Close Menu
    Оқылып жатыр

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Сенбі, 31 Мамыр
    • Басты
    • Жаңалықтар

      В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

      22.05.2025

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

      13.05.2025

      Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

      05.05.2025

      Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

      30.04.2025
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

      21.05.2025

      Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

      21.05.2025

      Меркіде зияткерлік ойын жеңімпазы анықталды

      15.03.2025

      Алматыда жол сапасы мен оны сараптауға қатысты оқыту семинары өтті

      03.03.2025

      Қызылордада алғашқы қазақстандық такси агрегаторы – APARU таныстырылды

      01.03.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Бюджеттің бүйірі тесілді: Үкімет Ұлттық қорға тағы қол сала ма?

    Бюджеттің бүйірі тесілді: Үкімет Ұлттық қорға тағы қол сала ма?

    Ел іші 10.03.2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    9 наурыз күні АҚШ доллары күрт қымбаттап, 398, кей жерлерде 400 теңгеге сатылды. Валюта бағамының құбылуына Brent маркалы мұнай бағасының 30% арзандап, $31 құрауы себеп болды. Осылайша, қара алтын шикізатын өндіретін Ресей мен Қазақстанның ұлттық валюталары төмен құлдилады.

    Azattyq Ryhy нарықтағы соңғы күндері болған жағдайға, сарапшылар пікірі мен Үкімет шешімдеріне сүйеніп, қазіргі ахуалдың картинасын жасап көрді. 

    АРАБТАР АРЗАНДАТЫП ЖІБЕРДІ

    2016 жылы мұнай экспорттаушы елдердің ОПЕК ұйымына кіретін 14 ел мен басқа да 11 мемлекет  мұнай өндіру көлемін төмендету туралы келісімге келген. Осылайша, олар нарықтағы мұнай бағасын ұстап тұруға қадам жасады. Логикасы қарапайым: қара алтынды неғұрлым аз өндірсе, сұраныс артып, баға да қымбатырақ болады. «ОПЕК+» деп аталатын шарт бойынша одаққа кіретін елдер өндіру көлемін тәулігіне 1,7-1,8 млн баррельге, басқа мемлекеттер 560 мың баррельге төмендетуге міндеттелді.

    Келісім уақытында баррелі 53 долларға сатылған мұнай құны 2017 жылдың соңына дейін 66 долларға өсті. Былтырғы жылдың желтоқсан айында Ресей мен ОПЕК елдері өндіру көлемін тәулігіне тағы да 503 000 баррельге қысқартуға уағдаласты. Бұл шарт 2020 жылдың 1 тоқсанында күшіне енуі тиіс болған.

    Ал өткен аптада, нақтырақ 4 наурыз күні «ОПЕК+» негізгі қатысушылары – Ресей мен Сауд  Арабиясы коронавирусқа байланысты өндіру көлемін тағы да 1,5 млн баррельге азайту туралы кездесу өткізген. Бірақ Ресей тарапы ұсынысқа көнбей, елдің энергетика министрі Александр Новак жиналысты ортасынан тастап, шығып кетті.  Бұдан соң, Сауд Арабиясы барлық мұнай өңдеу компаниялары үшін шикізат бағасын 8%-ға дейін төмендетті. Мұнай өндіру көлемін 1 сәуірден бастап тәулігіне 10 млн баррельге көтеруге шешім қабылдады. Сөйтіп, бір күннің ішінде «қара алтын» құны $30-ға бір-ақ түсті.

    Қара алтын өндіру бойынша көшбасшы саналатын Сауд Арабиясы бұл келіспеушіліктен қатты ұтылмайды. Ресей энергетика министрі Новак та:

    «Қандай баға болса да, Ресейдің мұнай саласы сапалы ресурсқа ие, бәсекеге қабілеттілікті сақтайтын қажетті қаржы бар. «ОПЕК+» құрамынан шығу сценариі алдын ала ойластырылған»,- деп міз бақпады.

    Дегенмен, Ресей рубльі 75$-ға арзандады. Ал теңге 400-ге түсті.

    Бүгін Brent маркалы мұнай $36,75-ға сатылып жатыр. Таңертең 1$ KASE қор биржасында орта есеппен, 393,5 теңгені құрады.

