Close Menu
    Оқылып жатыр

    Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

    06.01.2026

    Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

    06.01.2026

    «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

    06.01.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 8 января
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

      06.01.2026

      Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

      06.01.2026

      «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

      06.01.2026

      Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

      06.01.2026

      Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады

      06.01.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Хан тәңірі етегі — чемпиондар мекені

      17.11.2025

      Өртте жоғалған өмірлік құжаттар 28 жылдан кейін қайта рәсімделді

      28.10.2025

      Алматы облысында тұңғыш рет дрон шоу өтті

      25.10.2025

      Қонаев қаласында жанға жайлы аялдамалар пайда болды

      16.10.2025

      «Қонаев-Күрті» автомобиль жолының жарты бөлігінде құрылыс жұмыстары толық аяқталды

      28.09.2025
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Қазақстандық студент қыз Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты

    Қазақстандық студент қыз Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты

    Ел іші 15.07.2019
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Нұр-Сұлтан қаласының 20 жастағы тұрғыны Қытайда жұмбақ жағдайда қаза тапты. Ресми нұсқа бойынша, ол өз-өзіне қол салған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

    Сандира Серікханова Чанчжоу қаласындағы Jiangsu University of Technology үшінші курста оқыған.

    «Ол өз күшімен грантқа түсті, қытай тілін жарты жыл ішінде үйренді. Өте сабырлы қыз болды, ақша тауып та үлгеретін. Осы жылдың басында Қазақстаннан келген басқа қызбен танысты. Ол әлдеқайда үлкен және, біздің пайымдауымызша олардың мінезе екі басқа болған. Анам Сандирадан олардың ортақ немен айналысатынын, неге араласып жүргенін бірнеше рет сұрады», — дейді қыздың тәтесі Альнура Ағаева.

    26 сәуірде күндізгі уақытта ол өзінің жаңа танысымен және оның Шымкент пен Алматыдан келген екі жолдасымен кафеге барған.

    «Олар шамамен 21-22 жаста. Кейінірек Instagram-нан Сандираның хат алмасуынан біз олардың осы кездесуге бірнеше күн бойы сұранғанын білдік. Алдымен бәрі жақсы болды. Содан кейін осы жігіттердің бірі қызымызды өз пәтерінен бірдеңе алып кетуге көмектесуді сұрады. Ол, шамасы, ештеңе ойламастан келіскен. Бұл үйде тек лифтте бейнебақылау бар. Сол жерде ол алдымен лифтке кіруге қаймыққаны көрінеді, содан кейін жігіт оны көндірген. Одан әрі не болғанын біз оның сөзінен ғана білеміз. Олар 17-ші қабатқа көтеріліп, оның пәтеріне кірген. Пәтерден шыққан кезде қыздың жылағанын көруге болады, бірақ неге екенін, ол түсіндіре алмайды. Шок алып, есінде ештеңе қалмағанын айтады. Содан кейін ол лифтке барды, қыз артта қалды. Кенеттен айғайлаған дауыстар естіген, ол баспалдақ аралығындағы балконға жүгіріп, төменгі қабаттан бірінші кроссовканы, содан кейін 7-ші қабаттағы сауда орталығының шатырында қызды көрген», — деп жалғастырды Альнура әңгімесін.

    Қыздың әкесі сол күні Қытайға ұшып кеткен.

    «Істі қытайлық полицейлер тергеп жатыр. Олардың айтуынша, бұл суицид. Бірақ қыздың мұндай әрекетке баруына ешқандай жағдай болған емес. Ол күніне бірнеше рет анасымен хат алмасатын. Ал 30 маусымда каникулға келіп, кішкентай аінілері мен қарындастарына сыйлықтар сатып алғанын айтқан. Өзін, әдеттегідей ұстаған, емтиханға дайындалып жүрді. Сол жерде әкеме алдын ала дайындалған сценарий бойынша жауап берді. Оның бойы ұзын, шамамен бір метр сексен сантиметр. Сол сүйеніш иыққа жетеді. Ал Сандираның бойы ары кетсе бір метр алпыс сантиметр болатын. Оның бойы сүйенішке жетпейтін. Оған қоса, секіру үшін жоғарыға өрмелеуі керек болған. Бірақ ол жерде ешқандай саусақ іздері жоқ», — дейді Сандираның тәтесі.

    Қаза тапқан қыздың денесі 2 мамырда Нұр-сұлтанға жеткізілді, жерлеу рәсімі келесі күні өтті. Оның туыстары әлі күнге дейін тергеу қандай кезеңде екенін білмейді.

    «Сыртқы істер министрлігінде тергеу жалғасып жатқанын, ал университеттегі кураторы 5 маусымда тергеудің аяқталғанын жазады. Қолымызда тек қайтыс болғаны туралы куәлік бар, бізге сот-медициналық сараптаманың қорытындысын да, оқиға орнынан фото немесе бейне берген жоқ. Сол жігіттер мен қыздар бізді барлық әлеуметтік желілерде бұғаттап, байланысты үзді, Қазақстанға демалысқа қайтып келмеді. Біздің құқық қорғау органдары да бізбен байланысқа шыққан жоқ, тіпті көңіл айтпады да», — деп қорытындылады ол.

    ҚР СІМ өкілдері қазақстандық қыздың қайтыс болғанын растады, алайда қандайда бір нақты мәліметті кейінірек беруге уәде берді.

    Қытай студент суицид

    Оқылып жатыр

    Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

    06.01.2026

    Алматыда 14 жастағы жасөспірім бір аптадан бері іздестіріліп жатыр

    05.01.2026

    Түркістан облысында 6 жастағы қызға азғындық жасаған жасөспірім 10 жылға сотталды

    25.12.2025

    Қардың үстіне асфальт төсеген: БҚО-да сапасыз салынған жол жұрттың ашуын келтірді

    23.12.2025
    Соңғы жаңалықтар

    Премьер-министр Олжас Бектенов шенеуніктерге ескерту жасады

    06.01.2026

    Алматының экс-әкімі Ерболат Досаевтың табыс декларациясы жарияланды

    06.01.2026

    «Мұндай жерде адам тұра алмайды»: Алатауда жас дәрігер қызметтік пәтерге шағымданды

    06.01.2026

    Рудныйда кен орнында жарылыс: бір жұмысшы зардап шекті

    06.01.2026

    Қазақстанда ақылы автожолдардың саны артады

    06.01.2026

    Қазақ футболының ардагері Марат Есмұратов қайтыс болды

    05.01.2026

    Желіде Нұрәлі Әлиевтің Дубайдағы туған күн кешінен кадрлар жарияланды

    05.01.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.