Иракта мешітке жиналған 31 адам қаза тапты

0

Ирактың Кербела қаласында Ашура күні мерекесі қайғылы оқиғамен аяқталды, – деп хабарлайды «Хабар 24».

Жергілікті мешітке жиналған жұрт дүрлігіп, 31 адам ажал құшты. Қыспақ салдарынан тағы жүздеген азамат жарақат алған. Мешітте құлшылық етушілердің бірі сүрініп, адамдар бір-бірін мыжып-жанши бастады.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің мәлімдеуінше, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы өте ауыр. Сондықтан қаза тапқандар саны әлі де артуы мүмкін.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.