Автор: admin
Түркістанда аңшы мылтығын заңсыз сақтаған тұрғыннан 200 мың теңге сұрады деген күдікпен ұсталған полиция қызметкеріне қатысты іс тосын шешіммен аяқталды, деп хабарлайды Tarazy.kz orda.kz-ке сілтеп. Басылым мәліметінше, төрт ай бұрын ҰҚК қызметкерлері ұстаған тәртіп сақшысы сол сәтте қашып кетуге әрекеттенген. Алғашында іс жемқорлық дерегі бойынша қозғалғанымен, кейін алаяқтық бабына өзгертілген. Прокурор оны 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған. Алайда сот үкімі жеңілдеп, 1 930 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді. Осылайша 38 жастағы айыпталушы сот залынан бостандыққа шыққан. Бұған дейін ол қызметі мен барлық атағынан айырылған.
Алматы облысында саяжай алқаптарын елді мекендер құрамына қосу жалғасып жатыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, өңірде қазір 677 саяжай қауымдастығы бар. Саяжайлардың ең көбі Қарасай ауданында орналасқан – 203. Одан кейін Талғар ауданында – 151, Еңбекшіқазақ ауданында – 135, Іле ауданында – 118, Жамбыл ауданында – 21 саяжай бар. Сондай-ақ Қонаев қаласында 9, Алатау қаласында 40 саяжай алқабы орналасқан. 2023 жылдан бері бүгінге дейін 367 саяжай алқабы елді мекендердің құрамына қосылған. 2025 жылы төрт елді мекеннің құрамына енгізу үшін 23 саяжай қауымдастығына қатысты қала құрылысы құжаттары дайындалған. Қазір олардың шекарасын өзгерту рәсімі жүргізіліп жатыр. Бұл…
Астанада білім беру ұйымдарының бірнеше қызметкеріне әлеуметтік аударымдар жасалмағаны анықталды, деп хабарлайды Tarazy.kz Астана қаласының «Алматы» ауданы прокуратурасы жүргізген талдау барысында білім беру ұйымдарының бірінде төрт қызметкердің құқықтары бұзылғаны белгілі болған. Прокуратура мәліметінше, қызметкерлер қателесіп жасына байланысты зейнеткерлер санатына енгізілген, соның салдарынан оларға ұзақ уақыт бойы әлеуметтік аударымдар жүргізілмеген. Алайда бұл қызметкерлер еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы алады және қолданыстағы заңнамаға сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуы тиіс. Нәтижесінде 2023–2025 жылдар аралығында олардың пайдасына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жасалмаған. Прокуратураның араласуынан кейін заңбұзушылықтар жойылып, қызметкерлердің құқықтары қалпына келтірілді. Жалпы 909 936 теңге көлемінде әлеуметтік аударымдар төленді, ал кінәлі лауазымды…
World Bank Қазақстанға 600 млн доллар көлемінде қарыз беруді мақұлдады. Қаражат экономикалық реформаларды ілгерілетуге, жеке секторды дамытуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жұмсалады, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл қаражат экономиканың құрылымын жаңартуға, кәсіпкерліктің белсенділігін арттыруға, сондай-ақ, жалақысы жоғары әрі сапалы жұмыс орындарын көбейтуге бағытталады. Сонымен бірге, ел экономикасының тұрақтылығын күшейту көзделген. Бағдарлама жүзеге асқан соң бизнес пен тұрғындардың экономикалық мүмкіндіктері кеңейіп, өңірлердің дамуына қосымша серпін беріледі деген болжам бар. Қарызды Халықаралық қайта құру және даму банкі ұсынады. Бұл қолдау елдің негізгі стратегиялық құжаттарын жүзеге асыруға бағытталған. Олардың қатарында «Қазақстан-2050» стратегиясы, 2025-2029 жылдарға арналған ұлттық даму жоспары және төмен көміртекті даму стратегиясы бар. Жоспарланған…
Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілқайырұлы такси жүргізушісі болып жүр, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы ол журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында мәлімдеді. «Қазақ «Есектің артын жусаң да, ақша тап» дейді ғой. Үшінші күн болды. Күн-түн демей такси болып жүрмін. Көлігім жоқ, жалға алдым. Үйде жатқаным ұят болды. Бала-шағамды асырау керек. Бұрынғы әкім қазір такси болып жүр», — деді ол. Айта кетейік, Арыстанбек Әбілқайырұлы 1 жыл 2 ай көлемінде Талғар қаласының әкімі болып, 2026 жылы ақпанда қызметінен кетті. Бұған дейін де «TikTok әкім» қызметінен босатылғанын жазған едік.
