eGov.kz пен оның құрамдас бөліктерінде (eOtinish сервисі, Smart Bridge платформасы, Ашық үкімет порталы) пайдаланушыларға жаңа авторизация әдісі енгізілді, деп хабарлайды Tarazy.kz
Енді пайдаланушыларға бірнеше аутентификация нұсқасы қолжетімді:
- eGov QR, яғни eGov Mobile мобильді қосымшасында QR кодты сканерлеу арқылы кіру;
- Электрон цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдаланып авторизациядан өту, растау SMS-код арқылы жүзеге асады;
- Логин мен құпиясөз арқылы кіру, пайдаланушы ЖСН мен құпиясөзді енгізеді, ал жеке тұлғаны растау ЭЦҚ арқылы жүргізіледі.
Егер пайдаланушы eGov Mobile қосымшасын белсенді қолданса, авторизация үшін оған QR кодты сканерлеу функциясы – eGov QR ұсынылады.
«Жаңа механизм қолданыстағы әдістерді толықтырып, порталдағы аутентификация нұсқаларын кеңейтеді», — деп жазылған хабарламада.
