Close Menu
    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Среда, 22 июля
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

      21.07.2026

      АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

      21.07.2026

      Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

      21.07.2026

      Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

      20.07.2026

      Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

      17.07.2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07.07.2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29.06.2026

      Райымбек ауданында ауқымды ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

      13.06.2026

      «Көлсай көлдері» МҰТП Алматы қаласында ауқымды экологиялық акция ұйымдастырды

      19.05.2026

      Ұшқан ұяға тағзым: Қалижан Құлманов туған мектебіне құнды мұра тарту етті

      13.05.2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    Жетісу университетінің цифрлық трансформациясы

    Жаңалықтар 13.01.2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда жарияланған «Қазақстан жаңғырудың жаңа кезеңіне қадам басты» атты сұхбатында Қазақстанның цифрлық державаға айналуы – уақыт талабы деп, жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ел дамуының құрамдас бөлігі ғана емес, ұлттық бәсекеге қабілеттіліктің берік негізі екенін айрықша атап өтті, деп хабарлайды Tarazy.kz

    Қазіргі таңда цифрландыру экономика, мемлекеттік басқару және қоғам өмірінің барлық саласына терең еніп, ұлттық дамудың стратегиялық факторына айналып отыр.

    Жетісу университеті тірек жоғары оқу орны ретінде өңірдегі білім берудің цифрлық экожүйесін қалыптастыруда жетекші рөл атқарады. Университетте еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін арттыруға, сондай-ақ, еңбек нарығында сұранысқа ие IT және жасанды интеллект саласының білікті кадрларын даярлауға бағытталған кешенді жұмыстар жүзеге асырылуда.

    Қазіргі таңда Жасанды интеллект бағыты бойынша 7 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылып, онда 6805 студент оқыды. Huawei платформасында 6 000-нан астам, Coursera платформасы арқылы 7 427 тыңдаушы білім алды. Сонымен қатар 367 педагог жасанды интеллект саласы бойынша біліктілігін арттырды. Студенттер «Жас ғалым», «StartUp» бағдарламалары мен жалпыуниверситеттік конкурстар аясында жобалар әзірлеп, компьютерлік желілер, жасанды интеллект, виртуалды шындық, робототехника және мехатроника зертханаларында прототиптер жасайды.

    Қазіргі таңда университетте 5 ЖИ-агент әзірленіп, енгізілді. Олар: «ZU Connect», «ZU AI Game Studio», «ZU Мультимедиа», «ZU Smart Zhetysu цифрлық платформасының көмекшісі» және «ZU Aurora» дауыстық көмекшісі. Алдағы уақытта «AI-Enabled University» тұжырымдамасы аясында жаңа ЖИ-агенттерді әзірлеу жоспарланып отыр.

    Дарынды жастардың шығармашылық және техникалық әлеуетін дамыту мақсатында «AI-Sana Жетісу университеті студенттерінің көзқарасымен: үйренеміз, жасаймыз, болашақты өзгертеміз» тақырыбында конкурс жарияланды. Конкурстың мақсаты – студенттер арасында жасанды интеллект құралдарын кеңінен насихаттау, үздік жобаларды анықтап, қолдау көрсету.

    Университетте әзірленген «Smart Zhetysu» цифрлық платформасы негізгі үдерістерді цифрландыруға, автоматтандыруға және оңтайландыруға бағытталған. Бұл платформа арқылы білім алушылар онлайн режимде жатақханадан орын алу, ауысу, апелляция, жазғы семестр, академиялық демалыс, оқудан шығару, бос білім беру гранттары конкурсына қатысу бойынша өтініш бере алады, сондай-ақ «one click» форматында түрлі анықтамалар алады.

    Оқытушылар мен қызметкерлер үшін жеке кабинеттер, корпоративтік мессенджер, ғылыми қызметті жоспарлау және есепке алу құралдары қолжетімді. Электрондық кітапхана мен каталогқа еркін қол жеткізу қамтамасыз етілген. «Smart Zhetysu» платформасы үнемі жетілдіріліп отырады. Бұл көрсеткіштер жасанды интеллектіні меңгерудің айқын дәлелі.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен 2026 жыл «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» деп жарияланды.

    Бұл шешім еліміздің барлық саласында, соның ішінде білім мен ғылымда жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуді жеделдетуге бағытталған маңызды қадам болып отыр.

    Бұл тәжірибе еліміздегі университеттердің білім беру жүйесін жаңғыртып, студенттердің мүмкіндіктерін кеңейтіп, жоғары білімнің трансформациясына нақты серпін береді.

    Жетісу университеті білім беру мен ғылымдағы белсенділігін арттырып, жасанды интеллект арқылы жоғары білімнің жаңа дәуіріне жол салуда.

    Жетісу университеті

    Оқылып жатыр

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026
    Соңғы жаңалықтар

    Жазғы аллергия мезі етті ме? Мамандар кеңесін тыңда!

    21.07.2026

    АҚШ пен Иранға 10 күнге соғысты тоқтата тұру ұсынылды

    21.07.2026

    Қазақстанда көлік алу жеңілдейді: Үкімет жаңа талаптар енгізбекші

    21.07.2026

    Смағұлов енді «Астана» атты автобустар шығармақшы

    21.07.2026

    Тоғызқұмалақ ойының жаңа платформасы іске қосылды

    20.07.2026

    Қазақстан мен Қытай жоғары технологиялық өндіріс бойынша келісім жасасты

    17.07.2026

    6505 әскери бөлімінде 400-ге жуық жас сарбаз әскери ант қабылдады

    15.07.2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.