Close Menu
    Оқылып жатыр

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 28 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

      27.07.2026

      Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

      27.07.2026

      Мұнай бағасы күрт төмендеді

      27.07.2026

      Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

      27.07.2026

      Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

      25.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстандық Әділхан Макин «Славян базарында» бас жүлде жеңіп алды

    Қазақстандық Әділхан Макин «Славян базарында» бас жүлде жеңіп алды

    Ел іші 15.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Қазақстандық Әділхан Макин Витебскіде өткен «Славян базары-2019» байқауында бас жүлде жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

    «Сүйінші, қазақ елі!!! Қазақстан өнерінің абыройы тағы бір мәрте асқақтап, «Славян базары-2019» xалықаралық фестивалінде мемлекетіміздің намысын қорғаған Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Эстрада өнері» факультетінің 4 курс студент ӘДІЛХАН МАКИН — Гран-При-ге ие болды. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, мерейімізді тасытқан өнер жеңісі құтты болсын! Осыдан дәл төрт жыл бұрын «Славян базары-2015″ xалықаралық фестивалінде ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН тұңғыш рет Гран-Приді жеңіп алып, ал 2017 жылы Ернар Садырбай І-ші жүлдеге ие болған еді. Витебскіде Димаш Құдайберген бағындырған биік биыл Әділxан Макиннің жеңісімен жаңғырды», — деді Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ректоры Асхат Маемиров.

    Екі күн бойы ерекше таланты мен вокалдық мүмкіндіктері үйлесіп, кәсіби орындаушылық деңгейі мен актерлік шеберлігі жарасым тапқан Әділxан Макин — қазылар алқасы мен алты мыңнан астам көрерменнің, оның сыртында тікелей эфирді тамашалаған миллиондаған фестиваль жанкүйерлерінің таңдайын қақтырып, ыстық ықыласына бөленді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлы ақын Абай атамыздың 175 жылдығына арналған өлең оқу эстафетасы туралы көрермендерге қазақ тілінде xабарлап, «Славян базары» фестивалінің үлкен саxнасында Абайдың «Көзімнің қарасы» әнін арнайы орындады», — деді Маемиров.

    Ректордың айтуынша, Әділxан 2 турда да үміткерлердің көшін бастап, қорытындысында 178 ұпай жинап, қатарластарынан оқ бойы озып, суырылып алға шыққан.

    «Беларусь, Ресей, Германия, Швейцария, Болгария, Мальта, Израиль, Китай, Латвия, Украина, Польша, Литва, Грузия, Армения, Молдова секілді мемлекеттерінің айтулы эстрада әншілерінің ортасында топ жаруы — еліміздегі өнер мен мәдениет саласындағы кәсіби үрдістің биік деңгейде екендігін көрсетеді. ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен шығармашылық делегация 3 күн бойы фестиваль жұмысы мен конфернцияғв белсене араласып, Қазақстандағы өнер кеңістігінің жетістіктерімен, тәжірибелерімізбен ой бөлістік. «Славян базары» xалықаралық фестивалінің ресми өкілі Қарлығаш Әбдікаримова тынымсыз еңбегіне, Әділxанның вокалдан ұстазы — PhD докторы Йоанис Кайсидиге және осы өнер сапарына ерекше қолдау жасап, әр күн сайын кәсіби кеңес-тілектерімен қанаттандырып отырған ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұловаға алғыс айтамыз. Қазақстанның ән өнеріндегі жаңа да жарқын есім Әділxан Макин — ел руxаниятын әлем кеңістікте дәріптеу жолында биік белестерді бағындыра берсін!», — деді Маемиров.

    Бірінші турда Әділхан Макин Игорь Крутойдың «Озеро надежды» әнін айтып, көш бастаған еді.

    Әділхан Макин байқау Беларусь

    Оқылып жатыр

    Білім грантынан 127 мың талапкер үмітті: қай мамандықтар сұраныста?

    22.07.2026

    Абай университетінде ғалымдар Алтын орданы оқытудың инновациялық тәсілдерін талқылады

    14.07.2026

    Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ ойнап отырған фотосы табылды

    19.05.2026

    Ғылым ордасында Халықаралық музейлер күніне арналған мәдени-танымдық іс-шара өтті

    18.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Алдағы жылыту маусымына 384 млрд теңге бөлінді

    27.07.2026

    Каспийдегі шабуылдан кейін Иран Украинаға қатаң ескерту жасады

    27.07.2026

    Мұнай бағасы күрт төмендеді

    27.07.2026

    Қызылордадан Алматыға келген келіншек жоғалып кетті

    27.07.2026

    Алматыда жеке кәсіпкер футбол академиясын салып жатыр

    25.07.2026

    Алматы облысында тоғызқұмалақтан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды

    25.07.2026

    Даму қорының басшылары 315 млн теңге сыйақы алған

    25.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.