Flydubai әуе компаниясы Дубайдан Қазақстанға рейстерді бастайды, деп хабарлайды Tarazy.kz
2026 жылғы 3 наурызға қараған түні FZ1533 Дубай – Алматы (170 орын) және FZ1395 Дубай – Астана (170 орын) рейстерінің ұшуы жоспарланып отыр.
Еске салайық, бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық турист шетелде қалып қойғаны хабарланған болатын.
Таяу Шығыстағы ахуалға байланысты Қазақстаннан барған 4 мыңнан астам турист БАӘ, Катар және Сауд Арабиясында қалып қойған. Бұл туралы «Туристік Қамқор» қоры мәлімдеді.
Қор өкілдерінің айтуынша, қазіргі таңда барлық туристердің жағдайы қалыпты, қауіпсіздікке қатысты мәселе жоқ.
Бұған дейін Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыс елдерінде жүрген азаматтар үшін жедел байланыс желілерін іске қосқан еді. Сонымен қатар Иран аумағында жүрген қазақстандықтарды төрт ел арқылы эвакуациялау жоспарланып отырғаны хабарланған.