Әнші Рахат Тұрлыханов әйелін ұрғаны үшін полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл ақпаратты Алматының полиция департаменті растады. Алматы қаласының Медеу ауданында болған отбасылық жанжал дерегі бойынша полиция қызметкерлері түскен шақыртуға жедел барып, оқиғаға қатысушыларды мән-жайды анықтау үшін аудандық полиция басқармасына жеткізді. Тексеру барысында әншінің әйелі бастапқыда өзіне физикалық күш қолданылғанын айтқан. Алайда кейіннен соққыға жығу фактісін жоққа шығарып, отбасылық жанжал бойынша арыз түсірген. Қарау қорытындысы бойынша ер адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Еске салайық, Рахат Тұрлыхановтың отбасында бұған дейін де осы жайтқа ұқсас жағдай болған еді. 2024 жылы қаңтарда Алматы қалалық сотында әнші Рахат Тұрлыхановтың…
Reddit платформасында елдердің мемлекеттік туларын салыстыруға арналған ауқымды онлайн-турнир өтті. Плей-офф форматында өткен дауыс беру барысында қолданушылар әлемдегі ең әдемі туды анықтады, деп хабарлайды Tarazy.kz Нәтижесінде Қазақстанның туы жеңімпаз атанды. Финалда Қазақстан туы Кирибати елінің туынан басым түсті. Жартылай финалда Сейшел аралдарының туы жарыстан шығып қалды. Ал Бутан туы үшінші орынды иеленді бұл елдің туында айдаһар бейнеленген. Осылайша, Reddit қолданушыларының дауыс беруі нәтижесінде Қазақстан туы әлемдегі ең әдемі тулардың бірі ғана емес, бірінші орынға шыққан ту ретінде танылды. Айта кетейік, бұл интернет қолданушылары арасында ұйымдастырылған бейресми онлайн дауыс беру.
Қазақстанда республикалық референдум күні 585 бала дүниеге келді. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Tarazy.kz 15 наурызда, республикалық референдум өткен күні елдің медициналық ұйымдарында 585 нәресте дүниеге келген. Ақтөбе және Түркістан облыстарында 2 егіз тіркелді. Жаңа туған нәрестелердің ішінде 310 ұл бала және 275 қыз бала бар. «Еліміздің барлық өңірінде медицина қызметкерлері аналар мен жаңа туған нәрестелерге уақтылы әрі сапалы медициналық көмек көрсетіп, жоғары біліктілік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетті», — деді министрлік өкілдері.
Түркістанда бір топ адамның автобуспен қаланы аралап бірнеше учаскеде дауыс берген видеосы тарады, деп хабарлайды Tarazy.kz Түркістан қаласының тұрғыны Несібелі Хайруллақызы бірнеше адамның әртүрлі сайлау учаскелеріне барып дауыс бергенін мәлімдеді. Бұл туралы видео түсіріп, әлеуметтік желіге жариялаған. Оның айтуынша, бір топ адам бірнеше учаскені аралап, дауыс беруге тырысқан. «Бір адам тек бір ғана сайлау учаскесінде дауыс беруі керек. Ал бұлар үш учаскеге кіріп, карусель жасап жүр. Бұл — нағыз қылмыс», — дейді қала тұрғыны жариялаған видеода. Кейін белсенді Құрал Сейітханұлы Facebook парақшасында Несібелі Хайруллақызын полиция қызметкерлері мазалап жатқанын жазды. Кейіннен автор видеоны өшіргенін мәлімдеді. Алайда себебін түсіндірмеді. Қазіргі уақытта Түркістан…
Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінен «Азаттық» тілшісі Жолдас Өрісбайдың полиция тарапынан алып кетілгені хабарланды. Сондай-ақ онымен бірге Informburo тілшісі де ұсталған болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Астана қаласы Алматы аудандық полиция басқармасы Жолдас Өрісбайдың ұсталғанын Азаттыққа растады. «Қандай негізде ұстадыңыздар?» деген сұраққа кезекші бөлімде өзін Сейіт Бұқарбай деп таныстырған қызметкер «заңға қайшы әрекет жасады ма, жоқ па – соны анықтаймыз» деп жауап берген. Оның айтуынша, журналистер полиция басқармасына жеткізілген. «Ол кісілерді осында алып келді. Қазір түсініктеме алады. Содан кейін жібереді», – деген ол. Сондай-ақ Астанадағы Оқушылар сарайында орналасқан референдум учаскесінде журналист, «Азаттықтың» бұрынғы тілшісі Сәния Тойкеннің де полиция тарапынан…