Автор: admin

Құрылтай депутаттарының жалақысы 1 миллион теңгеге дейін жетеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева жаңа Құрылтай депутаттарының жалақысы қанша екенін айтты. Құрылтайдағы брифинг барысында журналистер депутаттардың жалақысы туралы сұрады. Дания Еспаеваның айтуынша, депутаттардың жалақысы еңбек өтіліне байланысты. Қазір депутаттар айына 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін жалақы алады. «Қазір депутаттардың жалақысы 600 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін. Депутаттың еңбек өтілі көп болса, оның жалақысы 1 миллион теңгеге жетеді», — деді Дания Еспаева.

Read More

Құрылтай депутаттарының БАҚ-қа және өз сөздерінде тек тексерілген әрі шынайы ақпарат беруі міндетті, талапты бұзған депутатқа депутаттық этика аясында жаза қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева Құрылтайдағы брифингте депутаттардың бұқаралық ақпарат құралдарына берген мәліметтеріне де талап қойылатынын айтты. «Депутат өз сөзінде, бұқаралық ақпарат құралдарына берген жауабында міндетті түрде тексерілген, шынайы ақпарат ұсынуы керек. Бір нәрсе орындалмай жатқанын айтып немесе қандай да бір деректі келтіріп, оның шынайы болмауы да депутаттық әдепті бұзу болып саналады», – деді Еспаева. Оның айтуынша, мұндай және өзге де тәртіп бұзушылықтарды депутаттық әдеп жөніндегі кеңес қарайды. Кеңес депутатқа қатысты тиісті шара қолдану туралы…

Read More

Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар бағамы төмендеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Kurs.kz дерегіне сәйкес, 10 қыркүйекте Алматыда АҚШ валютасын сатып алудың орташа бағасы 449,84 теңгені, сату бағасы 452,24 теңгені құрады. Астанада айырбастау орындары долларды орта есеппен 448,03 теңгеден сатып алып, 455,04 теңгеден сатып жатыр. Ал Шымкентте америкалық валютаны сатып алу бағамы 450,43 теңге болса, сату бағамы 452,69 теңге деңгейінде қалыптасты. Қазақстан Ұлттық банкі 10 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 456,89 теңге деп белгіледі.

Read More

Қазақстанда егін жинау науқаны жалғасып, дәнді дақылдардың 61,6%-ы жиналды, деп хабарлайды Tarazy.kz Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 9 қыркүйектегі жағдай бойынша шаруалар 9,6 млн гектар алқаптан дәнді дақылдарды жинап алған. Бұл жалпы егіс көлемінің 61,6%-ын құрайды. Орташа өнімділік гектарына 14,1 центнер болып, 13,5 млн тонна астық бастырылды. Биылғы егін жинау қарқыны өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жоғары. Сонымен қатар жиналған астықтың сапасы да бір деңгейде сақталып отыр. Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына 2,83 млн тонна астық жеткізілген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 552,7 мың тонна болған. Осылайша, қабылданған астық көлемі бір жылда бес еседен астам артқан. Зертханалық зерттеу нәтижелері бойынша жиналған…

Read More

Алматыда бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлына тиесілі болған DoubleTree by Hilton қонақүй кешені сатылымға шығарылды. Нысанның бастапқы бағасы — 12,7 миллиард теңге, деп хабарлайды Tarazy.kz Электрон сауда сайтында Алматыдағы DoubleTree by Hilton қонақүй кешенін сату туралы жаңа лот пайда болды. Нысанды Алматы қаласының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті сатылымға шығарған. Лот сипаттамасында қонақүй кешенінің жалпы ауданы 16 196,4 шаршы метр екені және Досмұхамедов көшесі, 115 мекенжайында орналасқаны көрсетілген. Нысанның бастапқы бағасы — 12 759 410 000 теңге. Аукцион бағаны көтеру әдісімен өтеді. Сауда-саттық 25 қыркүйекте басталады. Айта кетейік, бұған дейін Қайрат Сатыбалдыұлымен байланысты болған Hilton қонақүйі төңірегіндегі дау қайта ушыққаны хабарланды.

