Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 22 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Каспий теңізінің жағалауында ірі туристік кешен салынады

    Каспий теңізінің жағалауында ірі туристік кешен салынады

    Ел іші 01.06.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Маңғыстау облысына барған жұмыс сапары барысында ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алға қойған міндеттердің жүзеге асырылуымен және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы сәуір айында жұмыс сапары барысында өңірді әлеуметтік-экономикалық дамыту бойынша берген тапсырмаларының орындалуымен танысты, — деп хабарлайды Тarazy.kz тілшісі Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    ҚР Үкіметінің басшысы өңір активінің қатысуымен жұмыс кеңесін өткізді. Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша өңірде өнеркәсіптік өнім өндірісінің көлемі 943,6 миллиард теңгені құрады, соның ішінде 20,1 пайызға машина жасау өсімін қамтамасыз ету есебінен болды. Негізгі капиталға инвестициялар 121,8 миллиард теңгені құрады. Жалпы алғанда, биыл өңірдің инвестициялық қоржыны 1,6 триллион теңгеге 44 инвестициялық жобадан тұрады, олардың ішінде 67 миллиард теңгеге 22 жобаны іске асыру 2019 жылға жоспарланған.

    Кеңес барысында ұлттық экономика вице-министрі Е. Алпысов, индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Б. Қамалиев, энергетика вице-министрі М. Мырзағалиев «Ауыл — Ел бесігі» жобасын іске асыру, өңірде көлік инфрақұрылымын және мұнай-газ кешенін дамыту туралы баяндады.

    «Елбасы Маңғыстау облысының дамуына ерекше көңіл бөледі», — деп Асқар Мамин, ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша бірқатар стратегиялық маңызы бар ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылғанын атап өтті, қазіргі таңда аталған жобалар еліміздің транзиттік және экспорттық әлеуетін дамытуға елеулі түрде ықпал етіп жатыр.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында өңірде Жаңаөзен қаласын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2025 жылға дейінгі кешенді жоспарын іске асыру жұмыстары басталды. 67 іс-шара жоспарланған, соның нәтижесінде 16,3 мың жұмыс орны ашылады.

    Кеңес қорытындысын шығара отырып, Асқар Мамин Маңғыстау облысы Қазақстанның батыс қақпасы екенін айтып, өнеркәсіп және көлік-логистика салаларын, туризмді одан әрі дамытудың қажеттігін атап өтті.

    ҚР премьер-министрі Асқар Мамин Каспий теңізінің жағалауында жаңа жоба салынатын жерде тас салу рәсіміне қатысты. Аквапаркі, спорт алаңдары мен конгресс-холы бар, 2000 орынға шақталған 600 нөмірі бар туристік кешенді 2020 жылдың шілде айында пайдалануға беру жоспарланған. Бұл жобаны іске асыру облыста туризмнің дамуына зор серпін береді, аталған жобада 2000-ға жуық жұмыс орнын ашу көзделген.

    Каспий теңізінің жағалауы туризмді дамытудың әзірленген мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Қазақстанның басым туристік аумақтарының үздік ондығына кіреді.

    Өңірде жаңа 45 қонақ үй кешенін салу үшін жеке инвестициялар тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Сонымен қатар, ҚР Үкіметінің басшысына жұмыс сапары барысында инвестициялар көлемі 1,8 миллиард доллардан аса болатын «Ақтау теңіз порты» АЭА аймағында метанол мен олефин өндіру зауытын салу жоспарлары таныстырылды. Жоба импортты алмастыруға бағытталған, зауытта газ метанолға қайта өңделеді және 40-тан аса өнім атауын шығаруға мүмкіндік беретін басқа да құрауыштар шығарылады.

    Каспий теңізі Маңғыстау облысы Үкімет

    Оқылып жатыр

    ҚТЖ тағы да сынның астында

    14.07.2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18.05.2026

    Алматы облысында “Тәңіртау таланттары” атты өнер байқауы өтті

    04.05.2026

    Шымкент соты Арай Есенбекті 5 жылға соттады

    24.04.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.