Close Menu
    Оқылып жатыр

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

    03.03.2026

    Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

    03.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

      03.03.2026

      Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

      03.03.2026

      Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

      03.03.2026

      Елдегі ақылы автожолдар саны артады

      03.03.2026

      Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

      03.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026

      Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс өтті

      18.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    Ел іші 03.03.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Бүгін Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ақбалаұлы Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Тағылымы мол шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссия төрағасы Бауыржан Сәндібаев, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірбек Шәменов, Қазақстанның Еңбек Ерлері Абзал Ералиев пен Имамзада Шағыртаев, облыстық мәслихат депутаты Жорабек Нұрымбетов, «Тоғызқұмалақ спорты федерациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің вице-президенті, ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Айнұр Жақапбаева, Қожа Ахмет Яссауи университетінің «Халықаралық Түркі зияткерлік ойындар» орталығының басшысы, халықаралық дәрежедегі төреші Қашымхан Дәуренқұлов, Қызылорда облыстық тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының президенті Әбдіқадыр Ергешбаев қатысты.

    Салтанатты жиында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Данияр Еренғалиұлы Нәлқожа Ақбалаұлының өнегелі ғұмыр жолы мен аймақ дамуына сіңірген елеулі еңбегіне тоқталды.

    — Аймағымыздың өркендеуіне бар күш-жігерін арнап, ел игілігі жолында аянбай қызмет еткен азаматтардың есімін ұлықтау – баршамызға ортақ парыз. Нәлқожа Ақбалаұлы – саналы ғұмырын халық игілігіне арнаған, жастардың білімді де бәсекеге қабілетті болып қалыптасуына айрықша көңіл бөлген бірегей тұлға. Оның бастамасымен өңірімізде бірқатар спорт нысандары мен мәдениет ошақтары бой көтерді. Бүгінгі дәстүрлі халықаралық турнир – сол еңбектің жарқын жалғасы деп білемін. Бүгінгі додада нағыз мықты спортшылар топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінеді деп сенемін, — деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

    Сондай-ақ жиын барысында зиялы қауым өкілдері мен құрметті қонақтар құттықтау сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға жеңіс тіледі.

    Айта кетейік, дәстүрге айналған халықаралық турнир биыл тоғызыншы рет ұйымдастырылып отыр. Байрақты бәсекеге Қырғызстан, Әзірбайжан, Түрікменстан, Ауғанстан мемлекеттерінен және еліміздің барлық өңірінен келген 450-ге жуық спортшы өзара сайысады.

    7-ші наурызға дейін жалғасатын жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және дипломдармен марапатталады.

    Тоғызқұмалақ турнир

    Оқылып жатыр

    Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

    03.03.2026

    Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

    03.03.2026

    Елдегі ақылы автожолдар саны артады

    03.03.2026

    Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

    03.03.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

    03.03.2026

    Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

    03.03.2026

    Елдегі ақылы автожолдар саны артады

    03.03.2026

    Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

    03.03.2026

    КТК-ға тағы да шабуыл: министрлік «Шесхарис» мұнай терминалындағы жағдайға түсінік берді

    03.03.2026

    Жемқорлардан қайтарылған ақшаға 77 мектеп салынған

    03.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.