Close Menu
    Оқылып жатыр

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 24 июня
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

      08.06.2026

      Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

      31.05.2026

      Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

      30.05.2026

      Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

      28.05.2026

      БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

      28.05.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026

      Түркістан облысында 275 мың гектар алқап химиялық өңдеуден өтті

      07.05.2026

      Кегеннің кіре берісіне 5100 түп ағаш егілді

      04.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » “Проблемалық кредиттер қорының” экс-басшысы ұсталды: істің Шолпанқұловқа қатысы бар ма?

    “Проблемалық кредиттер қорының” экс-басшысы ұсталды: істің Шолпанқұловқа қатысы бар ма?

    Жаңалықтар 24.02.2026
    фото: хабар24
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Белгілі журналист Михаил Козачков «Проблемалық кредиттер қоры» АҚ-ның бұрынғы басқарма төрағасы Дәулет Бақбергеннің ұсталғанын мәлімдеді. Оның жазуынша, экс-басшы қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Журналистің дерегіне сүйенсек, Бақберген біраз уақыт бұрын Астанада ұсталып, кейін Алматыға жеткізілген. Қазір қылмыстық істі ҰҚК-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеп жатыр. Бұл бап бойынша 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

    Козачков мәселенің мәнін түсіндіре келе, «Проблемалық кредиттер қоры» Қаржы министрлігіне қарасты ұйым екенін атап өтті. Қордың негізгі міндеті екінші деңгейлі банктерден өткен проблемалық активтерді қабылдап, оларды қалпына келтіріп, кейін саудаға шығару екен.

    Алайда бұл құрылымның жұмысы бұған дейін де депутаттар мен сарапшылар тарапынан сынға ұшыраған. Мамандар ондаған нысан қор қарамағында болғанына қарамастан, табыстың неге мардымсыз екенін бірнеше рет көтерген.

    Журналист өзі шамамен алты жыл бұрын қор қызметіне қатысты шағын зерттеу жариялағанын да еске салды. Сол материалда Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск бейорганикалық өндірістер зауытының жағдайы сөз болған.

    «Қор менеджерлері аумағы 64 мың шаршы метр зауытты айына небәрі 1000 теңгеге жалға берген. Инвестор өндірісті жандандырамын дегенімен, іс жүзінде ғимараттарды коммерциялық мақсатта қайта жалға беріп отырған», — деп жазды Козачков.

    Сонымен қатар журналист бұл істе тағы бір назар аударар жайт барын атап өтті. Оның айтуынша, Бақбергеннің бұрынғы жетекшісі — Қаржы министрлігі тарапынан қор жұмысын қадағалаған Берік Шолпанқұлов жуырда Ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметінен өз еркімен кеткен.

    Козачков осы екі оқиғаның өзара байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз екенін айтып, бұл сұраққа тергеу барысында жауап берілуі мүмкін екенін меңзеді.

    Қазіргі уақытта ресми органдар тарапынан қосымша түсініктеме жарияланған жоқ.

    Дәулет Бақберген Ұлттық банк

    Оқылып жатыр

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

    13.06.2026

    Ақсуатта өткен дүбірлі фестивальда тоғызқұмалақ жеңімпаздары қомақты жүлде алды

    08.06.2026

    Ұлттық спорттың мәртебесін айшықтаған құрылтай

    31.05.2026

    Күрделі жөндеу жасалған облыстық жол тексеріліп жатыр

    30.05.2026

    Түркия азаматы 1 млрд теңгеге алаяқтық жасаған

    28.05.2026

    БЖЗҚ мамыр айын табыссыз аяқтады

    28.05.2026

    Келесі оқу жылына 90 мыңдай грант бөлінді

    26.05.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.