Close Menu
    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 14 октября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

      12/10/2026

      Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

      12/10/2026

      Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

      12/10/2026

      Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

      12/10/2026

      Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

      12/10/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    Трамптың бір ауыз сөзі мұнай бағасын арзандатты

    Жаңалықтар 21/05/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен келіссөздер туралы мәлімдемесінен кейін мұнай бағасы күрт құлдырады, деп хабарлайды Tarazy.kz

    20 мамырдағы сауда-саттық барысында мұнай бағасы бір күнде шамамен 6 пайызға төмендеген. Бұған Трамптың Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздердің соңғы кезеңге жақындағанын мәлімдеуі себеп болған. Бұл туралы Yahoo Finance жазды.

    Атап айтқанда, шілде айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 5,89 долларға, яғни 5,66 пайызға арзандады. Нарық қатысушылары Иран мұнайының әлемдік нарыққа қайта оралуы мүмкін екенін және Ормуз бұғазының ашылуы ықтимал екенін айта бастаған.

    Трамп Иранмен келіссөздердің шешуші кезеңіне жеткенін айтып, Тегеранның әрекетін «ақылға қонымды» деп бағалаған. Сондай-ақ ол бейбіт келісімге келу үшін Иранға келесі аптаның басына дейін уақыт берілуі мүмкін екенін жеткізді.

    Айта кетейік, АҚШ пен Иран арасындағы қақтығыс Ормуз бұғазындағы жағдайды күрделендірген еді. Әлемдегі мұнай мен сұйытылған газдың шамамен бестен бірі дәл осы стратегиялық бағыт арқылы тасымалданады.

    Сонымен қатар мұнай бағасына НАТО елдерінің де ықпалы тиген. Қазіргі таңда альянс елдері Ормуз бұғазы жабық күйінде қалса, шілде айынан кейін сауда кемелерін әскери сүйемелдеу мәселесін талқылап жатыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл Парсы шығанағындағы мұнайдың бір бөлігін қайтадан әлемдік нарыққа шығаруға мүмкіндік беруі мүмкін.

    Дегенмен мамандар әлемдік мұнай нарығындағы тапшылық жақын арада жойылмайтынын айтады. Халықаралық энергетика агенттігінің мәліметінше, наурыз-сәуір айларында әлемдік қор күн сайын шамамен 4 миллион баррельге қысқарған.

    Сарапшылардың болжамынша, соғыс жақын арада аяқталған күннің өзінде, мұнай нарығындағы айтарлықтай тапшылық кем дегенде қазан айына дейін сақталуы мүмкін.

    Ал Goldman Sachs дерегіне сәйкес, Парсы шығанағындағы мұнай өндірісі тәулігіне 14,5 миллион баррельге дейін төмендеген. Дағдарыс басталғалы бері әлемдік қоймалардан шамамен 500 миллион баррель мұнай алынған. Маусым айына қарай бұл көрсеткіш 1 миллиард баррельге жетуі мүмкін.

    мұнай Трамп экономика

    Оқылып жатыр

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Қазақстан әлемдегі ең ықпалды мемлекеттер қатарында

    12/10/2026

    Алаяқтарға алданған азаматтарға 5,9 млрд теңге қайтарылды

    12/10/2026

    Қазақстанда смартфондарды верификациялау жеңілдеді

    12/10/2026

    Шымкенттегі Қайрат Нұртас концерті үлкен шумен аяқталды

    12/10/2026

    Алматы тұрғынан үйінен ұрлап шығып, өлтіріп кеткен

    12/10/2026

    Қымбат үй мен көлік — тексеріске негіз болмақ

    10/10/2026

    АҚШ президенті ғылымды дамытуға 100 млн$ бөлді

    08/10/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.