сағат 00:40 шамасында Алатау ауданында болған. Алдын ала деректер бойынша жедел жәрдем көлігі бұрылыс жасап жатқан сәтте қарсы бағытта келе жатқан Kia маркалы көлік соғылған. «Екі көліктің де жүргізушілері мен жолаушылары түрлі жарақат алды. Ал жедел жәрдем салонында болған фельдшер ауыр халде ауруханаға жеткізілді, алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады», – деп жазылған полиция хабарламасында. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. «Барлық сараптама тағайындалды, оқиғаның нақты себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», – деп мәлімдеді Алматы қалалық…

Read More

Қазақстанда бет-әлпетін тұмшалап жүретіндерге айыппұл салынуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz  Депутат Магеррам Магеррамовтың айтуынша, бет-жүзді толық немесе жартылай жауып, адамның тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін киімдерге қатысты әкімшілік шаралар енгізіледі. Алғаш рет анықталған жағдайда азаматқа ескерту жасалады. «Қоғамдық орындарда адамның жүзін танып-білуге мүмкіндік бермейтін киім үлгілеріне тыйым енгізілді. Алғашқы заңбұзушылық үшін ескерту беріледі, ал қайталанса 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады (2025 жылы 39 320 теңге)», — деді депутат. Алайда заң қашан күшіне енетіні белгісіз.

Read More