Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстанда шеруге шығуға рұқсат беріледі — Тоқаев

    Қазақстанда шеруге шығуға рұқсат беріледі — Тоқаев

    Ел іші 17/06/2019
    © Тұрар Қазанғапов
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Euronews-ке берген эксклюзив сұхбатында Қазақстанда тұрғындарға шеруге шығуға рұқсат беретін заң қабылданатынын айтты.

    Қазақстан Президенті елде саяси өзгеріске қалай қол жеткізуге болатынын Еуроодақ мүшелерімен кеңескенін мәлім етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам қауіпсіздігіне «шығын келтірмеген» шеру қатысушылары мерзімінен бұрын босатылады. Ол митингіге шыққан жастардың қазақстандық қоғамда өз орнын табуын алдағы мақсаты ретінде қойғанын айтты.

    «Саяси мақсатым — жастарды билікке тарту, мемлекеттік маңызды мәселелерді шешуге көмектесу. Шеру жасаған қозғалыстардың өкілдерін келіссөз жүргізуге дөңгелек үстелге шақырамыз, мәселелер көшеде тәртіпсіздік пен аласапыран атмосферада емес, осылай шешіледі», — деді Қазақстан Президенті.

    Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда рұқсат берілген митингілерге шығуға мүмкіндік жасайтын заң қабылданатынын айтты.

    «Әрине, заңсыз болғанның бәрі тоқтатылады. Бас прокуратура көшедегі осындай митингілердің заңсыз екенін бірнеше рет ескертті, себебі олар оған қатысқысы келмейтін халыққа кедергі жасайды. Сондықтан, жаңа заң қабылданады, енді демонстрацияға шығып, өз пікірін білдіргісі келген халық тиісті органға жүгінеді, оларға өз пікірін білдіру үшін арнайы жер беріледі», — деді Президент.

    Сонымен қатар, Тоқаев ЕҚЫҰ-ның соңғы президенттік сайлау жайлы баяндамасында айтылған сынға қатысты пікірін білдірді:

    «Ашық сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалды. Кей учаскелерде заңбұзушылықтар болуы мүмкін. Әрине, толыққанды сараптама жасаймыз, егер заң бұзылғаны анықталса, қажетті шаралар қолданылады».

    Айта кетейік, 9-12 маусым арасында елімізде рұқсат етілмеген митингілер өткен болатын. Заңсыз акцияға қатысып, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін 957 адамды сот әкімшілік жауаптылыққа тартты, оның ішінде қамауға алынғаны — 670, айыппұлға — 115 және 172 адамға ескерту жасалды.

    Қасым-Жомарт Тоқаев

    Оқылып жатыр

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.