Меркі ауданы бойынша биыл 2020 гектар алқапқа қант қызылшасы егілді. Қазір дала диқандары өнімді уақытылы жинап алу үшін тынбай еңбек етуде. Сонымен қатар «Меркі қант зауыты» да өз жұмысына кірісіп, балтамырдың өнімдерін қабылдап жатыр.
Қант қызылшасы Жамбыл, Сарымолдаев, Ойтал, Кеңес, Тұрар Рысқұлов, Жаңатоған, Сұрат ауылдық округтегі шаруа қожалықтарына тиесілі. Биыл балтамырдың Акация, Бритни, Виолика, Трубато, Эйдер, Мохикан, Дуняша түрлері егілген.
Бүгінгі күнде тәтті түбірдің 4 гектары жиналған, 107 тоннасы «Меркі қант зауыты» ЖШС-ге өткізілген.
Шаруа қожалықтары үшін қант қызылшасының 1 тонна түбіріне 14000 тг субсидия, ал қант қызылшасы зауытынан 10000тг берілетіні нақтыланды. Барлығы 24000 тг құрайды.