Залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда

0

Елімізде әлемді жаппай жайлаған қауіпті індет тіркелгелі бері төтенше жағдай жарияланғаны белгілі. Сақтық шаралары күшейтіліп, қажетті барлық жұмыстар жоспарлы түрде жүргізілуде. Соның бірі – заласыздандыру жұмыстары.

Аудан әкімдігі мен шаруа қожалықтар бірлесіп, 17 ауыл шаруашылығы техникалары мен жүзден астам адам жұмыслдырылған заласыздандыру жұмыстары жүргізілді. «Рауан», «Байзақ дезинфекция» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, «Ветеринариялық қызмет» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Манат», «Жетітөбе», «Шарипов», «Казаки», «Әлихожа» шаруа қожалықтары бірлесе атсалысқан шараға 17 дана техника, 2 дана дезинфекциялық қондырғы, 1 дана су тасушы, 14 дана трактор, 34 дана дезинфекциялауға арналған бүріккіш жұмыслдырылды.

Нәтижесінде аудан аумағындағы 43 елді мекен қамтылып, ондағы 176 көше мен 51 аялдама және 94 әлеуметтік нысандарға күніне екі мәрте залалсыздандыру жұмыстары жүргізілуде.

Мамандар осы бағыттағы заласыздандыру жұмыстары тұрақты жүргізілетіндігін айтады. Қазіргі жағдай кезінде тазалық шаралары күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Ауданымызда коронавирус індетіне қарсы заласыздандыру жұмыстары жүйелі жалғасуда.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.