Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Четверг, 12 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

      12/11/2026

      Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

      12/11/2026

      Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

      12/11/2026

      2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

      10/11/2026

      Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

      10/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Сапарбаев: облыстағы кәсіпорындар экспортты көбейтіп, импортты азайту керек

    Сапарбаев: облыстағы кәсіпорындар экспортты көбейтіп, импортты азайту керек

    Өңір тынысы 02/09/2020
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сейсенбі, 1 қыркүйек күні Жамбыл облысы активінің жиналысы өтіп, онда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында қойылған негізгі басымдықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

    — Президент коронавируспен күрес шараларына айрықша назар аударды. Босаңсуға әлі ерте. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұру мәселелері ерекше бақылауда болуы керек.

    Облысымызда төсек-орын санын көбейту жұмыстары жүргізілуде, дәрі-дәрмектер мен медициналық жабдықтар қоры қалыптасуда. Жақында ғана ашылған орталықта коронавируспен ауырған тұрғындар оңалту курсынан өтіп жатыр. Біз жамбылдықтардың сапалы медициналық қызмет алуы үшін барымызды салып жатырмыз, — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

    Бердібек Сапарбаев Мемлекет басшысының ел дамуының ең өзекті проблемаларын атап өтіп, оларды шешу жолдарын көрсетіп, стратегиялық басымдықтарды айқындағанын баса айтты.

    — Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын негізге ала отырып, біз облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын айқындаймыз. Негізгі басымдық — жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету және азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру, — деді облыс әкімі.
    Біріншіден, мемлекеттік басқару, кадр саясаты, шешімдер қабылдау жүйесі және оларды орындаудағы жауапкершілік тәсілдері өзгереді.
    — Мемлекеттік басқарудың жаңа моделін құру бойынша реформалар жүйелі түрде жүргізілетін болады, — деді ол.

    Аймақ басшысы өз сөзінде жаңа жағдайдағы экономикалық даму, импортты азайту және Жамбыл кәсіпорындарының экспорттық әлеуетін дамыту маңыздылығына айрықша тоқталды.
    — Еліміздің жаңа экономикалық бағыты ел Президенті атап көрсеткен жеті негізгі қағидатқа негізделуі керек. Біздің өндірістік әлеуетімізді толығымен пайдалану тапсырылды.

    Өңдеу өнеркәсібіндегі түсті металлургия, машина жасау, ауылшаруашылық өнімдерін қайта өңдеу, құрылыс материалдары мен тамақ өндірісі секілді жаңа бағыттарды зерделеу қажет. Біздің облыста бұл бағыттардағы жобаларды зерделеуге және жүзеге асыруға барлық жағдайлар жасалған. Тиісті тапсырма менің орынбасарларыма және салалық басқарма басшыларына жүктеледі, — деді облыс әкімі.

    Агроөнеркәсіптік кешенге бағдар өз өзектілігін сақтап қалады. Негізінен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету, ауыл тұрғындарының кірістерінің тұрақты өсімі, еңбек өнімділігінің екі жарым есеге арттыру және ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын екі есеге ұлғайту міндеттері қойылып отыр.

    — Мен аудан әкімдеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын бақылауды тапсырамын. Тұрғындардың табысын арттыру үшін пилоттық жобаның мүмкіндіктерін пайдалану және осы жобаны іске асырудың екінші кезеңіне дайындалу қажет, — деді облыс әкімі.

    Инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыру артып келеді.

    — Мемлекет басшысы 2025 жылға дейін Республикалық маңызы бар жолдарды қайта жаңғыртып қана қоймай, жол бойындағы сервиспен қамтамасыз ету міндетін жүктеп отыр. Осы орайда біз «Нұрлы жол» бағдарламасын жүзеге асыруды одан әрі жалғастыратын боламыз. Бүгінде Мерке-Шу-Бурылбайтал автомобиль жолының 262 шақырымының құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың соңына дейін аталған автожол құрылысын бір бағытта аяқтау жоспарлануда. Аудан әкімдері мен жауапты тұлғалар құрылыс жұмыстарының сапасын қадағалауы тиіс, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Облыс әкімі қазіргі таңдағы цифрландыруға қатысты мәселелерді жою, барлық азаматтардың интернетке қол жетімділігін қамтамасыз ету бойынша ауқымды жұмыстардың күтіп тұрғандығына тоқталды.

    — Президент мемлекеттік қызметтегі қағазбастылық мәселесін жою керектігін нақты айтты. Көптеген процестер толығымен цифрландырылатын болады. Біз оған дайындықты қазірден бастауымыз керек. Мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысында Президенттің «адамдар емес, мәліметтер жүгіруі керек» дегенін негізге алып отыруы тиіс, — деді облыс әкімі.

    Бүгінде қашықтықтан оқытуға байланысты цифрландыру мәселелері де өзекті болып отыр.

    — Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біздің облыста әлеуметтік осал отбасылардың балаларын компьютерлік жабдықтармен және жоғары сапалы интернетпен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қабылданды, — деді Бердібек Сапарбаев.

    Жиынға қатысушылар шағын және орта бизнесті қолдау, коммуналдық меншік нысандарын жекешелендіру, экология, «жасыл» экономика, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, мәслихаттардың, Қоғамдық кеңестің жұмысы, көппартиялық жүйені одан әрі дамыту, халықтың өз зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалануы, жеке тұрғын үй құрылысын дамыту, «5-10-25», «Нұрлы жер» бағдарламаларын іске асыру, балалардың қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау мәселелерін талқылады.

    Жолдауды талқылауға саяси партиялардың, бизнес-қауымдастықар мен зиялы қауым, кәсіподақ ұйымдары мен екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

    Облыстың Қоғамдық кеңесінің төрағасы Әмзебек Жолшыбеков, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Махметғали Сарыбеков, кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Мұқаш Ескендіров, «Ауыл» ХДПП филиалының төрағасы Ерболат Саурықов, «Жастар-зерттеу» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Парида Мамедова Жолдауда жүктелген міндеттерді жүзеге асыру жолдары туралы ойларын ортаға салды.

    Бердібек Сапарбаев импорт экспорт

    Оқылып жатыр

    Қазақстан Ресейге электр энергиясын экспорттамақшы

    10/11/2026

    Елдегі бензин мен дизель экспортына тыйым тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    45 млрд теңгенің заңсыз мұнайын елден шығармақ болғандар ұсталды

    21/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстанда банкрот болған адам саны 100 мыңға жуықтады

    12/11/2026

    Сақтандыру компанияларының қаржысы зейнетақы қоры есебінен күрт артты

    12/11/2026

    Мекеме есепшісі 35 млн-ға жуық ақшаны өзіне аударып алған

    12/11/2026

    ҰҚК Самұрық-Қазына мен ҚТЖ басшылары ұсталғанын растады

    12/11/2026

    Құқықты қорғаудың конституциялық жолы

    11/11/2026

    2027 жылы қажылыққа баратын қазақстандықтар саны белгілі

    10/11/2026

    Ел эномикасындағы өсім 10 айда 4,5% болды

    10/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.