Read More

Денсаулық сақтау министрлігі балаларға бағытталған фастфуд, тәтті сусындар және құрамында қант, тұз бен қаныққан май мөлшері жоғары басқа да өнімдердің жарнамасын шектеу бойынша заңнамалық ұсыныстар әзірледі, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке фастфудтың агрессивті жарнамасы мәселесін қарастыруды тапсырған болатын. Азық-түлік өнімдерінің жарнамасы балалар мен жасөспірімдерге айтарлықтай әсер етеді. Олар жарқын қаптамаға, әлеуметтік желілердегі блогерлердің жарнамасына және басқа да маркетинг құралдарына бейім келеді. «Министрлік құрамында тұз, қант, қаныққан және трансмай мөлшері жоғары өнімдердің жарнамасын теле, радиоарналарда, әлеуметтік желілерде, сыртқы жарнама құралдарында шектеу бойынша заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірледі», — деді Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры Гүлнәр…

Read More

АҚШ Қаржы министрлігінің Шетелдік активтерді бақылау басқармасы (OFAC) қазақстандық «Тур Инвест» компаниясын санкция тізіміне енгізді. Компания Иранның Mahan Air әуе компаниясымен байланысы үшін АҚШ-тың екінші деңгейлі санкциясына ұшырау қаупінде тұр, деп хабарлайды Tarazy.kz OFAC мәліметінше, Алматыда тіркелген «Тур Инвест» Иранның Mahan Air әуе компаниясының жергілікті сату агенті ретінде жұмыс істейді. Mahan Air Алматыға да рейстер орындайды. Алайда Secondary sanctions risk деген белгі компанияға қазірдің өзінде санкция салынды дегенді білдірмейді. Санкция енгізілген болса, OFAC құжатында Subject to Secondary Sanctions деген белгі көрсетілер еді. Сондықтан әзірге АҚШ тарапы «Тур Инвестке» қандай шара қолдануы мүмкін екені белгісіз. Айта кетейік, «Тур Инвест» ЖШС 2014…

Read More

БАӘ банкі Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру көлемін 7,5 трлн теңгеге дейін ұлғайтуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Tarazy.kz Abu Dhabi Commercial Bank Kazakhstan директорлар кеңесінің төрағасы Фарух Әл Марзуки Премьер-министр Олжас Бектеновпен кездесуде банк Қазақстандағы жобаларды қаржыландыру көлемін алдағы бір жарым жыл ішінде 7,5 трлн теңгеге дейін жеткізуді көздеп отырғанын мәлімдеді. Қазіргі уақытта қаржы институты қазақстандық жобаларды қаржыландыруға 2,5 трлн теңге бағыттап отыр. Жоспар бойынша бұл көрсеткіш үш есеге ұлғаяды. Соңғы 15 жылда ADCB Kazakhstan елдегі 100-ден астам бизнес-бастамаға қаржылық қолдау көрсеткен. Оның шамамен 90 пайызы шағын және орта бизнес саласына тиесілі. Банктің басым бағыттарының қатарында энергетика, көлік және логистика, мұнай-химия өнеркәсібі,…

Read More

Жекеменшік мектептерде оқушылардың хиджаб киюіне рұқсат беруге жол берілмейді, мұндай талапты бұзған білім беру ұйымы лицензиясынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Үкіметтегі брифингте айтты. Министрдің сөзінше, Қазақстандағы барлық мектептер, оның ішінде жекеменшік білім беру ұйымдары да бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауы тиіс. Сонымен қатар білім беру жүйесінде зайырлылық қағидаты қатаң сақталуы қажет. Сүлейменова былтыр жекеменшік мектептерде оқушылардың діни киім киюіне қатысты жағдайлар болғанын айтты. Алайда биылғы оқу жылында мұндай заңбұзушылық тіркелмеген. «Біз бұл мәселемен жұмыс істеп жатырмыз, бізбен бірге Ұлттық қауіпсіздік комитеті де бар. Сонымен бірге әкімдіктермен, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істейтін…

Read More

Қазақстанның автомобиль нарығында қытайлық брендтердің үлесі артып келеді, деп хабарлайды Tarazy.kz Kolesa.kz мәліметінше, 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында елде 121,2 мың жаңа жеңіл және коммерциялық көлік сатылған. Ең көп сұранысқа ие 20 модельдің жартысынан астамын Қытайда шығарылатын автомобильдер құрады. Жекелеген модельдер арасында Chevrolet Cobalt көш бастап тұр. Жыл басынан бері қазақстандықтар осы модельдің 19 052 данасын сатып алған. Оның сатылымы екінші орындағы Hyundai Tucson көрсеткішінен екі есеге жуық жоғары. Аталған кроссовер 10 452 данамен өткен. Үшінші орынға 6020 көлік сатылған Kia Sportage жайғасты. Ал алғашқы бестікті Changan CS55 Plus пен Hyundai Mufasa түйіндеді. Олардың сатылымы тиісінше 4687 және 3872 автомобильді құрады. Брендтер рейтингінде…

Read More