Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдос Сметов Азиададағы жарыс жолын сәтті бастады

    30/09/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    «Теңіз» үшін тартыс: Қазақстан мұнай кені үшін 10 млрд $ мен 35% талап етуде

    30/09/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 30 сентября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдос Сметов Азиададағы жарыс жолын сәтті бастады

      30/09/2026

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      «Теңіз» үшін тартыс: Қазақстан мұнай кені үшін 10 млрд $ мен 35% талап етуде

      30/09/2026

      Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

      29/09/2026

      Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

      29/09/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

    Композитор Арман Дүйсенов қайтыс болды

    Ел іші 24/01/2023
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Әнші Индира Елемес белгілі композитор, продюсер Арман Дүйсеновтың өмірден өткенін мәлімдеді.

    Бұл туралы әнші қалың жұртқа Instagram-дағы парақшасында естіртті. Индира Елеместің администраторы бұл ақпаратты растады.

    «Арман ағау! Неге олай? Иманы саламат болсын, мекені жәннәт болсын», — деп жазды әнші.

    Посмотреть эту публикацию в Instagram

    Публикация от Индира Елемес (@indiraelemes)

    Қаралы хабарды продюсер Ерғали Әбдірайымов та жариялады.

    «Арман бауырымнан айырылып қалдық ағайын. Айсұлу, айналайын және ұрпағына Алла көркем сабыр берсін», — деп жазды ол.

    Арман Дүйсенов — белгілі композитор, музыкант, әнші, продюсер, тележүргізуші, талай қазақша хиттердің авторы. Ол 1974 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Оны әріптестері әлемдік классикалық музыка, фольклорлық этнография, эстрадалық музыка сияқты бірнеше бағытта кәсіби музыкалық білім алған Қазақстанның заманауи композиторларының бірі деп, жоғары бағалайды.

    Арман Дүйсеновтің әсіресе Алтынай Жорабаева орындайтын «Ағажан» әні мен Динара Қырықбаева шырқайтын «Ұстазым» әні көпке танымал. Мектеп оқушылары «Ұстазым» әнін әлі де орындап жүр. Сонымен қатар композитордың «Фотограф», «Сен», «Мәңгілікке», «Бақыт таңы», «Үміт арман», «Сен ғана» әндері де белгілі.

    Музыканттың шығармашылық жолы 1990 жылы Павлодар қаласында өткен XXII Республикалық жас орындаушылар байқауында жеңімпаз атанғаннан кейін басталды. Сол жылы дирижерлер Т.Әбдірашев пен Ю.Дороховскийдің жетекшілігімен симфониялық оркестр құрамында Швейцария қалалары мен Лихтенштейн Князьдігіне халықаралық гастрольдік сапарға қатысты. 1995 жылы «Достар» поп-джаз-рок тобының жетекшісі бола жүріп, Республикалық «Жас-Қанат» байқауында «Халық таңдауы» сыйлығының иегері атанды. 1992-1996 жылдар аралығында ол жыл сайын Байройттегі (Германия) халықаралық Das Treffen фестиваліне қатысады. Онда әлемнің 42 елінің өкілдері қатысатын симфониялық оркестрде үш рет Гран-при лауреаты және топтың сүйемелдеушісі болды.

    1997 жылдан бері Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасының халық артисі Райымбек Сейтметов негізін қалаған «Өнер» факультетінің «Музыка және орындаушылық өнер» кафедрасында сабақ берген. Содан кейін Түркістандағы Халықаралық қазақ-түрік Х.А.Университетінде Асанәлі Әшімов, Рахманқұл Бердібаев, Бағыбек Құндақбаев, Әшірбек Сығаевтармен бірге республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары атанған жас талантты әншілер мен актерларды тәрбиелеуге атсалысқан. 

    Оқылып жатыр

    Хиджаб мәселесінен кейін елге қарғыс тілеген ұстаз жұмыссыз қалды

    10/09/2026

    Танымал тележурналист Тілеуқабыл Мыңжасар дүниеден өтті

    28/08/2026

    «Бұл — менің тағдырым»: Бекболат Тілеухан жеке өмірі туралы айтты

    07/08/2026

    Елді дүр сілкіген қылмыс: Атыраудағы қанды оқиғаға қатысты сот басталды

    18/05/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдос Сметов Азиададағы жарыс жолын сәтті бастады

    30/09/2026

    Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

    30/09/2026

    «Теңіз» үшін тартыс: Қазақстан мұнай кені үшін 10 млрд $ мен 35% талап етуде

    30/09/2026

    Долларлық депозит пайызының өсуі теңге бағамына қалай әсер етеді?

    29/09/2026

    Алыптар айқасы: АҚШ пен Қытай тарифтерді төмендетуге келісті

    29/09/2026

    Тоқаев ресми сапармен Германияда жүр

    29/09/2026

    Қазақстанда кедейлік 5%-ға төмендеген

    29/09/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.