Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    28/10/2026

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 28 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

      28/10/2026

      БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

      27/10/2026

      Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

      27/10/2026

      Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

      27/10/2026

      Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

      27/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Имамдар мен эстрада жұлдыздары екі көпбалалы анаға пәтер сыйлады

    Имамдар мен эстрада жұлдыздары екі көпбалалы анаға пәтер сыйлады

    Ел іші 05/06/2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Алматыда «Рамазан керуені» қайырымдылық шарасы аясында имамдар 500 отбасыға көмек көрсетті. Сонымен қатар, Діни басқарма өкілдері мен елге танымал әншілер бірлесіп, екі көпбалалы отбасыға жаңа үйдің кілтін табыс етті, — деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.

    Солардың бірі — Сандуғаш Тұрманова. 20 жылдан бері шиеттей балаларымен пәтер жағалап, көшіп жүрген ананың  жағдайы мүшкіл болған. 9 құрсақ көтерген ана қасиетті айда сол ауыртпалықтардан құтылып, жомарт жандардың көмегімен баспаналы болды. Орталық мешіт жанынан құрылған «Ықылас» қайырымдылық қорының тіркеуіндегі 600-ге жуық отбасы тегін азық-түлік алды.

    «Рамазан айының соңғы он күндігінде мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, қуаныш сыйлау — азаматтық міндетіміз», — дейді имамдар.

    «Қайырымдылық акциясындағы негізгі қаражат көзі бұл халқымыздың Рамазан айында берген пітір садақасынан, содан жасалынып жатқан қайырымдылық іс-шара. Бұл алдымыздағы айт күндері де жалғасын табады. Қасиетті айда қайырлы істер көбейді. Дәл осы күні имамдар мен әншілер тізе қосып, екі көпбалалы отбасыны қуантты. Бас мүфти бастаған өнерпаздар баспаналардың иелеріне салтанатты түрде кілттерін табыс етті. Ал балаларға базарлық ретінде бағалы сыйлық пен ойыншықтар үлестірілді, — дейді ҚМБД төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

    «Бір үйде тоғыз бала екен, бір үйде бес бала екен. Сол шаңырақтағы біз жаңағы балалардың қолын алып, бетінен сүйіп жатырмыз ғой, ертең солардың ішінен қазақтың бетке ұстар ұл қыздары шығуына біз кәміл сенеміз. Ия, соған біз ниет қылып, тілек тілеп, келіп тұрмыз. Сандуғаш Тұрманова — тоғыз баланың анасы. Талай жылдан бері пәтер жалдап, туысын сағалап жүрген. Былтыр біз осы көпбалалы отбасы туралы сюжет әзірлеп, көмекке зәру екендігін жеткізгенбіз. Содан кейін қайырымды жандар тегін жер телімін әперген. Бірақ жолдасының күнделікті тапқан нәпақасы ас-ауқатқа, балалардың киіміне жетпегендіктен, үй сала алмады. Енді, міне, ізгі азаматтардың көмегімен баспаналы болды», — дейді халық әртісі Мақпал Жүнісова.

    «Мына балаларымыздың қуанғаны — біздің қуанғанымыз. Оның үстіне бүгін мына қызымның да, төрт ұлдан кейін болған қызымның да туған күні. Ол қызым да қуанып жатыр. Көп рақмет сіздерге», — деді көпбалалы ана Сандуғаш Тұрманова.

    Имамдардың айтуынша, сауаптар еселеніп жазылатын Ораза айында қайырымдылық істер легі үзілмейді. Алдағы айт мерекесінде де осындай шарапаты мол шараны іске асырмақшы.

    баспана имам өнер жұлдыздары

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Қазақстанда пәтер жалдау ақысы қымбаттап жатыр

    02/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жетісу университетінің ұжымы Президент Жолдауын тыңдады

    28/10/2026

    БАӘ-дегі атақты жағажайлар жабылды

    27/10/2026

    Жарты жылда Ресей асқан қазақстандықтар 122 мыңнан көп

    27/10/2026

    Қазақстанда орташа жалақы неше теңге?

    27/10/2026

    Ең қымбат сүт: Түркістан облысында миллиард қолды болды

    27/10/2026

    Атақты Исматулла тергеуге ілікті

    27/10/2026

    Республика күні — елдік пен егемендік символы

    25/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.