Close Menu
    Оқылып жатыр

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

    03.03.2026

    Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

    03.03.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 марта
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

      03.03.2026

      Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

      03.03.2026

      Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

      03.03.2026

      Елдегі ақылы автожолдар саны артады

      03.03.2026

      Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

      03.03.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

      26.02.2026

      Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

      24.02.2026

      Алматыда Қазақстанда туберкулезден болатын өлім-жітім 5 есеге азайғаны айтылды

      24.02.2026

      Табиғатты қорғаудан тұрақты туризмге дейін: Іле Алатауының 30 жылдық жолы

      20.02.2026

      Жетісу университетінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында облыстық пікірсайыс өтті

      18.02.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Нұржан Нұржігітов таластықтардың талап-тілегін тыңдады

    Нұржан Нұржігітов таластықтардың талап-тілегін тыңдады

    Өңір тынысы 14.08.2022
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысының «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов Талас ауданының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

    Басқосуға облыстық құқық қорғау органдарының және салалық басқармалардың басшылық өкілдері де қатысты.

    Аймақ басшысы алдымен Тамды ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен кездесті.

    Кездесуде Тамды ауылдық округінің әкімі Рауан Асқаров жыл басынан бері ауылда іске асқан ілкімді жобалар жайында, ауылдың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы баяндады.

    Бұдан соң тұрғындар аймақ басшысына ауылда қордаланған мәселелерді шешу бойынша өтініштерін жеткізді. Ауылдықтарды негізінен су каналын жөндеуден өткізу, күрес залы мен балабақша салу, жол жөндеу мәселелері алаңдататыны белгілі болды.

    Облыс әкімі барлық сұрақтарға жауап бере отырып, мәселелерді шешу бойынша жұмыстар кезең-кезеңімен орындалатынын баса айтты.

    –Әр отбасының тұрақты табысы болуы шарт. Ол үшін ауылдықтар мейлінше мемлекеттік бағдарламалардың шарапатын сезінуі тиіс. Мысалы ауданда 85 шаруа қожалығы болса, соның 12-сі ғана субсидия алып отыр. Осындайда неге шаруалардың 50 пайызы субсидияның мүмкіндігін заң жүзінде барынша пайдаланбайды деген сауал туады. Сол секілді кәсіпкерлік саласында да жеңілдіктер жетерлік,–деді Нұржан Нұржігітов.

    Бұл күні облыс әкімі Қаратау қаласындағы Балалар өнер мектебінде қала халқымен кездесті. Мұнда да алдымен қала әкімі Дархан Байбетов атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде есеп берді.

    Жиында қала тұрғындары көгілдір отын, саяжайларға ауыз су тарту, көпқабатты үйлерді жөндеуден өткізу, қоқыстарды тазалау туралы мәселелерді көтерді.

    Басқосулар қорытындысымен көтерілген мәселелерді шешу бойынша жұмыстар жүргізу үшін облыс әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар жүктеді.

    Кездесулерден соң облыс әкімі жергілікті азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдаулар өткізді.

    Қазақстан

    Оқылып жатыр

    Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

    03.03.2026

    Қазақстандағы АЭС жобасына жауапты «Росатом» бөлімшелері санкцияға ілінді

    26.02.2026

    Атырауда 15 жастағы оқушы жоғалды

    26.02.2026

    Абай университетінде түлектердің кәсіби әлеуетін арттыруға арналған «Сұхбат» жобасы өтті

    24.02.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан халықаралық турнир басталды

    03.03.2026

    Президент Ішкі істер министрі Сәденовті қабылдады

    03.03.2026

    Қоршаған ортаны ластаған Қарашығанақ операторына 2 млрд теңге айыппұл салынды

    03.03.2026

    Елдегі ақылы автожолдар саны артады

    03.03.2026

    Дубайда қалып қойған қазақстандықтар елге қайтарыла бастайды

    03.03.2026

    КТК-ға тағы да шабуыл: министрлік «Шесхарис» мұнай терминалындағы жағдайға түсінік берді

    03.03.2026

    Жемқорлардан қайтарылған ақшаға 77 мектеп салынған

    03.03.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.