Иранда Жоғарғы көшбасшы Әли Хаменейдің қайтыс болғаны расталды. Ол 86 жаста еді. Fars агенттігінің хабарлауынша, Ali Khamenei «Хусейн секілді шәһид болды» деп мәлімделген, деп хабарлайды Tarazy.kz
Оның қазасына байланысты елде 40 күндік жалпыұлттық аза тұту жарияланып, бүкіл ел аумағында жеті күн демалыс күні болып белгіленді.
Сондай-ақ сол шабуыл салдарынан аятолланың төрт отбасы мүшесі – қызы, күйеу баласы, немересі және келіндерінің бірі қаза тапқаны хабарланды.
Бұған дейін Жоғарғы көшбасшының қайтыс болғаны туралы ақпаратты Reuters агенттігі таратқан, кейін бұл мәліметті АҚШ президенті Donald Trump растаған. Ал Иран билігі бастапқыда бұл хабарларды жоққа шығарған болатын.
