Шу қаласында «Домбыра күні» қалай өтті?

0

Бүгін, асыл мұрамыз, ұлттық рухымыз бен салт -санамызға тән қасиетті «Домбыра күні!» Қазақстанның барлық түкпірінде, облыс орталықтарында, қалаларда, аудандар мен ауылдарда да бүгін дәл осылай Домбыра мерекесі тойланып жатыр.

Домбыра – қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы деп айтуға болады. Ол Ұлы Даланың төсінде ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасап келе жатқан қасиетті домбыра құдіретті аспап.

Қазақтың елдігін, кеңдігін айқындайтын ұлттық мерекемізге орай Шу аудандық мәдениет үйінің «Шу еркесі»халықтық ән-би ансамблінің орындауында Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Сүгірдің «Бозінген», Н.Тлендиевтің «Мұрагер»күйлері орындалды.

Мақсаты: мәдени сауатты, қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін, құрметтейтін, өресі биік, халқымыздың ұлттық аспабы домбыраны қастерлейтін ұрпақ тәрбиелеу.

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.