Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 16 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Елдегі ақылы автожолдар саны артады

    Елдегі ақылы автожолдар саны артады

    Жаңалықтар 03.03.2026
    Қызылорда - Жезқазған автожолы
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстанда тағы алты автожол ақылы болуы мүмкін, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Көлік министрлігі республикалық маңызы бар бірқатар жол учаскелерін ақылы санатқа көшіруді ұсынып отыр.

    ҚР Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Дархан Иманашев елімізде ақылы жол инфрақұрылымын дамыту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады.

    Оның мәліметінше, бүгінде Қазақстанда жалпы ұзындығы 4 900 шақырымды құрайтын 26 ақылы жол телімі жұмыс істеп тұр.

    Ал 2026 жылы ұзындығы шамамен 2 мың шақырым болатын тағы алты жаңа учаскені іске қосу жоспарланған. Олар:

    • Қарағанды – Балқаш – Бурылбайтал — 554,6 км
    • Бурылбайтал – Құрты — 226,4 км
    • Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат — 89 км
    • Талдықорған – Өскемен — 773 км
    • Атырау – Астрахань — 277 км
    • Мерке – Шу – Бурылбайтал — 78 км

    Сонымен бірге министрлік бұған дейін Балқаш – Бурылбайтал (645 км), Талдықорған – Өскемен (773 км) және Бурылбайтал – Құрты (226 км) бағыттарын ақылы жолдар тізіміне енгізуді ұсынған.

    Ведомствоның түсіндірме жазбасында жоба қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық немесе құқықтық тұрғыдан теріс салдары болмайтыны көрсетілген. Құқықтық акт жобасын қоғамдық талқылау 17 наурызға дейін жалғасады.

    Ақылы жолдардан түскен табыс қайда жұмсалды

    Дархан Иманашевтің айтуынша, былтыр ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналған. Бұл қаражат толықтай ақылы учаскелерді күтіп ұстауға бағытталған (2024 жылы — 48 млрд теңге).

    Түскен қаржы есебінен:

    • 1 456 бірлік арнайы техника мен жабдық сатып алынған;
    • 354 мың шаршы метр жол жамылғысына ағымдағы жөндеу жүргізілген;
    • 340 мың текше метр көктайғаққа қарсы материал пайдаланылған.

    Сондай-ақ 2024–2025 жылдары 1 мыңнан астам су өткізу құбыры орнатылып және жөнделген.

    «Жүзеге асырылған шаралардың арқасында су тасқыны қаупі бар учаскелер санын екі есеге қысқартуға мүмкіндік туды. Еріген сулардың болжамды көлемін ескере отырып, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп 219 карьер инертті материал қорын қамтамасыз етуге тартылды», — деді Дархан Иманашев.

    Ақауы бар жолдарда ақы уақытша тоқтатылуы мүмкін

    Жиында ақауы анықталған ақылы учаскелерде жол ақысын уақытша тоқтата тұру нормасы енгізілгені де айтылды. Қазіргі таңда ақаулар тіркелген аумақтың көлемі 1,1 млн шаршы метрді құрайды. Барлығы — 14 учаске (477 км). Бұл жерлерде жол-құрылыс маусымы басталғанда жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

    Сонымен қатар жол пайдаланушылардың өтініші бойынша ақылы жолмен жүргені үшін төлем мерзімін 7 күннен 30 күнге дейін ұзарту ұсынылуда. Тиісті түзетулер қазір уәкілетті органдарда келісіліп жатыр.

    Жолдар цифрландырылып жатыр

    Автожолдардың бүлінуінің алдын алу үшін автоматтандырылған өлшеу стансаларын орнату жұмысы жалғасуда. Өткен жылы тағы 24 станса қойылып, республикалық жолдардағы олардың жалпы саны 46-ға жеткен. 2028 жылға дейін тағы 102 станса орнату жоспарланған.

    Сонымен бірге жолдарды басқарудың жаңа цифрлық тетіктері енгізілуде.

    «Былтыр пилоттық жоба ретінде “Алматы – Қонаев” тас жолының 42 шақырымдық ақылы учаскесінде интеллектуалды көлік жүйесін енгізуді бастадық», — деді Иманашев.

    Жоба аясында:
    • жол-көлік оқиғаларын бақылау;
    • жануарлардың жолға шығуын анықтау;
    • ауа райын мониторингтеу;
    • жол ережесін бұзуды автоматты бағалау сияқты жасанды интеллект элементтері қолданылады.

    Бұдан бөлек, 1403 колл-орталығын жаңғырту үшін «Сапар» зияткерлік диспетчері енгізілуде.

    «Ол пайдаланушыларға “Алиса” және “Siri” қағидаты бойынша дауыстық цифрлық ассистент қызметін көрсетеді», — деді ұлттық компания басшысы.

    Жол бойы сервисі кеңейеді

    Қазір ел бойынша жол бойындағы сервис нысандарының саны 1 421-ге жеткен.

    2023–2025 жылдары жоғары санаттағы 123 жаңа сервис нысаны іске қосылды. Биыл жеке инвестиция есебінен тағы 37 нысан ашу жоспарланып отыр.

    автожол ақылы жол Жол

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.