Close Menu
    Оқылып жатыр

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Facebook X (Twitter) Instagram
    Tarazy.KZ
    Вторник, 3 ноября
    • Басты
    • Жаңалықтар

      Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

      03/11/2026

      Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

      03/11/2026

      Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

      03/11/2026

      Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

      02/11/2026

      Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

      02/11/2026
    • Саясат
    • Таңдаулы
      • Экономика
      • КӘСІПКЕР
      • Фотобанк
    • Қоғам
    • Өңір тынысы

      Алматыда 172 адам әкімдіктен жалға алған пәтерді басқа адамдарға берген

      30/09/2026

      Жоқ пәтерді жалға берген ақтөбелік сотталды

      03/09/2026

      Алматының Төле би көшесінде қозғалыс шектеледі

      03/09/2026

      Жаз ортасы Өскеменде әлеуметтік көмір сатыла бастады

      07/07/2026

      Төле би көшесінің құрылысы тұрақты бақылауда: жаңа жол сапасы қадағаланып жатыр

      29/06/2026
    • Сізге керек
      • Ел іші
      • Жаһан
      • Спорт
      • Мәдениет
    Tarazy.KZ
    Home » Жылына 3 млн долларға жуық: Сингапур премьерінің жалақысы өсті

    Жылына 3 млн долларға жуық: Сингапур премьерінің жалақысы өсті

    Жаңалықтар 11/09/2026
    Share
    Facebook Telegram WhatsApp Copy Link

    Сингапур премьер-министрі Лоуренс Вонгтың жылдық еңбекақысы 1,6 еседен астам өсіп, 3,6 млн сингапур долларына, яғни шамамен 2,85 млн АҚШ долларына жетеді. Бұған дейін ол жылына 2,2 млн сингапур долларын алып келген, деп хабарлайды Tarazy.kz

    CNBC мәліметінше, бұл шешім елдегі министрлердің жалақысын көтеру аясында қабылданған. Сингапур билігі саяси қызметкерлердің еңбекақысын кейінгі 15 жылда алғаш рет қайта қарап отыр.

    Премьер-министрдің жаңартылған табысы тұрақты және қызмет нәтижесіне байланысты өзгермелі төлемдерден құралады. Алайда Лоуренс Вонг алдағы бес жыл бойы жалақысына қосылған үстемеақының барлығын қайырымдылыққа жұмсауға уәде берді.

    Жаңа есеп бойынша, төменгі деңгейдегі министрдің жылдық еңбекақысы 1,1 млн-нан 1,8 млн сингапур долларына дейін көтеріледі. Ал премьер-министрдің табысы осы көрсеткіштен екі есе жоғары болып белгіленген.

    Сингапурда саясаткерлердің жалақысы жеке сектордағы табыспен салыстырыла есептеледі. Атап айтқанда, министрдің базалық еңбекақысы ең жоғары табыс табатын мың азаматтың медианалық кірісінен 40 пайызға төмен деңгейде бекітіледі.

    15 қазаннан бастап қазіргі саяси лауазым иелеріне еңбек нәтижесі, атқаратын міндеті және жалақысының соңғы рет қашан өзгертілгені ескеріліп, 9 пайызға дейін біржолғы үстемеақы беріледі. Кейінгі өсім әр шенеуніктің жұмыс көрсеткішіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.

    Сингапур билігінің түсіндіруінше, жоғары еңбекақы мемлекеттік қызметке бизнес, қаржы және өзге де табысы мол салаларда жұмыс істей алатын білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.

    Лоуренс Вонг әлемдегі ең жоғары жалақы алатын үкімет басшыларының бірі саналады. Салыстыру үшін, Швейцария президентінің жылдық табысы шамамен 600 мың, Австралия премьер-министрінікі 450 мың, ал АҚШ президентінікі 400 мың долларды құрайды.

    жалақы Премьер-министр Сингапур

    Оқылып жатыр

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026
    Соңғы жаңалықтар

    Самараға жасалған соққы Қазақстан мұнай тасымалының бағытын өзгертті

    03/11/2026

    Қазақстанда 500-ге жуық жаңа дәрі-дәрмек шығармақшы

    03/11/2026

    Қазақстан қыркүйек-қазанда астық экспортын арттырды

    03/11/2026

    Кәсіпкер Қайрат Реимов құрған балалар футбол командасы Шымкентте жеңіске жетті

    02/11/2026

    Мәслихат сайлауына бюджеттен 35,8 млрд теңге бөлінді

    02/11/2026

    Ташкентте қазақстандық футболшылар уланып ауруханаға түсті

    02/11/2026

    Бақыланатын мобильді аударымдар шегі өзгерді

    02/11/2026

    Tarazy.kz — Қазақстандағы заманауи ақпараттық-сараптамалық портал, өз оқырмандарына сенімді әрі кәсіби жаңалықтар мен талдау материалдарын ұсынуға бағытталған.

    Байланыс

    Мекен-жайымыз: ҚР, Алматы қаласы Алатау ауданы 20-шағынаудан, 24 үй

    Тел.: 8 705 254 10 60

    Email: trabzonaskim@mail.ru

    Әлеуметтік желі
    Facebook Instagram YouTube WhatsApp TikTok Telegram
    © 2026 Tarazy.kz ақпараттық порталы. Designed by Tarazy.kz.
    • Басты
    • Бізбен байланыс
    • Жарнама
    • Біз туралы
    • Саясат
    • Экономика

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.