    БЮДЖЕТ ТҮСІМІНІҢ 40%-Ы – МҰНАЙДАН

    Қазақстан «ОПЕК+» шартына араласпағанымен, әлемдік мұнай нарығына тікелей тәуелді. Ел бюджетіне түсетін түсімнің 40%-ы мұнайға тиесілі. Аталған сектор ішкі жалпы өнімнің 15%-ын құрайды. Қазақстандағы ең ірі салық төлеуші 30 компанияның 18-і мұнай қазумен айналысады. Яғни, мұнай бағасы 1 долларға арзандаса да, ол бюджетке – елдің экономикалық-әлеуметтік ахуалына тікелей әсерін тигізеді.

    Жалпы, 2019 жылы бюджетке салықтан 9,69 трлн теңге түссе, оның 85%-ы, яғни 4,32 трлн теңгесі мұнай және газ саласына тиісті болды.

    Мысалы, елдегі ірі мұнай өндіруші «Теңісшевройл» компаниясының өзі 2019 жылы елдегі барлық салықтың 20%-ын төлеген. Былтыр ол қазынаға 1,94 трлн теңге құйды. Ал «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг» компаниясынан бюджетке 616,96 млрд, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-нан 366,28 млрд теңге түсті.

    Қазақстан Үкіметі 2020-2022 жылдарға арналған бюджетті бекіткенде мұнай бағасы ары кеткенде $55 төмендейді деп есептеген.  Ал доллар бағамы 370 теңге төңірегінде болады деп болжаған. Сондықтан Үкімет девальвацияның алдын алу үшін шұғыл шараларды бастап кетті. Бірақ Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Қазақстанның түрлі «сценарий» дайындап қойғанын айтады.

    «Стресс-тестер өткізіп жатырмыз. Қазақстан экономикасы бұдан да төмен бағаларға шыдап береді», — деді ол бүгін журналистерге.

    Finance.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Лондон қор биржасында «Халық банкінің» акциялары 25%-ға арзандап кетті. KAZ Minerals-тың құнды қағаздары 8,85%-ға, «Қазатомпром» акциялары 3,46%-ға  төмендеген. Kcell компаниясының акция бағасы 0,88 %-ға арзандады.

    ҮКІМЕТ ПЕН ҰЛТТЫҚ БАНК НЕ ІСТЕП ЖАТЫР

    9 наурыз күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шұғыл жиналыс өткізіп, бюджетті қайта қарауға, шығындарды қысқартуға тапсырма берді. Жаңа жұмыс орындарын ашу керек екенін айтты.

    Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов бюджет тапшылығы болса, Ұлттық қорға жүгінетіндерін жоққа шығармайды.

    «Әзірге ресми мәлімдеме жасамаймын, себебі ондай шешім әзірге жоқ. Қазіргі біз құрған сценарий бойынша Ұлттық қордан ақша сұрау қарастырылмаған. Бірақ басқа амал қалмаса, қордан аздап ақша алуымыз мүмкін», — деді Р. Дәленов.

    Қазір Ұлттық қорда 27 трлн теңге ($70 млрд) бар. 2020 жыл мұнай сатылымынан 5 трлн теңге түседі деп болжанып отыр. Бұл қаржының бәрі Ұлттық қорға аударылады. Қаржы министрінің орынбасары Берік Шолпанқұлов 1 трлн теңге мұнайдың экспорттық салығынан түсетінін айтты. Егер мұнай бағасы барреліне 25$-дан төмен түсіп кетсе, Қазақстан бұл ақшадан қағылады.

    Ұлттық Банк қажет болса, валюталық интервенцияға баратынын мәлімдеді.

    «Ұлттық Банк валюта нарығын тұрақтандыруды қамтамасыз ету және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті валюталық интервенциялар жүргізеді. Ұлттық банктің теңгенің айырбас бағамымен алыпсатарлық операцияларды болдырмау үшін алтын-валюта активтерінің жеткілікті көлемі, сондай-ақ реттеуіш құралдарды қоса алғанда, барлық қажетті құралдары бар. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаржы нарығындағы тұрақтылықты сақтау жөнінде шаралар қабылдайтын болады», — делінген Үкіметпен бірлескен үндеуде.

    Валюталық интервенция дегеніміз – орталық банктердің ұлтттық валюта бағасын белгілі бір шекте қолдан ұстап тұру мақсатында жасалатын шара. Ол үшін Ұлттық банк шетел валютасын көп көлемде сатып алады немесе сатады. Сондықтан Үкімет Қазақстан азаматтарына шетел валютасын алуға шектеу қойды.

