Close Menu
    Оқылып жатыр

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Пятница, 6 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

      06/11/2026

      Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

      06/11/2026

      Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

      06/11/2026

      1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

      06/11/2026

      Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

      05/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

    Тоқаев көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың кредитін кешіруді тапсырды

    Ел іші 26/06/2019
    © Тұрар Қазанғапов
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ауыр өмірлік жағдайға қалған отбасылардың кредитін кешіруді тапсырды.

    Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.

    «Үкімет бір жолғы тәртіппен екінші деңгейдегі банктер мен микроқаржы ұйымдарында кепілзатсыз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті келесі талаптарда өтеу жөнінде шаралар қабылдасын:

    1) көп балалы отбасылар, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша төлем алатын отбасылар, мүгедек балалары бар отбасылар, 18 жастан асқан бала жасынан мүгедектер, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар; кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар аталған қарыздар бойынша борышкерлер болып табылады;

    2) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша қарыз бойынша жалпы берешек 3 000 000 (үш миллион) теңгеден аспайды;

    3) 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша негізгі борыш пен ол бойынша есептелген сыйақыдан тұратын өтелетін берешектің мөлшері бір қарыз алушыға 300 000 (үш жүз мың) теңгеден аспайды», — делінген қаулыда.

    Президент Үкіметке және Ұлттық Банкке тапсырма берді:

    1) 2019 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша банктерде және микроқаржы ұйымдарында кепілсіз тұтынушылық қарыздары бар Қазақстан азаматтарына есептелген айыппұлдар мен өсімдерді есептен шығару жөнінде шаралар қабылдасын;

    2) Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент және облыстардың әкімдерімен бірлесіп, осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де шаралар қабылдасын.

    3) Ұлттық банк қаржы ұйымдарының жауапкершілігін күшейту жөніндегі реттеушілік сипаттағы шаралар кешенін қабылдасын.:

    1. 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар жеке тұлғалардың барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздары бойынша кредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты тұрақсыздық айыбын, комиссияларды және өзге де төлемдерді есептеуге тыйым салу;

    2. табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз беруге тыйым салу;

    3. кепілсіз тұтынушылық заемдарды беру кезіндегі қосымша реттеу шаралары.

    Жарлықтың орындалуын бақылау Президент Әкімшілігіне жүктелген. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Оқылып жатыр

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Баға мен әлемдік нарықтың құбылуы: Теңге неге нығайды?

    29/10/2026

    Ұлттық банк базалық мөлшерлемені азайтты

    23/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Елдегі бензин мен дизель экспорты тағы алты айға ұзарды

    06/11/2026

    Жетісу университеті әлемдегі жетекші оқу орындарының бірімен меморандумға отырды

    06/11/2026

    Ең үздік құсбегілер Алматы облысына жиналды

    06/11/2026

    1,5 жылда болмаған құлдырау: АҚШ қор биржасында не болып жатыр?

    06/11/2026

    Ақау шыққан ұшақ 100-ден астам жолаушыны Қытайда күттіріп қойды

    05/11/2026

    Жетісу университеті халықаралық марапатқа ие болды

    04/11/2026

    JOLSAPA жол диагностикасына жапон тәжірибесін тартты

    03/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.