    БАЗАЛЫҚ СТАВКА МЕН КРЕДИТТІК ПАЙЫЗДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ

    Бүгін Ұлттық банк базалық ставканы 12%-ға көтеруге шешім қабылдады. Бұған дейін ол 9,25% болған.

    Базалық ставка – Ұлттық банктің екінші деңгейлі банктерге қысқамерзімді несиелер беріп, олардан депозиттерге ақша қабылдау саясаты. Базалық ставка көтерілгенде, депозиттер мен тұтынушылық несиелердің пайыздық мөлшерлемелері артады. Әдетте мұның салдары несие алып жұмыс істейтін, шағын және орта бизнестің жұмысының тоқтауына әкеліп соғуы мүмкін. Сонымен бірге, ел несие алуды азайтады, шығынды қысқартады

    Белгілі экономикалық сарапшы Расул Рысмамбетов мұнай бағасы әлі өседі деп болжайды. Оның айтуынша, бір баррель 35-40 доллар болса, ешкімге тиімсіз болады.

    «Тіпті Сауд Арабиясының жағдайы жақсы емес. Жақсы болса, IPO-ға Aramco-ны (араб мұнай компаниясы – авт.) шығармас еді. Ал теңге 430-450 теңгеге бармайды. Біз тауарлардың 70-80%-ын импорттаймыз. Сондықтан теңгенің бірден түсіп кетуі – антиәлеуметтік жағдай. Бұл билікке тиімді емес», — деп жазды ол өз Facebook парақшасында.

    «Azattyq Ryhy» тілшілері экономист Оразалы Сәбденнің де пікірін білді. Оның ойынша, уақыт өте жағдай бұдан да күрделене береді. Сондықтан Үкімет нақты дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлеуі тиіс.

    «2008 жылы да мұнай қатты түсіп кетті. Сол кездегі қателікті қайталамау қажет. Ол жылы $10 млрд ақшаны банктерге берген. Қазір тағы солай болса, ел дымсыз қалады. Ұлтттық қордағы ақшаны ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіп иелеріне, азық-түлік өнімдеріне берген дұрыс», — дейді ол.

    Telegram әлеуметтік желісіндегі Tengenomika арнасы Ұлттық банктің базалық ставкаларды 12%-ға көтеруі инфляция мен валюта бағамын тұрақтандыру көп септігін тигізетінін жазды. Бірақ халыққа берілетін тұтынушылық кредиттің пайыздық ставкалары өсіп кетеді.

    «Екінші жағынан аталған шешім кредиттік ресурстардың қымбаттауына алып келеді. Бұл белгілі бір деңгейде экономиканың нақты секторында инвестициялық белсенділікті әлсіретеді. Аталған жағдайда Үкіметтің өнеркәсіп, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы салаларындағы кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шаралары маңызды рөл атқарады», — делінген арнаның жазбасында.

    Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев та осындай пікірде.

    «Қатардағы қазақстандықтарға қатысты айтар болсақ, жақында банктер теңге депозиттерінің проценттік ставкаларын көтереді. Себебі, Ұлттық банк ставкаларын көтергенде, екінші деңгейлі банктердің көтеруі де заңды. Өкінішке қарай, кредиттер бойынша да пайыздар қайта қаралатын шығар. Бірақ бұл беріліп қойған кредиттерге қатысты емес», — деп жазды ол өз Telegram арнасында.

    Мамандар Үкіметтің экономикалық жағдайға қатысты шұғыл шешімдер қабылдауы – ақша-кредит саясатындағы тұрақтылықтың кепілі деп есептейді. Ал базалық ставканы ешкім күтпеген 12%-ға көтеруді дұрыс шешімге балайды.

    валюта доллар Қазақстан теңге Ұлттық қор

    Оқылып жатыр

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025
    Соңғы жаңалықтар

    В Анкаре прошла международная конференция на тему возвращения в Западный Азербайджан

    22.05.2025

    «Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

    21.05.2025

    Тәңіртаудың етегі — шаруашылық мекені

    21.05.2025

    Алматыда «Қазақстан-Әзірбайжан» халықаралық форумы өтті

    13.05.2025

    Алматыда екі бірдей BRT желісінің құрылысы басталды

    05.05.2025

    Астанада Жаңа салық кодексін талқылаған форум өтті

    30.04.2025

    Зәкіржан Кузиев “Парасат” орденімен марапатталды

    24.04.2025

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2025 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.